Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 389 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 561 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын арнайы киім үлгілерін және оны қию тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 389 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 6 қарашада № 5352 тіркелген және 2008 жылы 26 қазандағы № 180 (1580) "Заң газетінде" жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын:
      2) осы бұйрықты мерзімді басылымдарда ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін және ресми жариялауға жатады.

      Министрдің орынбасары                       Қ. Тыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады