Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 240 Қаулысымен.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4446 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашадағы N 201 (1007) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 78 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4666 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережесінде:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - қабылдаушы қормен жасалған ерікті, ерікті кәсіби жарналар туралы шарттың көшірмесін;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) сақтандыру ұйымына міндетті, ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын.";
3-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - қабылдаушы қормен ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) сақтандыру ұйымына міндетті, ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға берілген құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдаған күнін көрсетіп анықтаманы және өзге құжатты береді.";
5-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініште көрсетілген салымшының (алушының) ӘБК жөнелтуші қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасындағы ӘБК сәйкес келмесе;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішті берген сәтте салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішке байланысты берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе не оны берген күн көрсетілмесе;".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті(Үсенбекова Л.Е.):
1) Заң департаментiмен (Сарсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова