Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Бұйрықтың атауына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы ереженің жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.
2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 287 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы
N 266 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу
ережесі
Ескерту. Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Ереже1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.
2. Осы Ережеде Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
4. Банктiк шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Ереженің 37-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі.
Ағымдағы және жинақ шоттары - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары.
Корреспонденттiк есепшоттар - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк есепшоттары.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.01.24 N 2; 2009.08.24 N 85; 2011.09.30. N 132қаулыларымен.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде банктiк есепшоттар ашу тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
6. Корреспонденттiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
6-1. Клиентке банктік шотты ашу банк «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) сәйкес тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жүргізіледі.
Банктік шоттарды ашудан бас тарту Салық кодексінде, Төлемдер туралы заңда, Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған не клиент пен банктің арасында мәміле жасалмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
1-1. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы
Ескерту. 1-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.10.24. N 123 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
7-1. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды.
Клиентке банктік шотты ашқан не клиент банкке өтініш жасаған кезде оны ашқаннан кейін банк клиентке жазбаша немесе электрондық нысанда растауды береді, онда, банктік шоттың нөмірі шартта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттың нөмірі көрсетіледі.
Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.
Ескерту. 7-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7-2. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді. Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген.
2. Банктiк шот шарты бойынша ағымдағы шоттар ашу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы шот ашқан кезде банк клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттiң нұсқауын орындауға және банктiк есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.01.24 N 2; 2009.08.24 N 85 қаулыларымен.
9. Банктік шот шартында:
1) шарттың мәні;
2) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
3) қосылу шартын қоспағанда, клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі;
4) банктегі ақшаға иелік ету тәртібі;
5) банктің қызметтерді көрсету талаптары және оларға ақы төлеу тәртібі;
6) клиенттің банктік шотты жабу туралы өтініші негізінде банктік шотты жабу мерзімі қамтылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
11. Банк шотын ашу үшін клиент мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалар және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат;
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;
филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;
бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсаты - мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін;
2) Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғалар үшін:
жеке басын куәландыратын құжат;
3) Қазақстан Республикасының резиденті-дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіпқой медиаторлар үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат;
жеке басын куәландыратын құжат;
нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі - жекеше нотариустар үшін;
адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі - адвокаттар үшін;
атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі - жеке сот орындаушылары үшін;
медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі - кәсіпқой медиаторлар үшін;
4) Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат;
резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;
уәкілетті орган берген, есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу туралы анықтамасы, сондай-ақ мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жазылған тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереже не оның нотариат куәландырған көшірмесі және Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі-резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін;
сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен белгіленген тәртіппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушысының біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;
қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғалар үшін:
жеке басын куәландыратын құжат;
резидент еместің салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының резиденті емес дара кәсіпкерлер үшін;
жеке басын куәландыратын құжат;
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгісі және мөр бедері бар құжат;
7) шаруа (фермер) қожалықтары үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат;
8) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген таратылатын клиенттің тарату комиссиясының қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;
банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы сот шешімінің не акционерлердің жалпы жиналысының көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк және өзге де операцияларды жүргізуге не сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;
9) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат;
дипломатиялық және консулдық өкілдіктің тіркелуін растау туралы нотаның көшірмесі;
резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын тіркеу куәлігінің көшірмесі;
қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11-1. Мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін клиенттің талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына ағымдағы шотты ашқан кезде клиент осы Ереженің 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды, сондай-ақ ағымдағы шоттың мақсаты - жеке тұлғаға мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару көрсетілетін клиенттің өтінішін ұсынуы тиіс.
Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.03.25 N 24 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11-2. Жеке тұлғаның (бұдан әрі – өкіл) клиент-жеке тұлғаның атына ағымдағы шотты ашуы үшін өкіл банкке осы Ереженің 11-тармағының 2) немесе 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:
1) заңнамаға сәйкес уәкілетті тұлғаға (ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдерге) сенімхатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы шотты ашу және (немесе) иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат.
Ескерту. 2-тарау 11-2-тармақпен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.09.30. N 132, 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) Қаулыларымен.
11-3. Жеке тұлға клиентке банк шотын ашу кезінде банк жеке тұлға клиентке осындай клиент ұсынған мәліметтер негізінде салық резиденттігін белгілейді.
Ескерту. 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 16.07.2014 N 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Банктік салым шарты бойынша жинақ шоттарын ашу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде банк салымшыдан ақша (салым) қабылдауға, ол бойынша банктiк салым шартына көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және де салымның осы түрi үшiн заң кесiмдерiнде және банктiк салым шартында көзделген талаптармен және тәртiппен салымды қайтаруға мiндеттенедi.
Ескерту. 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысымен.
13. Банктiк салым шарты бойынша жинақ шотын ашқан кезде ақшаны (салымды) салымшының өз атына не белгiлi бiр үшiншi адамның атына салуға болады, олар бұдан былай банктiң клиенттерi болып табылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
14. Банктік шот шартында:
1) шарттың мәні;
2) жинақ шотын ашу кезінде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, клиенттің реттеуші орган берген құжатта көрсетілген сәйкестендіру нөмірі;
3) клиенттің жеке сәйкестендіру коды;
4) банктің қызмет көрсету талаптары және олар үшін ақы төлеу тәртібі қамтылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. Банктiк салым шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
16. Банктiк салым шарты жасалғаннан кейiн банк салымшының талап етуiмен оған салынған салымды растайтын, банк клиентiнiң атына ресiмделген құжат (салым құжатын) бередi.
Салым құжаты банктiң iшкi ережелерiне сәйкес және оның талаптары негiзiнде берiледi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.04.21 N 140; 2008.06.23 N 49 Қаулыларымен.
17. Жинақ шотын ашу үшін салымшы клиент мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалар және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат;
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;
заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының резиденті-салымшы-жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер үшін:
жеке басын куәландыратын құжат;
3) Қазақстан Республикасының резиденті емес салымшы-заңды тұлғалар және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат;
сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осыған ұқсас сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, белгіленген тәртіппен мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушысының біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;
резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін - уәкілетті орган берген, есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу туралы анықтамасы, сондай-ақ тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған және мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жазылған көшірмесі және Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының резиденті емес салымшы-жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер үшін:
жеке басын куәландыратын құжат;
қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжат.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
18. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынады:
1) заңды тұлға, оның оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):
шотты ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
2) жеке тұлға:
шотты ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған адамдар-клиенттер үшін - туу туралы куәлік;
салымшының жеке басын растайтын құжат.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
19. Заңнамаға не құрылтай құжаттарына сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар заңды тұлға өкiлінің сенімхат ұсынуының керегi жоқ.
Заңнамаға сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар жеке тұлғаның (әке-шешесiнің немесе өзге заңды өкiлдерiнiң) сенiмхат ұсынуының керегi жоқ.
3-1. Банктік шот шарты бойынша жеке нотариустың ағымдағы
шотын ашу және жүргізу ерекшеліктері
Ескерту. 3-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
19-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке нотариус (бұдан әрі - нотариус) борышкерден кредиторға (бұдан әрі - депонент) өткізу үшін депозитке қабылдаған ақшаны сақтау үшін банк банктік шот шарты негізінде нотариуске ағымдағы шот (бұдан әрі - нотариустың депозиті) ашады.
19-2. Банктік шот шартында осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтер, сондай-ақ:
1) жеке тұлға депонентке қолма-қол ақша беру не нотариустың депозитінен заңды тұлға депоненттің банктік шотына ақша аудару көзделетін, нотариустың депозитінен ақша беру шарттары мен тәртібі;
2) банктің Ереженің осы тарауының талаптарын сақтаумен ғана нотариустың депозитінен депонентке ақша беру міндеті көзделетін, нотариустың депозитіндегі ақша жұмсау тәртібі;
3) борышкердің нотариустың депозиті ашылған банкке нотариустың депозитіне ақша енгізу кезінде сыйақы төлеу тәртібі болуы тиіс;
19-3. Нотариус депозит ашу үшін мыналарды ұсынуы қажет:
1) осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат/қол қою үлгісі бар құжат;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжат;
3) нотариат қызметімен шұғылдану құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
4) тиісті округтің нотариат палатасының нотариустың нотариат палатасына мүше болуын растайтын хаты;
5) Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту. 19-3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз); 2011.09.30. N 132; 2012.03.26 № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
19-4. Банкке нотариустың депозитіне ақша енгізуді борышкер қолма-қол ақша жарнасы арқылы не нотариустың депозитке ақша енгізуге келісімі бар, нотариус қол қойған және нотариустың мөрімен расталған, банкке жолданған құжатты банкке ұсыну кезінде қолма-қол емес тәртіппен жүзеге асырады.
19-5. Нотариустың депозитінен ақша беру осы Ережеде және банктік шот шартында көзделген тәртіппен:
1) жеке тұлғаға - қолма-қол ақшамен не депоненттің банктік шотына ақша аудару арқылы;
2) заңды тұлғаға - нотариустың депозитінен депоненттің банктік шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
19-6. Нотариустың депозитінен депонентке ақша беруді не аударуды банк нотариустың жеке тұлға депоненттің аты-жөні, туған жылы не заңды тұлға депоненттің атауы, депонентке төленуі тиісті ақша сомасы, нотариустың ағымдағы шотының жеке бірегейлендіру коды бар өтініші негізінде, мынадай құжаттар қоса беріле отырып жүзеге асырылады:
1) борышкердің нотариустың депозитіне ақша салуын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) депоненттің ақшасы сақталатын депозит ашқан нотариус куәландырған, депоненттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін (егер депонент жеке тұлға болып табылса) көрсете отырып не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттың деректемелерін (егер депонент заңды тұлға болып табылса) көрсете отырып, сондай-ақ депоненттің нотариустың депозитінен ақша алу құқығын растайтын құжаттың атауын көрсете отырып, депоненттің ақша беру туралы өтініші;
3) жеке тұлға депоненттің жеке басын куәландыратын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) жеке тұлға болып табылса) не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) заңды тұлға болып табылса).
Ескерту. 19-6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.06.23 N 49 Қаулысымен.
19-7. Нотариустың атына депозиттің шарттарымен ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтаруды банк сот актісі не нотариустың жеке тұлға борышкердің аты-жөні, туған жылы немесе заңды тұлға борышкердің атауы бар өтініші негізінде мыналарды қоса бере отырып жүзеге асырады:
1) нотариус борышкерге берген, ақша жарнасы туралы түбіртектің көшірмесі;
2) пайдасына ақша енгізілген тұлғаның (депоненттің) депозитке (борышкерге) ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған келісімінің көшірмесі;
3) борышкердің оған ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған өтініші.
4. Банктiк шот ашуға және жүргiзуге қойылатын
жалпы талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20. Клиент бiр банкте (оның филиалдары мен бөлiмшелерiнде) бiрнеше шот ашқан жағдайда, банк шот ашу үшiн көзделген құжаттарды (заңды тұлға клиенттер үшiн – қол қою үлгiлерi мен мөрдің бедері бар құжатты, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын және жеке тұлға клиенттер үшiн – жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда) мынадай жағдайлардың бiрi болса:
1) егер клиент алғашқы шотын ашқан банкте (филиалда, бөлiмшеде) банктiк шот ашатын болса;
2) не, егер клиентке алғашқы шот ашылған банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) осы Ережеге сәйкес банктiк шот ашу үшін қажеттi құжаттардың толық топтамасының бар екенiн растайтын құжаты болса, клиенттiң қайтадан тапсыруын талап етпейді.
Банктің осы банкте ашылған банк шоты бар жеке тұлға клиентке электрондық сандық қолтаңбаны немесе клиенттің динамикалық сәйкестендірілуін пайдалана отырып электрондық түрде жасалған шарт негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты қайтадан ұсынбай, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтай отырып, банк шотын ашуға рұқсат етіледі.
Заңды тұлға клиентке бір банкте (филиалда, бөлiмшеде) қол қою үлгiлерi мен мөрдің бедері бар бір құжат негізінде банкте осы Ережеде көзделген банктiк шот ашу үшін қажеттi басқа құжаттардың болуы, сондай-ақ мынадай талаптардың орындалуы шартымен бірнеше банк шотын ашуға рұқсат етіледі:
банкте (филиалда, бөлімшеде) әрбір клиент бойынша электронды түрде істі қалыптастыру жөніндегі қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – электронды досье) және банкте (филиалда, бөлімшеде) банк шотының болуы туралы ақпарат болуы тиіс;
банк шотын ашу кезінде клиенттің электронды досьесінде өзгерістер болмауы тиіс.
Клиенттiң алғашқы шоты ашылған банктiң басқа филиалында (бөлiмшесiнде) құжаттардың толық топтамасының бар екенiн, оның iшiнде қолда бар құжаттарды электрондық түрде беру жолымен банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) растау тәртібін банк дербес белгiлейдi.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20-1. Клиент - жеке тұлға банктік шотты ашқан кезде, егер банк пен клиент арасындағы банктік қызмет көрсету шартында мұндай талаптар көзделмесе, кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариалдық қызметпен, сондай-ақ жеке сот орындаушысы қызметімен байланысты операциялардың банктік шоты бойынша жүргізілмегені туралы мәліметтер көрсетілетін, банк белгілеген нысан бойынша банктік шот ашу туралы өтініш ұсынады.
Ескерту. Ереже 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.
20-2. Жеке тұлғаны мемлекеттік кіріс органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, кәсіпқой медиатор, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу туралы ақпарат алу үшін банк мемлекеттік кіріс органы ұсынатын салық төлеушілер туралы ақпаратты пайдаланады.
Ескерту. Ереже 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
21. Ашылатын шоттың түрлерiне және клиенттiң құқықтық субъектілігіне қарай, егер бұл Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделсе немесе банк белгiлеген болса, банктің қосымша құжаттар берудi талап етуіне рұқсат беріледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
21-1. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.
21-2. Клиенттер (олардың өкілдері) банкке бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты қоса алғанда, олардың Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген міндеттерін орындауы үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды ұсынады.
Ескерту. Ереже 21-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
22. Шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе жеке-жеке не түпнұсқада клиенттер бойынша құжаттарды бөле отырып жалпы істе сақталуға тиіс. Көшірмелерде клиент ісінде (жалпы істе) сақталатын жеке басты куәландыратын құжаттар, жарғылар, сауда тізілімінен үзінді көшірмелер не ұқсас сипаттағы басқа да құжаттар (оқшауланған бөлімшелер үшін – Ережелер), үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің жүзеге асырылу фактісін растайтын құжаттар, клиенттерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар және банкте операциялар жасау құқығына арналған сенімхаттар кірмейді.
Егер банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) электрондық досье қалыптастыру мүмкіндігі болса, клиенттің түпнұсқалар болып табылмайтын құжаттарының электрондық түрде және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттары қағаз тасымалдағыштарда қосымша сақтамай-ақ сақталуына жол беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
23-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын, шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда, банктер банк шоты ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік кіріс органын хабарламаларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.
Техникалық проблемаларға байланысты осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды ашу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдағышпен жіберіледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24. Уәкiлеттi банкте ашылған резидент емес банктiң корреспонденттiк есепшоты арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемi мен аударымы тек аудару тәртiбiмен жасалады.
25. Банктiк шоттар бойынша үзінді көшiрмелердi беруді банктер шартқа сәйкес жүргізеді. Банктің клиентке оның шоттары бойынша үзінді көшiрмелердi беру (жеткiзiп беру) қызметiн электрондық тәсiлмен немесе шартта көзделген болса, арнайы адам арқылы көрсетуіне рұқсат беріледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
26. Банк есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою немесе банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiне сәйкес банктiк есепшоттарды шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе клиенттiң банктiк есепшотта жатқан ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерi (қаулылары) негiзінде жүргiзiледi.
Уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі банкке түскен кезде банк банктің және оның клиентінің деректемелерін өкімде көрсетілген деректемелермен сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, осыдан кейін осындай шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатады.
Банк клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімін орындамастан, мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) банктің және оның клиентінің деректемелері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операциялар шеңберінде банкке берілген, уәкілетті органның клиенттердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұрын қабылданған өкімдерінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайда;
2) егер клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, «Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе және ұсынылса, тиісті уәкілетті органға қайтарады.
Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банктің клиентіне сәйкес келіп, уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген клиенттің атауы сәйкес келмеген жағдайда банкке электрондық тәсілмен ұсынылған өкімді орындаудан бас тартуға жол берілмейді.
Банк клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шаралар қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органның кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес клиентті терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдардың және тұлғалардың тізбесіне енгізгені туралы ақпаратының негізінде жүргізеді.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85; 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз); 2011.09.30. N 132, 2012.03.26 № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.05.2015 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
27. Банктiк шоттар бойынша операциялар уәкiлеттi органдардың банктiк шоттағы ақшаға тыйым салу немесе банктiк шоттағы шығыс операцияларын (Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын қоспағанда) тоқтата тұру туралы шешiмдерiнiң (қаулыларының) күшiн жою туралы тиiстi жазбаша хабарламалары негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта жүргiзiледi.
Банк шоттары бойынша шығыс операциялары сот шешімінің, мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімдері негізінде, сондай-ақ Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес клиентті терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тасталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
28. Уәкiлеттi органдардың ақшаға тыйым салу туралы шешiмдерi (қаулылары) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жеткiлiксiз болған жағдайда банк осы шешiмдердi (қаулыларды) орындауға кiрiседi де, ақшаға тыйым салу туралы шешiмде (қаулыда) көрсетiлген қажеттi сома жиналғанға дейiн шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Уәкiлеттi органдардың клиенттiң тиiстi есепшоттағы ақшасына тыйым салу туралы шешiмi (қаулысы) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жоқ болған жағдайда, банк мұндай шешiмдi (қаулыны) алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi органдарды мұны орындаудың мүмкiн еместiгi туралы себептерiн көрсете отырып хабардар етедi де осы органдардан ақшаға тыйым салу туралы шешiмдердi (қаулыларды) орындау жөнiндегi iс-әрекеттiң бұдан былай қандай болатынын сұрайды.
29. Уәкілетті органдардың банк шотындағы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері, клиенттің банк шотындағы ақшасына тыйым салу туралы уәкілетті органдардың шешімдері (қаулылары) банкке келіп түскен кезде банк оларды Азаматтық кодексте, Салық кодексінде және Банктер туралы заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда орындайды.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.05.2015 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Қол қою үлгiлерi және мөр бедері бар құжатты ресiмдеу
тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, дара кәсіпкерлер және шаруа (фермер) қожалықтары банкке мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалған, 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші және екінші қол қою үлгісі (үлгілері) және мөр бедері (ол болған кезде) бар құжаттарды ұсынады.
Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіпқой медиаторлар және адвокаттар банкке мемлекеттік тілде және орыс тiлінде жасалған, № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері және мөр бедері (ол болған кезде) бар құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
31. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығы басшыда және/немесе ол уәкiлеттiк берген басқа адамдарда болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге және/немесе басқа уәкiлеттi адамдарға берiледi.
Бұл өкiлеттiктер құрылтай құжаттары негiзiнде не тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары негiзiнде не осындай өкiлеттiктер беруге негiз болған басқа құжаттарға сәйкес берiледi.
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері үшін осы өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімі негізінде беріледі.
Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары үшін осы өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімі негізінде беріледі.
Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығын беруге болатын адам болмаса, банк құжатты тек бiрiншi қол қою үлгiсiмен қабылдайды, бұл туралы осы құжатқа тиiстi жазба жазылады.
Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкiлдiгiнiң мөр таңба белгiсiнiң үлгiсi болуға тиiс (бар болса).
Бұл талап мұндай заңды тұлғалар шыққан ел заңнамасының ерекшелiгiне байланысты мөрi жоқ Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылмайды.
Дара кәсіпкерліктің субъектілері қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатта/қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатта мөр бедерінің болуы не болмауы туралы белгі қояды.
Арнайы мақсаттарға («кадрлар бөлiмi», «пакет үшін» және басқа) арналған мөрлер бедерінің үлгiсiн қабылдауға тыйым салынады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
31-1. Қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжаттың және қол қою үлгісі және мөр бедері бар құжаттың «Банктің белгісі» бағанында банктің уәкілетті тұлғасы бірінші не бірінші және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының деректерін және банк айқындаған өзге мәліметтерді көрсетеді.
Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
32. Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың қойған қолының түпнұсқалылығын банктің уәкілетті тұлғасы қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың жеке қатысуымен растайды.
Клиент қол қою құқығын басқа тұлғаға (тұлғаларға) уақытша берген жағдайда Ереженің осы тарауында белгіленген тәртіппен тиісті қол қою үлгілері бар уақытша құжат ресімделеді.
Осы нормалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі клиенттерінің банк шоттарын ашуына қолданылмайды, олар банк шоттарын ашу үшін нотариалды куәландырылған қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатты ұсынады.
Заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктері), Қазақстан Республикасының резиденті емес дара кәсіпкерлері банк шоттарын ашу үшін банкке нотариат куәландырған қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатты ұсынады не қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың қойған қолының түпнұсқалылығын банктің уәкілетті тұлғасы растайды.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
33. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
34. Заңды тұлғаның атауы өзгерген, мөрi жоғалған немесе тозған жағдайда клиентке жаңа мөр дайындауға қажеттi мерзiм беруге жол беріледі. Мөрді дайындау кезеңінде банк және клиент төлем құжаттарын клиенттiң мөрiнсiз ресiмдеу тәртібін белгiлейдi, ол шартта көрсетiледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
35. Клиент есепшот ашу үшiн ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттар данасының қажеттi санын банк белгiлейдi.
Бұл норма клиенттің ісі банкте электрондық түрде қалыптастырылған және электрондық досье жүргізілетін жағдайларға қолданылмайды.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.
36. Қол қою үлгiсiнiң не мөр таңбасының бiреуi өзгерген жағдайда банкке қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар осы Ережеде көрсетiлген тәртіппен куәландырылған жаңа құжат тапсырылады.
Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
36-1. Қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар, әрбір уәкілетті тұлғаға жеке-жеке не бірнеше уәкілетті тұлғаға ресімделген, қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар құжаттардан тұратын құжатты, клиенттің осындай құжаттарды қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар бір құжат ретінде қабылдау туралы жазбаша өтінішін банкке ұсыну шартымен ресімдеуге жол беріледі.
Ескерту. 5-тарау 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.
6. Уақытша жинақ шоты
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
37. Жаңадан құрылатын заңды тұлға үшін, оның ішінде жаңадан құрылатын саяси партия үшін банк банктік салым шарты (шартты салым) негізінде уақытша жинақ шотын ашады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
37-1. Уақытша жинақ шоты теңгемен ашылады.
Ескерту. 6-тарау 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2011.09.30. N 132 Қаулысымен.
38. Уақытша жинақ есепшоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыруға не саяси партия құруды қаржыландыруға, оның ішінде құрылтай съезін (конференциясын) жүргізуді ұйымдастыруға және оларға банктiк салым шарты бойынша банк көрсететiн қызметке ақы төлеуге байланысты операциялар жасалады, бұл банк салымы шартында көрсетiлуi тиiс.
Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
39. Уақытша жинақ есепшотын ашу үшiн клиент мыналарды ұсынуы қажет:
уақытша жинақ есепшотын ашу туралы өтiнiш;
қол қою үлгiсi бар құжат;
құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ есепшотын ашуға және жабуға уәкiлеттiк берiлген жеке тұлғаны тағайындау туралы хаттамасының көшiрмесi;
клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;
уақытша жинақ шотын жүргізуге байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
40. Мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн банк заңды тұлғаға осы Ережеде белгiленген тәртiппен ағымдағы есепшот ашады.
Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
41. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтпеген жағдайда банк уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға уәкілеттік берген жеке тұлғаның өтініші бойынша құрылтайшыларға не олардың бастамасы бойынша саяси партия құрылатын жеке тұлғаларға ақшаны қайтарады және уақытша жинақ шотын жабады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
7. Банктiк шоттарды жабу
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
42. Егер заңнамада немесе шартта басқаша көзделмеген болса, банктiк есепшот клиенттiң өтiнiшi бойынша кез-келген уақытта жабылады.
Клиенттiң iсiнде есепшотты жабу негiздемесi көрсетiлуi тиiс.
42-1. Банк клиенттің өтініші негізінде банктік шотты жабуды банктік шот шартында немесе банктік салым шартында белгіленген мерзімде, бірақ осы Ереженің 43-тармағында және банктік шот шартында немесе банктік салым шартында белгіленген жағдайларды қоспағанда, клиенттің өтінішін алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
43. Банк шотын:
1) шоттың:
заңды тұлға клиенттің таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына;
жеке және заңды тұлғаның шоттарында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;
жеке және заңды тұлғаның шоттарында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына. Банк шот иесіне шотта ақша қозғалысының жоқ екендігі және хабарланған күннен бастап үш ай аяқталған соң оның жабылатындығы туралы хабарлайды. Егер хабарланған күннен бастап үш ай ішінде шоттың иесі шот бойынша операцияларды қайта қалпына келтірмесе, банк шоты шартын банк біржақты тәртіппен бұзады және ақша қалдығын Азаматтық кодекстің 291-бабына сәйкес нотариус депозитіне аудара отырып, шотты жабады;
клиенттің банк шоты ашылған банктің таратылуына;
жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда, клиенттің банк шоты ашылған банктің қайта ұйымдастырылуына;
Банктер туралы заңда көзделген тәртіппен банктің ислам банкіне конвертация нысанында қайта ұйымдастырылуына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың банк шотына қойылған орындалмаған талаптары, оның ішінде өкімдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың немесе клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары).
2) заңды тұлға-клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісімшарттар бойынша орындалмаған талаптар болған жағдайда жабуға жол берілмейді. Банк шоттың иесіне шоттағы ақша қозғалысының болмауы және хабарлаған күннен бастап үш ай аяқталғаннан кейін оны жабу туралы хабарлайды. Егер хабарлаған күннен бастап үш ай ішінде шоттың иесі шот бойынша операцияларды жаңғыртпаса, банк Азаматтық кодекстің 291-бабына сәйкес ақша қалдығын нотариустың депозитіне аудара отырып, банк шоты шартын біржақты тәртіппен бұзады және шотты жабады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) қаулыларымен.
44. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, кәсіпқой медиатор, адвокат ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резиденті емес-заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердiң корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банк шоттарын жапқаннан кейін банктер сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олар жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік кіріс органдарын хабарламаларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың жабылғаны туралы хабарлайды.
Техникалық проблемаларға байланысты осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды жабу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша мемлекеттік кіріс органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдағышпен жіберіледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
45. Банк уақытша жинақ есепшотты Ереженің осы тарауында белгіленген тәртiппен жабады.
Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
46. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің банк шотын жабу бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті орган осы мемлекеттік мекемеге банк шотын ашу үшін берілген рұқсатты қайтарып алған не осындай рұқсатты қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жүргізіледі.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Қорытынды ережелер
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
47. Банк пен клиент арасында банктiк есепшоттарды ашу, жүргiзу және жабу жөнiнде туындайтын, және де осы Ережемен реттелмеген барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешіледі.
Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 қаулысымен.
Төраға
Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу ережесіне
1-қосымша
Қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Банк клиенті Кодтар Банк белгілері
_____________________________________________________________________
(толық атауы)
_____________________________________________________________________
Банк клиентінің орналасқан жері
_____________________________________________________________________
тел.
_____________________________________________________________________
Банк (банк филиалы, бөлімшесі)
_____________________________________________________________________
(толық атауы)
_____________________________________________________________________
Банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тел.
_____________________________________________________________________
Банк шотының түрі
_____________________________________________________________________
Клиенттің жеке сәйкестендіру коды
_____________________________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің келісімін талап ететін
банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде
міндетті деп саналсын
_____________________________________________________________________
Лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қол кою үлгісі
Мөр бедерінің үлгісі (бар болса)
_____________________________________________________________________
Бірінші
қол
_____________________________________________________________________
Екінші
қол
_____________________________________________________________________
Сыртқы беті
Үлгілерді куәландыруға уәкілетті адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Үлгілерді куәландырған күн |
Үлгілерді куәландыратын адамдардың қолдары және мөрлері (бар болса) |
(қолдар)
(мөр) (бар болса)
Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу ережесіне
2-қосымша
Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Банк клиенті Кодтар Банк белгілері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Банк клиентінің үй мекенжайы, телефоны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны, телефоны
_____________________________________________________________________
(толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тел.
_____________________________________________________________________
Банктік шоттың түрі
_____________________________________________________________________
Клиенттің жеке сәйкестендіру коды
_____________________________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің келісімін талап ететін банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде міндетті деп саналсын
_____________________________________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) Қол қою үлгісі
Мөр үлгісі (бар болса)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сыртқы беті
Үлгілерді куәландыруға уәкілетті адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Үлгілерді куәландырған күн |
Үлгілерді куәландыратын адамдардың қолдары және мөрлері (бар болса) |
(қолдар)
(мөр) (бар болса)
Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы ережеге 3-қосымша
Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.10.24. N 123 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы
1. Банк клиентінің банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымының ұзындығы белгіленген жиырма дәрежеден тұратын болады.
KZССБББХХХХХХХХХХХХХ, мұнда:
1) бірінші және екінші дәрежелер - Қазақстан Республикасының коды. Халықаралық код - KZ пайдаланылады;
2) үшінші және төртінші дәрежелер - банк клиентінің банктік шот номерінің шынайы болуын және оны банктің төлем және өзге де құжаттарында дұрыс көрсетілуін бақылауға және қамтамасыз етуге арналған бақылау дәрежесі;
3) бесінші, алтыншы және жетінші дәрежелер - банктің коды. Банктің кодын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды;
4) сегізден жиырмаға дейінгі дәрежелер - банк клиентінің шотының банкішілік нөмірі, ол бір банктің ақпараттық (операциялық және өзге) жүйесінде айрықша болуы және клиенттің бір мәндегі сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
Банктің клиентінің шотының банкішілік нөмірі банктің қалауы бойынша пайдаланылады. Еркін белгілер нөлмен белгіленеді және нөмірдің алдында пайдаланылмаған сол дәрежелерге орналастырылады. Шоттарға нөмір берілгенде цифрлық немесе латын әліпбиінің "I", "Q", "O" әріптерін қоспағанда, әріптік-цифрлық символдары қолданылады. Банк клиентінің шотының банкішілік нөмірінде әріптік символдар болған кезде, бақылау дәрежесін есептеу осы қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін пайдалана отырып жүргізіледі.
2. Банк клиентінің банктік шотының нөмірін көзбен көріп қабылдауды жеңілдету мақсатында төрт мәнді символдан тұратын аралары бөлінген банк клиентінің банктік шотының нөмірі қағазға жазылған төлемдік және өзге де құжаттарда мынадай түрде көрсетуге болады:
KZСС БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ.
3. Электронды түрде ресімделген төлемдік және өзге құжаттарда банк клиентінің банктік шотының нөмірі белгілердің үздіксіз ретімен көрсетіледі.
Әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесі
A=10 |
G=16 |
N=23 |
V=31 |
B=11 |
H=17 |
P=25 |
W=32 |
C=12 |
J=19 |
R=27 |
X=33 |
D-13 |
K=20 |
S=28 |
Y=34 |
E=14 |
L=21 |
T=29 |
Z=35 |
F=15 |
M=22 |
U=30 |
Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі
туралы ережеге 4-қосымша
Ескерту. Ереже 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.10.24. N 123 (қолданысқа 2010.06.07 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Бақылау дәрежесін есептеу алгоритмі
Бақылау дәрежесін есептеу кезінде халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ISO - 7064) пайдаланылады, ол санның 97-ге бөлінуін болжамдайды, бөлуден алынған қалдық 98-ден шегеріледі. Егер нәтиже бір мәнді сан болып табылатын болса, алдына бір нөл қосылады.
N 1 мысал.
Банк клиентінің банктік шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234564567891 болып есептелсін.
Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі 3-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесінің негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234564567891 2035 00.
Екінші қадам: жоғарыда көрсетілген сан 97-ге бөлінеді және бөлуден 43 қалдық шығады.
Үшінші қадам: 98-43=55.
Бақылау дәрежесі 55-ке тең.
Клиенттің шот нөмірі KZ 55 123 1234564567891.
N 2 мысал.
Клиенттің шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234565678902 болып есептелсін.
Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдік код белгісі 3-қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234565678902 2035 00.
Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді және тең бөлуден 90 қалдық шығады.
Үшінші қадам: 98-90=8.
Бақылау дәрежесі 8-ге тең, оның алдында "0" қосылады.
Клиент шотының нөмірі KZ 08 123 1234565678902.