Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 128 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3348 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 16 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4044 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 219 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4435 тіркелген, 2006 жылғы 17 қарашада "Заң газеті" газетінде N 201 (1007) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерлерін реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 125 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4724 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінде:
4-тармақта:
1) тармақшада "оныншы" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"оныншы" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
"29" деген цифрдан кейін ", 31, 33, 34, 36" деген цифрлармен толықтырылсын;
3) тармақшаның екінші абзацындағы "он бесінші" деген сөз "оныншы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-1-тармақта:
"оныншы" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
"-24-1" деген цифр алынып тасталсын;
5-тармақта:
1) тармақшада "оныншы" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екінші абзацындағы "он бесінші" деген сөз "оныншы" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-қосымшада:
реттік нөмірі 1.6 жолда "аудиторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
13-қосымшада:
реттік нөмірі 1.6 жолда "аудиторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
"Еңбекпен табылмаған резервтегі қайта сақтандырушы үлесінің өзгеруі" деген бағанда "қайта сақтандырушы үлесінің" деген сөздер "қайта сақтандыру активтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-1-қосымшада:
реттік нөмірі 1.6 жолда "аудиторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
кесте мынадай мазмұндағы 19-бағанмен толықтырылсын:
"
Өзгелер |
19 |
";
кестені толтыру бойынша түсіндірме мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы кестеде тура сақтандыру шарты бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы көрсетілуі тиіс.
Сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасы осы Ереженің 13-қосымшасының 4-бағанына сәйкес келуі тиіс.
Сақтандыру объектісін аумақтық сипат бойынша жатқызу үшін мынадай категорияларды басшылыққа алу қажет:
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндетті және ерікті сыныптары бойынша, автомобиль көлігін сақтандырудың сыныбы бойынша - автомобиль көлігін тіркеу орны;
әуе, теміржол, су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың сыныптары бойынша - көлік құралы иесін тіркеу орны;
міндетті сақтандырудың басқа түрлері бойынша, жеке сақтандыру бойынша, басқа да қаржы шығындарынан, заемдарды, жүктерді, кепілдіктер мен кепілгерліктерді, сот шығыстарынан сақтандыру сыныптары бойынша - сақтанушыны тіркеу орны;
мүлікті сақтандыру сыныбы бойынша - мүлікті тіркеу орны;
ипотеканы сақтандыру сыныбы бойынша - жылжымайтын мүлікті тіркеу орны;
Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - сақтандыру шартын жасасу орны.";
14 және 16-қосымшалардың реттік нөмірі 1.6 жолында "аудиторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
16-1-қосымшада:
реттік нөмірі 1.6 жолда "аудиторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
кесте мынадай мазмұндағы 19-бағанмен толықтырылсын:
"
Өзгелер |
19 |
";
кестені толтыру бойынша түсіндірме мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосымшада тура сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің сомасы көрсетілуі тиіс.
Сақтандыру объектісін аумақтық сипат бойынша жатқызу үшін мынадай категорияларды басшылыққа алу қажет:
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндетті және ерікті сыныптары бойынша, автомобиль көлігін сақтандырудың сыныбы бойынша - автомобиль көлігін тіркеу орны;
әуе, теміржол, су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың сыныптары бойынша - көлік құралы иесін тіркеу орны;
міндетті сақтандырудың басқа түрлері бойынша, жеке сақтандыру бойынша, басқа да қаржы шығындарынан, заемдарды, жүктерді, кепілдіктер мен кепілгерліктерді, сот шығыстарынан сақтандыру сыныптары бойынша -сақтанушыны тіркеу орны;
мүлікті сақтандыру сыныбы бойынша - мүлікті тіркеу орны;
ипотеканы сақтандыру сыныбы бойынша - жылжымайтын мүлікті тіркеу орны;
Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - сақтандыру шартын жасасу орны.";
17 және 23-қосымшалардың реттік нөмірі 1.6 жолында "аудиторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
24-1-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары жөніндегі есеп";
36-қосымшаның реттік нөмірі 1.6 жолында "аудиторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А.Түсіпов) 2008 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде "Сақтандырушылық қадағалау" Автоматтандырылған Жұмыс Орнын пысықтауды қамтамасыз етсін.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова