Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.04.2016 № 273 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сапарбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
төрағасы
________________ А.Ғ. Сәйденов
2008 жылғы 2 сәуірде
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 72-ө бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын
мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану
ережесі
1. Осы Ереже " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз әрі қамқорлыққа мұқтаж деп танылған, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі - зейнетақы төлемдері) мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын (бұдан әрі - жәрдемақылар) пайдаланудың тәртібін айқындайды.
2. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз әрі қамқорлыққа мұқтаж деп танылған мүгедектердің (бұдан әрі - қамқорлықтағылар) зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінші басшысы (бұдан әрі - қамқоршы) екінші деңгейлі банктерде (бұдан әрі - банк) ашқан қамқорлықтағылардың банктік шоттарына аударады.
3. Қамқорлықтағыға банктік шоттарды ашу үшін қамқоршы банк адамды іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің және іс-әрекетке қабілетсіз адамға медициналық-әлеуметтік мекеме басшысының қамқорлығын белгілеу туралы қамқорлық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде көзделген құжаттарды ұсынады.
4. Қамқоршы қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын қамқорлық және қорғаншылық органдарының алдын-ала рұқсат етуімен жұмсайды.
5. Қамқорлықтағының банктік шоттарынан қолма-қол ақшалай қаражат алуды қамқоршы қамқорлықтағының банктік шотына ай сайын келіп түсетін соманың 30 пайызынан аспайтын мөлшерде жүзеге асыра алады.
Қолма-қол ақшаны қамқоршы медициналық-әлеуметтік мекемеде бұлар болмаған жағдайда және медициналық-әлеуметтік мекеменің медициналық қызметкерінің қорытындысының негізінде дәрі-дәрмектер, санитарлық гигиена заттарын және медициналық көмек (оның ішінде стоматологиялық) алуға пайдаланады.
6. Банктік шотта қалған қаражатты қамқоршы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес қамқорлықтағының жеке қажеттілігіне қосымша тамақ, бірінші кезектегі қажет заттарды, жұмсақ және қатты керек-жарақтарды тауарлар мен жұмыстарды, қызметтерді жеткізушімен қамқоршының арасында жасалған шартқа сәйкес тауарлар мен жұмыстарды және қызметтерді жеткізушіге қаражатты есепшот арқылы аудару жолымен пайдаланады.
7. Қамқорлықтағының банктік шотында ай сайынғы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы түсімдерінің он пайыздан (10 %) кем емес мөлшеріндегі сома ай сайын қалып отыруға тиіс.
8. Қамқорлықтағылардың қосымша тамақ, бірінші кезектегі қажет заттарды, жұмсақ және қатты керек-жарақтарды сатып алуға қажеттіліктерін айқындауды қамқоршы ай сайын медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина қызметкерінің, диет-бикесінің, шаруашылық бикесінің, сондай-ақ облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) маманының қатысуымен алқалы негізде жүзеге асырады, бұл туралы осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы шешім жасалады.
9. Қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын қамқоршы сатып алынуы жергілікті бюджет қаражаты есебінен көзделген тамақ, бірінші кезектегі қажет заттарды, жұмсақ және қатты керек-жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге және сонымен байланысты әлеуметтік аударымдарға пайдалана алмайды.
Қамқорлықтағылар төсек орын, кереуеттер, үстелдер, орындықтар,
шкафтарды бүлдірген жағдайда, оларды сатып алуды пайдалану мерзімі аяқталмай жүзеге асыруға болады.
10. Қамқорлықтағылардың банктік шоттарынан қосымша тамақ, дәрі-дәрмектерді, бірінші кезектегі қажет заттарды, жұмсақ және қатты керек-жарақтарды, санитарлық гигиена заттарын және медициналық көмекті сатып алуға жұмсалған шығыстар жөніндегі мәліметтер осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес журналда көрсетіледі.
11. Жыл ішінде қосымша тамақ, бірінші кезектегі қажет заттарды, жұмсақ және қатты керек-жарақтарды сатып алу қажеттігі туралы шешімдер, сондай-ақ қамқорлықтағылардың ақшалай қаражатын пайдалану жөніндегі шығыс құжаттары (түбіртектер, чектер, шарттар және басқа да қаржы құжаттары) іс-қағаздарында (есепті кезеңнің айлары бойынша бөлек) қалыптастырылады.
Көрсетілген құжаттар медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтериясында бес жыл бойы сақталады.
12. Қамқоршы қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысандағы есепті уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін ұсынуға тиіс.
13. Қамқоршының қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларының, сондай-ақ осы Ереженің 5-тармағына сәйкес банктік есепшоттан алынатын қолма-қол ақша сомасы мөлшерінің және осы Ереженің 7-тармағына сәйкес банк шотындағы қалған қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекемелерде тұратын мүгедектердің
зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларын
пайдалану ережесіне
1-қосымша
Жұмсақ және қатты керек-жарақтар
1. Жұмсақ керек-жарақ:
1.1 Киім:
1) пальто, күрте;
2) плащ, жел өткізбейтін күрте;
3) костюм;
4) спорт костюмі, трико;
5) шалбар, джинсы;
6) көйлек, сарафан, халат;
7) юбка;
8) блузка;
9) свитер, жәкет, жемпір, кеудеше, трикотаж жаймадан тігілген желетке.
1.2. Іш киім:
1) сыртқы жейде;
2) түнде киетін жейде, пижама;
3) трусы, панталондар, кальсоны;
4) майка, футболка,
5) мақта матадан және иілімді трикотажды жаймадан жасалған киім-кешек заты (бюстгальтер).
1.3. Орамал-мойын бұйымдары және бас киімдер:
1) мойын орамал;
2) малақай, берет;
3) панама, фуражка, күнқағар;
4) әйелдердің басқа тағатын орамалы;
5) тақия;
6) қолғап, биялай.
1.4. Шұлық-ұйық бұйымдары
1) колготка, шұлық;
2) ұйық, қысқа шұлық;
3) рейтуза, гамаш.
1.5. Аяқ киім:
1) қысқы етік, киізден жасалған аяқ киім;
2) пима;
3) маусымдық етік;
4) қысқа етік;
5) бәтеңке, ерлерге арналған туфли;
6) қысқа бәтеңке;
7) әйелдерге жалаңаяқ киетін жазғы аяқ киім, туфли;
8) сандалиялар;
9) спорттық аяқ киім;
10) бөлмеде киетін башмақ;
11) сланцы.
1.6. Төсек-орын жабдықтары:
1) ақ жайма;
2) сейсеп;
3) жастық тысы;
4) матрац (соның ішінде басылып қалмайтын матрац)
5) жастық;
6) көрпе.
2. Қатты керек-жарақтар:
1) кереует, көп қызметті кереует;
2) үстел;
3) орындық;
4) орындық-горшок;
5) шкаф.
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекемелерде тұратын мүгедектердің
зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларын
пайдалану ережесіне
2-қосымша
Қосымша тамақ, бірінші кезектегі қажет заттарды,
жұмсақ және қатты керек-жарақтарды сатып алу
қажеттілігі туралы
ШЕШІМ
200__ жылғы___________ N ___________
Қамқорлықтағылардың қосымша қажеттіліктерін ескере отырып комиссия былай деп ШЕШТІ:
Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын:
Қамқорлықтағының Т.А.Ә. |
Жұмсалатын шығынның мақсаты |
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекеменің басшысы (қамқоршы) ____________ ____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекеменің медициналық қызметкері ____________ ____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
әлеуметтік мекеменің диет-бикесі ____________ ____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекеменің шаруашылық бикесі ____________ ____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Уәкілетті органның өкілі ____________ ____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекемелерде тұратын мүгедектердің
зейнетақылары мен мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану
ережесіне 3-қосымша
Қамқорлықтағылардың қаражаты есебінен қосымша тамақ,
дәрі-дәрмек, бірінші кезекте қажетті заттар, жұмсақ және
қатты керек-жарақтар, санитарлық гигиена және медициналық
көмек құралдарын сатып алу жөніндегі шығыстар
есебінің журналы
Р/с |
Қамқорлықта- |
Шығыстар |
Шығыстардың түрлері |
кестенің жалғасы
Шығыстар |
Қаражатты |
Негіздеме |
Қамқоршының |
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекемелерде тұратын мүгедектердің
зейнетақылары мен мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану
ережесіне 4-қосымша
Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері
мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын
пайдалану туралы 200__ жылғы ________________
_____________________________________________ бойынша есебі
(мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеменің
атауы, мекен-жайы)
теңге
Р/с |
Қам- |
Қамқор- |
Есеп- |
Есепті кезеңде |
Қамқорлық- |
||
Барлы- |
Оның ішінде |
||||||
Қолма |
Қолма |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
БАР- |
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекеменің басшысы _______________ __________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекеменің бухгалтері _______________ __________________
(қолы) (Т.А.Ә)
М. О.