Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігі Басқармасының 2007 жылғы 30 нурыздағы N 78 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4666 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 240 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 240 Қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Агенттік Басқармасының»"Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4446 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 13 желтоқсанда N 215 (1195) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережеде:
      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама талаптарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасалмай қабылдаған міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаған жағдайдан басқа жағдайда осы салымшымен (алушымен) жөнелтуші қормен жасаған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауы.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Л.Е. Үсенбекова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына мәлімет үшін жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады