Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының»"Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2953 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы маусым, N 15, 105-құжат) Агенттік Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4681 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінде:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әлеуметтік жеке коды және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);";
5-тармақтың бірінші сөйлемі "зейнетақы шоты" деген сөздерден кейін "зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасқан күні" деген сөздермен толықтырылсын;
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына сома келіп түскенде, қор келіп түскен соманы оның келіп түскен күнінің басындағы ағымдық құны бойынша шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді. Қор салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы соманы есептен шығару бойынша операцияларды есептен шығару күнінің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша жүзеге асырады.
9. Қорлардың шартты бірліктің ағымдағы құнын есептеуі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 223 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4480 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес формула бойынша жүргізіледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қор заңсыз есепке алынған зейнетақы жарналары мен жинақтарының сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 3,5 есе кері қаржыландыру ставкасы мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын өз қаражаты есебінен бір жолғы төлем жасау арқылы заңсыз қолданудың әрбір күні үшін заңсыз есепке алынған зейнетақы жарналары мен жинақтарын қайтаруды жүзеге асырады.".
2. Осы қаулының 2008 жылғы 1 сәуірден қолданысқа енгізілетін 1-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаментi (Г.А. Ділімбетова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Төрайымының қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төрайым