Қазақстан Республикасының соттарынан және атқару өндірісі органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының 2008 жылғы 21 наурыздағы N 156-П Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 23 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5195 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Төрағасының 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-31/389 бұйрығымен

       Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Төрағасының 2010.10.18 № 01-01-31/389 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының соттарынан және атқару өндірісі органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                           И.Елекеев

Қазақстан Республикасы  
Жоғарғы Соты жанындағы  
Сот әкімшілігі жөніндегі 
комитетінің Төрағасының  
2008 жылғы 21 наурыздағы  
N 156-П бұйрығымен    
бекітілген        

  Қазақстан Республикасының соттары мен атқарушылық іс
жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль
қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының соттары мен атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын ресми құжаттарды апостильдеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды. Қараңыз.P100513

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545 "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 67 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1536 тіркелген) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық құқықтық байланыс басқармасы (бұдан әрі - Комитет) мына мекен-жай бойынша жүзеге асырады: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 39 үй, Жоғарғы Сот ғимараты, "Е" Блогы, 0035 кабинет. Байланыс телефоны: (87172) 747920.

      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны ұсынылған құжатқа апостиль қою болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, (тіркелген, талон алған сәттен, және т.б.) сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15-20 минутты құрайды;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрып күтудің ең көп мерзімі 15-20 минутты құрайды;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде кезекте тұрып күтудің ең ұзақ мерзімі 15-20 минут.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Кодексіне сәйкес, мемлекеттік баждың төленетін күніне бекітілген есеп айырысудың ең төменгі көрсеткішінің 20 пайызын құрайтын мемлекеттік баж төленеді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат ҚР Жоғарғы Соты Веб-сайтының (www.supcourt.kz) Комитет айдарында орналасқан.

      10. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіні қоспағанда күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін қабылданады, үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін, құжаттарды беру 16.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.
      Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетіп ресімдеу жүргізілмейді.

      11. Қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Ресми құжаттарға апостиль қою үшін жеке басын куәландыратын куәлік немесе паспортты, апостиль қою үшін мемлекеттік баж төлеу туралы түбіртек, сонымен қатар, өтініш беруші жеке келе алмаған жағдайда нотариалды сенімхат беруі қажет.
      Заңды тұлғалардың өкілдері заңда бекітілген тәртіпте ресімделген сенімхат беруі қажет.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланк, өтініш толтыру талап етілмейді.

      14. Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 39 үй, Жоғарғы Сот ғимараты, "Е" Блогы, 0035 кабинет. Байланыс телефоны: (87172) 747920

      15. Тұтынушылардың апостиль қоюға ұсынған құжаттары апостиль қоюға ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркеледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін тұтынушының өзі келуі немесе тұтынушы сеніп тапсырған өкілетті тұлға келуі тиіс.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден қателіктер табылған жағдайда (жөндеу, тазартып өшіру, т.б.) бас тартылады. Ұқсас қателіктер табылған жағдайда құжаттар өтініш берушіге жұмыс күні ішінде қайтарып беріледі.

  3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитет мемлекеттік қызмет көрсету кезінде келесі қағидаттарды басшылыққа алады: көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, сыпайылық, құжаттардың мүлтіксіз сақталуы, ақпараттың  қорғалуы мен құпиялылығы.

  4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету осы Стандарттың 1-Қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

  5. Шағымдану тәртібі

      19. Өкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда тұтынушы Комитет жетекшісіне жүгіне алады.

      20. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе Комитет кеңсесіне, 0029 кабинетке қолма-қол беріледі.

      21. Комитетке келіп түскен шағымдарды қарастыру Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілген мерзім мен тәртіпте жүзеге асырылады.
      Заңнамада бекітілген тәртіпте келген шағымдар міндетті қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыруға жатады.

  6. Байланыс ақпараты

      22. Мемлекеттік органның жетекшісі, оның орынбасарларының байланыс мәліметтері осы стандарттың 2-қосымшасында келтірілген.
      23. Өзге де қажетті ақпаратты ҚР Жоғарғы Сотының (www.Supcourt.kz) веб-сайтынан табуға болады.

                                         Қазақстан Республикасының
                                          соттары мен атқарушылық
                                          іс жүргізу органдарынан
                                          шығатын ресми құжаттарға
                                            апостиль қою жөніндегі
                                             мемлекеттік қызмет
                                             көрсету стандартына 
                                                  1-қосымша

      Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жылғы
мақсаттық
мәні

Көрсет-
кіштің
есеп беру
жылындағы
ағымдық
мәні

1. Уақтылылығы

1.1. құжаттарды тапсырған
сәттен бастап белгіленген
мерзімде қызметті ұсыну
оқиғаларының % (үлесі)




1.2. қызмет алуды кезекте
___ минуттан астам уақыт
күткен тұтынушылардың %
(үлесі)




2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісі-
нің сапасына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)




2.2. құжаттарды лауазымды
тұлға дұрыс ресімдеген
жағдайдың % (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі
туралы сапаға және ақпаратқа
қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)




3.2. тұтынушы құжаттарды
дұрыс толтырған және бірінші
реттен тапсырған оқиғалардың
% (үлесі)




3.3. Интернет арқылы алуға
болатын ақпараттар, қызметтер % (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі
бойынша қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына
негізделген шағымдардың %
(үлесі)




4.2. белгіленген мерзімде
қаралған және қанағаттанды-
рылған негізделген
шағымдардың % (үлесі)




4.3. шағымданудың қолданыс-
тағы тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)




4.4. шағымдану мерзіміне
қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің
сыпайылығына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)




                                           Қазақстан Республикасының
                                          соттары мен атқарушылық
                                         іс жүргізу органдарынан
                                         шығатын ресми құжаттарға
                                          апостиль қою жөніндегі
                                             мемлекеттік қызмет
                                            көрсету стандартына
                                                  2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
   Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Халықаралық-құқықтық
     байланыс және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының
                     байланыс мәліметтері:

Атауы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс
телефоны

Құқықтық қамтамасыз
ету және халықаралық-
құқықтық байланыс
басқармасы

Астана қаласы,
Тәуелсіздік көшесі,
39 үй, Жоғарғы
Сот ғимараты, "Е"
блогы, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы
Соты жанындағы Сот
әкімшілігі жөніндегі
комитет, 0035 кабинет

8(7172) 747920

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из судов и органов исполнительного производства Республики Казахстан

Приказ Председателя Комитета по судебному администрированию при Верховном суде Республики Казахстан от 21 марта 2008 года N 156-П. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2008 года N 5195. Утратил силу приказом и.о. Председателя Комитета по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан от 18 октября 2010 года № 01-01-31/389

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Председателя Комитета по судебному администрированию при Верховном Суде РК от 18.10.2010 № 01-01-31/389. 

      В целях реализации пункта 2  постановления Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года N 558 "Об утверждении Типового стандарта оказания государственной услуги",  ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемый стандарт оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из судов и органов исполнительного производства Республики Казахстан.

      2. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Председатель
      Комитета по судебному
      администрированию при
      Верховном суде Республики
      Казахстан                                  И. Елекеев

Утвержден приказом                
Председателя Комитета по судебному      
администрированию при Верховном Суде     
Республики Казахстан              
от 21 марта 2008 года N 156-П         

  СТАНДАРТ
оказания государственной услуги
по апостилированию официальных документов, исходящих из судов
и органов исполнительного производства Республики Казахстан

  1. Общие положения

      1. Стандарт оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из судов и органов исполнительного производства Республики Казахстан, определяет порядок оказания государственной услуги по проставлению апостиля на официальных документах - удостоверение подлинности подписи лица, подписавшего документ, и подтверждение его полномочий, а также подлинность печати или штампа, которыми скреплен этот документ. см.P100513

      2. Форма оказываемой государственной услуги: частично автоматизированная.

      3. Государственная услуга, осуществляется на основании  Закона Республики Казахстан "О присоединении Республики Казахстан к Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов",  постановления Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года N 545 "О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов (Гаага, 5 октября 1961 года)",  приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 4 июня 2001 года N 67 "Об утверждении Единых правил о порядке и условиях проставления апостиля на официальных документах, исходящих из государственных органов, а также от нотариусов Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1536).

      4. Государственная услуга, оказывается Управлением правового обеспечения и международно-правовых связей Комитета по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан (далее - Комитет), по адресу г. Астана, улица Тәуелсіздік, 39, здание Верховного Суда, Блок "Е", кабинет 0035, телефон: (87172) 747920.

      5. Формой завершения оказываемой государственной услуги, является проставление апостиля на представленном документе.

      6. Государственная услуга, оказывается физическим и юридическим лицам (далее - потребителям).

      7. Сроки ограничений по времени при оказании государственной услуги:
      1) сроки оказания государственной услуги с момента сдачи потребителем необходимых документов (с момента регистрации, получения талона, и т.п.), составляет от 15 до 20 минут;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче необходимых документов (при регистрации, получения талона, и т.п.), составляет 15 - 20 минут;
      3) максимально допустимое время ожидания в очереди при получении документов, как результат оказания государственной услуги составляет 15 - 20 минут.

      8. За оказание государственной услуги взимается государственная пошлина, которая в соответствии с  Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" составляет 20 процентов от минимального расчетного показателя установленного на день уплаты государственной пошлины.

      9. Полную информацию о порядке оказания государственной услуги можно найти в Рубрике Комитета, расположенной на Веб - сайте Верховного Суда Республики Казахстан (www.Supcourt.kz).

      10. Государственная услуга предоставляется ежедневно, за исключением субботы и воскресенья. Прием документов осуществляется с 9.00 до 12.30 часов, перерыв с 12.30 до 14.00 часов, выдача документов производится с 16.00 до 18.30 часов.

      Предварительная запись и ускоренное оформление государственной услуги не производится.

      11. Государственная услуга оказывается в здании Верховного Суда Республики Казахстан.

  2. Порядок оказания государственной услуги

      12. Для апостилирования официальных документов, необходимо предъявить удостоверение личности или паспорт, квитанцию об оплате государственной пошлины за апостилирование, в случае, если заявитель не может обратиться лично, нотариально заверенную доверенность.

      Для представителей юридических лиц - доверенность, оформленная в установленном законом порядке.

      13. Для получения государственной услуги заполнение бланков и заявлений не требуется.

      14. Прием документов осуществляется по адресу г. Астана, улица Тәуелсіздік, 39, здание Верховного Суда, Блок "Е", кабинет 0035, телефон: (87172) 747920.

      15. Представленные на апостилирование документы, регистрируются в книге регистрации документов представленных для проставления апостиля.

      Для получения результата оказания государственной услуги, требуется личное посещение потребителей или доверенного лица.

      16. В предоставлении государственной услуги может быть отказано при выявлении неподлинности и выявлении ошибок (исправлений, подчисток и др.). В случае выявления ошибок, в течение рабочего дня документы возвращаются заявителю.

  3. Принципы работы

      17. Комитет при предоставлении государственной услуги, руководствуется следующими принципами: предоставление исчерпывающей информации об оказываемой услуге, вежливость, обсепечение сохранности документов, защита и конфиденциальность информации.

  4. Результаты работы

      18. Результаты оказания государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с  приложением 1 к настоящему Стандарту.

  5. Порядок обжалования

      19. При необходимости обжалования действий (бездействия) уполномоченных должностных лиц, потребитель может обратиться к руководителю Комитета.

      20. Жалобы принимаются в письменном виде по почте, либо нарочно через канцелярию Комитета, кабинет 0029.

      21. Рассмотрение жалоб, поступившие в Комитет, осуществляются в порядке и сроки, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      Обращения, поданные в порядке, установленном законодательством подлежат обязательному приему, регистрации, учету и рассмотрению.

  6. Контактная информация

      22. Контактные данные руководителей государственного органа, его заместителей указаны в  приложении N 2 к настоящему стандарту.

      23. Иную полезную информацию можно найти на веб-сайте Верховного Суда Республики Казахстан (www.supcourt.kz).

Приложение 1 к стандарту              
оказания государственной услуги       
по апостилированию официальных        
документов, исходящих из судов и      
органов исполнительного производства  
Республики Казахстан                  

               Таблица. Значения показателей качества и доступности

Показатели качества и
доступности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя в
последующем
году

Текущее
значение
показателя
в отчетном
году

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев
предоставления услуги в
установленный срок с момента
сдачи документа




1.2. % (доля) потребителей,
ожидавших получения услуги в
очереди не более ___ минут




2. Качество

2.1. % (доля) потребителей
удовлетворенных качеством
процесса предоставления услуги




2.2. % (доля) случаев
правильно оформленных
документов должностным лицом
(регистрация)




3. Доступность

3.1. % (доля) потребителей
удовлетворенных качеством и
информацией о порядке
предоставления услуги




3.2. % (доля) случаев
правильно заполненных
потребителем документов и
сданных с первого раза




3.3. % (доля) услуг,
информации о которых доступно
через Интернет




4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) обоснованных
жалоб общему количеству
обслуженных потребителей по
данному виду услуг




4.2. % (доля) обоснованных
жалоб рассмотренных и
удовлетворенных в
установленный срок




4.3. % (доля) потребителей
удовлетворенных с
существующим порядком
обжалования




4.4. % (доля) потребителей,
удовлетворенных сроками
обжалования




5. Вежливость

5.1. % (доля) потребителей
удовлетворенных вежливостью
персонала




  Приложение 2 к стандарту              
оказания государственной услуги       
по апостилированию официальных        
документов, исходящих из судов и      
органов исполнительного производства  
Республики Казахстан                  

              Контактные данные Управления правового обеспечения и
  международно-правовых связей Комитета по судебному администрированию
              при Верховном Суде Республики Казахстан

Наименование 

Адрес расположения 

Контактные телефоны

Управление правового
обеспечения и
международно-правовых
связей

г. Астана, улица
Тәуелсіздік, 39,
здание Верховного
Суда, блок "Е",
Комитет по судебному
администрированию
при Верховном Суде
Республики Казахстан,
кабинет 0035

8 (7172) 747920