Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3868. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 256 (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Қаржы ұйымдарының есеп беруiн ұсыну тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi және оның қолданылуы 2005 жылғы 1 қазаннан бастап - екiншi деңгейдегi банктер үшiн, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдар және сақтандыру брокерлер үшiн, 2007 жылғы 1 шілдеден бастап - жинақтаушы зейнетақы қорлары және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 290 қаулысымен .
      3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерге, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, екiншi деңгейдегi банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлерiне, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына, жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы      
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
агенттiгi Басқармасының    
2005 жылғы 27 тамыздағы    
N 310 қаулысына қосымша    

Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiне қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28  № 172(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. <*>
      Ескерту: 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз ).

      3. <*>
      Ескерту: 3-тармақ алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармағынан қараңыз) қаулысымен.

      4. <*>
      Ескерту: 4-тармақ алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармағынан қараңыз) қаулысымен.

      5. Ескерту: 5-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен.

      6. <*>
      Ескерту: 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 130 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. <*>
      Ескерту: 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 120 Қаулысымен.

       8. <*>
      Ескерту: 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 121 Қаулысымен.  

      9. <*>
      Ескерту: 9-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 122 Қаулысымен.

      10. Ескерту. 10-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 327 қаулысына "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiн бекiту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3343 тiркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" журналында N 2 (14) жарияланған):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiнде:
      4-тармақта "есептi" деген сөзден кейiн "электрондық тасымалдағышта" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3 тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Тоқсан сайын құрастырылатын қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам немесе бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және тiркеушiде сақталады. Тiркеушi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.

      4-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

      4-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректерi қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн брокер және (немесе) дилердiң бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.";

      7, 8, 9, 10, 11, 13-тармақтар алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Тiркеушi ұсынған есепте жартылай және шынайы емес ақпарат анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұл жайында тiркеушiнi хабардар етедi. Тiркеушi уәкiлеттi органнан хабарландыруды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып, уәкiлеттi органға электрондық тасымалдағышта пысықталған есептi ұсынады.";

      көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 17-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер бағалы қағаздарға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек";

      көрсетiлген Ережеге 3-қосымшада:
      "Өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдардың құрылымы туралы есеп" кестесi "Ескерту*" деген 15-бағанмен толықтырылсын;
      кестеден кейiн мынадай мазмұндағы ескертулермен толықтырылсын:
      "* егер салымға меншiк құқығына шектеулер болса, онда "иә" деген сөз қойылу керек".

      12. Ескерту. 12-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. <*>
      Ескерту: 13-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 128 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      14. Ескерту. 14-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Ескерту. 15-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. <*>
      Ескерту: 16-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. <*>
      Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысымен.

      18. <*>
      Ескерту: 18-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

                                      Қазақстан Республикасының
                                     кейбiр нормативтiк құқықтық
                                     актiлерiне қаржы рыногын және
                                      қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                     қадағалау мәселелерi бойынша
                                      енгiзiлетiн өзгерiстер мен
                                        толықтырулар тiзбесiне
                                               1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                                      Қазақстан Республикасының
                                     кейбiр нормативтiк құқықтық
                                     актiлерiне қаржы рыногын және
                                      қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                     қадағалау мәселелерi бойынша
                                      енгiзiлетiн өзгерiстер мен
                                        толықтырулар тiзбесiне
                                               2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымша алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармағынан қараңыз) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады