Күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын арнаулы киім үлгілерін және оны кию тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2008 жылғы 17 қазандағы N 389 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 6 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5352 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 561 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 561 (қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киімді киіп жүруі (пайдалануы) мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын арнаулы киім үлгілерінің бейнесі мен суреттері ( 1-қосымша ) бекітілсін.
      2. Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың, күзет бөліністері қызметкерлерінің арнаулы киім кию тәртібі ( 2-қосымша ) бекітілсін.
      3. Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөліністері қызметкерлерінің арнаулы киім кию тәртібінің сақталуын бақылау ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетіне және аумақтық ішкі істер органдарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жатады және 2009 жылғы 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                       Б. Мұхаметжанов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2008 жылғы 17 қазандағы 
N 389 бұйрығымен бекітілген
1-қосымша       

Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалардың күзет бөліністері қызметкерлерінің
арнаулы киім үлгілерінің бейнесі мен суреттері 1. Арнаулы киім

      1. Жазғы арнаулы киім (1, 2, 3, 4, 7, 9-суреттер):
      бейсболка немесе сұр (сұрғылт) түсті кепка;
      сұр (сұрғылт) түсті күрте;
      сұр (сұрғылт) түсті қысқартылған күрте;
      көгілдір немесе ақ түсті жейде;
      көгілдір немесе ақ түсті трикотаж футболка;
      сұр түсті галстук;
      сұр (сұрғылт) түсті силуэттың төменгі жағы тарылған шалбар;
      классикалық үлгідегі немесе арнайы қара түсті аяқ киім.
      2. Қысқы арнаулы киім (2, 5, 6, 8, 9-суреттер):
      Тоқылған, сұр (сұрғылт) немесе қара (жылы күртенің жағасымен түстес) түсті құлақшын;
      Табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр (сұрғылт) немесе қара (жылы күртенің жағасымен түстес) түсті жасанды теріден жасалған құлақшын-бөрік;
      сұр (сұрғылт) түсті, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр (сұрғылт) немесе қара түсті алынатын тері жағасы бар жылы күрте;
      жылы, қысқартылған, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр (сұрғылт) немесе қара түсті алынатын тері жағасы бар күрте;
      көгілдір немесе ақ түсті жейде;
      көгілдір немесе ақ түсті трикотаж футболка;
      сұр түсті галстук;
      жылы, сұр (сұрғылт) түсті шалбар;
      жылы, сұр (сұрғылт) түсті жартылай комбинезон;
      классикалық үлгідегі немесе арнайы қара түсті жылы аяқ киім.

2. Айыру белгілері және фурнитура

      3. Омырау белгісі:
      белгінің формасы тікбұрышты, периметрі бойынша сары түсті жиегі және "КҮЗЕТ" деген сары түсті жазу бар;
      белгі жиегінің түсі - сұр немесе көгілдір;
      белгінің көлемі - 120x30 мм;
      белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жақ омырау қалтасының жоғары жағына тағылады;
      белгі тоқымашылық, кестелеу, жібек орау, термотрансфер жолымен әзірленеді және тозуға төзімді болуы тиіс.
      4. Арқадағы белгі:
      белгінің формасы тікбұрышты, периметрі бойынша сары түсті жиегі және "КҮЗЕТ" деген сары түсті жазу бар;
      белгінің көлемі - 280x80 мм;
      белгі жазғы және қысқы күртелердің артқы жағына жапсырылады, белгінің жоғарғы жағы иніштің тігісі бойынша орналасады;
      белгі тоқымашылық, кестелеу, жібек орау, термотрансфер жолымен әзірленеді және тозуға төзімді болуы тиіс.
      5. Қолдағы белгі:
      формасын, түс гаммасын, материал және дайындау тәсілін мемлекеттік емес күзет қызметі субъектілері белгілейді;
      белгіде бірлескен өздік белгісі және мемлекеттік емес күзет қызметі субъектісінің атауы белгіленеді;
      белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жеңіне иықтың тігісінен 120 мм төмен жапсырылады;
      күзет ұйымдарының қызметкерлері - Қазақстан Республикасының Күзет ұйымдары қауымдастығы мүшелері үшін бірлескен қол белгісімен бірдей әзірленген Қауымдастықтың өздік кескіні бар белгіні тағуға болады. Белгі сол қолдағы белгіге симметриялы жейденің, жазғы және қысқы күртелердің оң жеңіне жапсырылады.
      6. Бас киімдердегі белгілер:
      тоқымашылық жолымен әзірленген белгілер немесе тез балқығыш металлдан жасалған кокардалар күзет ұйымының бірлескен өздік белгісінен тұрады;
      сопақша белгінің көлемі - көлденеңінен 70 мм, тігінен 40 мм;
      дөңгелек белгінің диаметрі - 40 мм;
      кокарданың көлемі: биіктігі - 60 мм, ені - 40 мм;
      белгілер бас киімнің алдыңғы бөлігінің ортасына жапсырылады.

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2008 жылғы 17 қазандағы 
N 389 бұйрығымен бекітілген
  2-қосымша        

Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалардың күзет бөліністері қызметкерлерінің
арнаулы киімді кию тәртібі

      1. Күзетшілер, жүргізуші-күзетшілер арнаулы киімді күзетілетін объектілерде, жүктерді алып бару кезінде, ұтқыр жедел ден қою топтары құрамында қызмет өткеру кезінде киеді.
      2. Әйелдердің арнаулы киімдері тиісті киім үлгісінің ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы эскиз бойынша тігіледі.
      3. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және басқа да құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау бойынша қызметтер көрсету күзет қызметіне тиесілігін айқындайтын арнаулы киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
      4. Тапсырыс берушінің талабы бойынша кеңсе үй-жайларын күзету жөніндегі қызмет көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын арнаулы киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар күзетшілердің көкірегінің сол жақ жоғары бөлігіне күзет ұйымының атауы жазылған және өздік белгісі бар бейдж бекітіледі. Бейдждің ортасына "КҮЗЕТ" деген жазу жазылады. Күзетшінің тегін және аты-жөнін немесе оның атын көрсетуге болады.
      5. Кеңсе үй-жайларын күзету жөнінде қызмет көрсету бас киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
      6. Сыртқы күзет орындарында қызмет өткеретін күзетшілер:
      қыс мезгілінде ауаның температурасы төмендеген кезде - тондар (ішіктер) және аң терісінен тігілген унтылар киюге;
      арнаулы киімге (күртеге) омырау және арқаға жарық шағылыстыратын жолақтар тағуға немесе сигнал беретін жилеттер пайдалануға болады.
      7. Жазғы уақытта күртесіз қысқа жең жейде және галстук немесе жейденің орнына футболка, шалбар және күрте киюге болады.
      8. Кию мерзімдерін, жазғы киімнен киімнің қысқы нысанына ауысуды және керісінше, сондай-ақ жазғы және қысқы арнаулы киімнің түрлерін мемлекеттік емес күзет қызметі субъектісінің басшысы белгілейді.

1-сурет
Қысқа жеңді жейде

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

2-сурет
Ұзын жеңді жейде

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

3-сурет
Жазғы арнаулы киім

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

4-сурет
Қысқартылған күртесі бар жазғы арнаулы киім

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

5-сурет
Қысқы арнаулы киім

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

6-сурет
Қысқартылған күртесі бар қысқы арнаулы киім

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

7-сурет
Жазғы бас киімдер

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

8-сурет
Қысқы бас киімдер

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

9-сурет
Галстук

       РҚАО-ның ескертуі: Суретті қағаз мәтінінен қараңыз

Об утверждении образцов специальной одежды, обозначающей принадлежность к субъекту охранной деятельности, и порядка ее ношения

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 октября 2008 года № 389. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 ноября 2008 года № 5352. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 октября 2011 года № 561

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 24.10.2011 № 561.

      Во исполнение Закона Республики Казахстан от 4 июля 2008 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросу ношения (использования) форменной и специальной одежды физическими и юридическими лицами" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить описание и рисунки образцов специальной одежды, обозначающей принадлежность к субъекту охранной деятельности (Приложение 1).
      2. Утвердить Правила ношения специальной одежды частными охранниками, работниками частных охранных организаций, охранных подразделений индивидуальных предпринимателей и юридических лиц (Приложение 2).
      3. Контроль за соблюдением порядка ношения специальной одежды частными охранниками, работниками частных охранных организаций, охранных подразделений индивидуальных предпринимателей и юридических лиц возложить на Комитет административной полиции Министерства внутренних дел и территориальные органы внутренних дел.
      4. Настоящий приказ подлежит государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан и вводится в действие с 5 июля 2009 года.

       Министр                                      Б. Мухамеджанов

Приложение 1           
      Утверждено приказом Министра   
      внутренних дел Республики Казахстан
      от 17 октября 2008 года № 389 

Описание и рисунки образцов специальной одежды частных
охранников, работников частных охранных организаций, охранных
подразделений индивидуальных предпринимателей и юридических лиц

1. Специальная одежда

      1. Летняя специальная одежда (Рис. 1, 2, 3, 4, 7, 9):
      бейсболка или кепи серого (стального) цвета;
      куртка серого (стального) цвета;
      куртка укороченная, серого (стального) цвета;
      рубашка голубого или белого цвета;
      футболка трикотажная голубого или белого цвета;
      галстук серого цвета;
      брюки, зауженного к низу силуэта, серого (стального) цвета;
      обувь классических моделей или специальная черного цвета.
      2. Зимняя специальная одежда (Рис. 2, 5, 6, 8, 9):
      шапка вязанная, серого (стального) или черного (в цветовой тон с воротником куртки утепленной) цвета;
      шапка-ушанка из натуральной облагороженной овчины или искусственного меха, серого (стального) или черного (в цветовой тон с воротником куртки утепленной) цвета;
      куртка утепленная, серого (стального) цвета, со съемным меховым воротником из натуральной облагороженной овчины или искусственного меха серого (стального) или черного цвета;
      куртка утепленная, укороченная, со съемным меховым воротником из натуральной облагороженной овчины или искусственного меха, серого (стального) или черного цвета;
      рубашка голубого или белого цвета;
      футболка трикотажная голубого или белого цвета;
      галстук серого цвета;
      брюки утепленные, серого (стального) цвета;
      полукомбинезон утепленный, серого (стального) цвета;
      обувь утепленная, классических моделей или специальная черного цвета.

2. Знаки различия и фурнитура

      3. Нагрудный знак:
      знак имеет форму прямоугольника, с кантом по периметру желтого цвета и надписью "KYЗET" желтого цвета;
      цвет поля знака - серый или голубой;
      размер знака - 120 x 30 мм;
      знак наносится выше левого нагрудного кармана рубашек, летних и зимних курток;
      знак изготавливается путем ткачества, вышивки, шелкографии, термотрансфера и должен обладать износоустойчивостью.
      4. Наспинный знак:
      знак имеет форму прямоугольника, с кантом по периметру желтого цвета и надписью "KYЗET" желтого цвета;
      цвет поля знака - серый или голубой;
      размер знака - 280 x 80 мм;
      знак наносится на заднюю часть летних и зимних курток, верхний край знака располагается по шву кокетки;
      знак изготавливается путем ткачества, вышивки, шелкографии, термотрансфера и должен обладать износоустойчивостью.
      5. Нарукавный знак:
      форма, цветовая гамма, материал и способ изготовления определяются негосударственным субъектом охранной деятельности;
      на знаке изображается корпоративный логотип и наименование негосударственного субъекта охранной деятельности;
      знак наносится на левый рукав рубашек, летних и зимних курток на 120 мм ниже плечевого шва;
      для работников охранных организаций - членов Ассоциации охранных организаций Республики Казахстан, допускается ношение знака с логотипом Ассоциации, изготовленному идентично корпоративному нарукавному знаку. Знак располагается на правом рукаве рубашек, летних и зимних курток, симметрично знаку на левом рукаве.
      6. Знаки на головных уборах:
      знаки, изготовленные путем ткачества, или кокарды из легкоплавкого металла содержат в себе корпоративный логотип охранной организации;
      размер овального знака - 70 мм по горизонтали, 40 мм по вертикали;
      диаметр круглого знака - 40 мм;
      размер кокарды: высота - 60 мм, ширина - 40 мм;
      знаки наносятся по центру передней части головного убора.

Приложение 2           
Утверждено приказом Министра  
внутренних дел Республики Казахстан
от 17 октября 2008 года № 389  

Правила ношения специальной одежды
частных охранников, работников частных охранных организаций,
охранных подразделений индивидуальных предпринимателей и
юридических лиц

      1. Специальная одежда носится охранниками, водителями-охранниками на охраняемых объектах, при сопровождении грузов, при несении службы в составе мобильных групп оперативного реагирования.
      2. Пошив женской специальной одежды осуществляется по общим эскизам, с учетом особенностей покроя соответствующей одежды.
      3. Оказание услуг по защите жизни и здоровья физических лиц от преступных и иных противоправных посягательств может осуществляться без специальной одежды, обозначающей принадлежность к субъекту охранной деятельности.
      4. По требованию заказчика, оказание услуг по охране офисных помещений может осуществляться без специальной одежды, обозначающей принадлежность к субъекту охранной деятельности. При этом, у охранников на левой верхней части груди крепится бейдж с наименованием и логотипом охранной организации. По центру бейджа располагается надпись "KYЗET". Допускается указание фамилии и инициалов охранника, либо его имени.
      5. Оказание услуг по охране офисных помещений может осуществляться без головного убора.
      6. Для охранников, несущих службу на наружных постах, допускается:
      при низких температурах воздуха в зимний период - ношение тулупов (шуб) и меховых унт;
      нанесение на специальную одежду (куртки) нагрудных и наспинных светоотражающих полос.
      7. В летнее время допускается ношение рубашки с коротким рукавом без куртки и галстука либо куртки с брюками с футболкой вместо рубашки.
      8. Сроки носки, переход с летней на зимнюю форму одежды и наоборот, а также варианты летней и зимней специальной одежды определяет руководитель негосударственного субъекта охранной деятельности.

Рисунок - 1
Рубашка с коротким рукавом
(см. бумажный вариант)

Рисунок - 2
Рубашка с длинным рукавом
(см. бумажный вариант)

Рисунок - 3
Летняя специальная одежда
(см. бумажный вариант)

Рисунок - 4
Летняя специальная одежда с укороченной курткой
(см. бумажный вариант)

Рисунок - 5
Зимняя специальная одежда
(см. бумажный вариант)

Рисунок - 6
Зимняя специальная одежда с укороченной курткой
(см. бумажный вариант)

Рисунок - 7
Летние головные уборы
(см. бумажный вариант)

Рисунок - 8
Зимние головные уборы
(см. бумажный вариант)

Рисунок - 9
Галстук
(см. бумажный вариант)