Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 3 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5157 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Агенттік Басқармасының»"Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2953 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы маусым, N 15, 105-құжат) Агенттік Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4681 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінде:
 

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) әлеуметтік жеке коды және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);";
 

      5-тармақтың бірінші сөйлемі "зейнетақы шоты" деген сөздерден кейін "зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасқан күні" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына сома келіп түскенде, қор келіп түскен соманы оның келіп түскен күнінің басындағы ағымдық құны бойынша шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді. Қор салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы соманы есептен шығару бойынша операцияларды есептен шығару күнінің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша жүзеге асырады.
      9. Қорлардың шартты бірліктің ағымдағы құнын есептеуі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 223  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4480 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес формула бойынша жүргізіледі.";
 

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Қор заңсыз есепке алынған зейнетақы жарналары мен жинақтарының сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 3,5 есе кері қаржыландыру ставкасы мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын өз қаражаты есебінен бір жолғы төлем жасау арқылы заңсыз қолданудың әрбір күні үшін заңсыз есепке алынған зейнетақы жарналары мен жинақтарын қайтаруды жүзеге асырады.".
 

      2. Осы қаулының 2008 жылғы 1 сәуірден қолданысқа енгізілетін 1-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Стратегия және талдау департаментi (Г.А. Ділімбетова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына мәлімет үшін жіберсін.
 

      4. Агенттіктің Төрайымының қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төрайым

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июня 2004 года N 153 "Об утверждении Правил по ведению учета пенсионных накоплений на индивидуальных пенсионных счетах вкладчиков (получателей) в накопительных пенсионных фондах"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 января 2008 года N 3. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 03 марта 2008 года N 5157. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 октября 2014 года № 196

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 196.

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность накопительных пенсионных фондов, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление Правления Агентства от 12 июня 2004 года N 153 "Об утверждений Правил по ведению учета пенсионных накоплений на индивидуальных пенсионных счетах вкладчиков (получателей) в накопительных пенсионных фондах" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2953, опубликованное в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, июнь 2005, N 15, ст. 105), с изменениями и дополнениями, внесенными  постановлением Правления Агентства от 30 апреля 2007 года N 115 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4681),  постановлением Правления Агентства от 28 мая 2007 года N 155 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4803) следующие изменения и дополнения:
      в  Правилах по ведению учета пенсионных накоплений на индивидуальных пенсионных счетах вкладчиков (получателей) в накопительных пенсионных фондах, утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 4) пункта 4 изложить в следующей редакции:
      "4) социальный индивидуальный код и (или) индивидуальный идентификационный номер (при наличии);";
      предложение первое пункта 5 после слова "открываются" дополнить словами "в день заключения договора о пенсионном обеспечении";
      пункты 8, 9, 13 изложить в следующей редакции:
      "8. При поступлении сумм на индивидуальный пенсионный счет вкладчика (получателя) фонд поступившую сумму пересчитывает в эквивалентное количество условных единиц по текущей стоимости на начало даты поступления сумм. Операции по списанию сумм с индивидуального пенсионного счета вкладчика (получателя) осуществляются фондом по текущей стоимости условной единицы на начало даты списания.
      9. Расчет фондами текущей стоимости условной единицы производится по формуле в соответствии с пунктом 10 Инструкции о нормативных значениях пруденциальных нормативов, методике их расчетов для организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, утвержденной постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 октября 2006 года N 223 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4480).";
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      "13. Фонд осуществляет возврат неправомерно зачисленных пенсионных взносов и накоплений с одновременной уплатой за счет собственных средств неустойки в размере 3,5- кратной ставки рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан от суммы неправомерно зачисленных пенсионных взносов и накоплений за каждый день неправомерного использования.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, за исключением абзаца восьмого пункта 1 настоящего постановления, который вводится в действие с 1 апреля 2008 года.

      3. Департаменту стратегии и анализа (Дилимбетова Г.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", накопительных пенсионных фондов.

      4. Службе Председателя Агентства принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Узбекова Г.Н.

       Председатель