"Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 қазандағы N 555 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5374 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 550 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.28 № 550 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 6) тармақшасына , 17 бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін: "Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар".
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малгаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Министр                                     А. Дерновой

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация
      Министрі
      _____________С. Ахметов
      2008 жылғы 3 қараша

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 22 қазандағы   
N 555 бұйрығымен бекітілген

"Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау кезінде жолаушылар вагондарына, вагон-мейрамханаларға және вокзалдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.
      2. Осы санитарлық ережеде келесі терминдер және анықтамалар пайдаланылды:
      1) ұйымдастырылған балалар ұжымы – ересектер және медициналық қызметкерлердің алып жүруімен, бір вагонда, поезда бір бағыт бойынша темір жол көлігімен жүретін, жасы 6-дан бастап 18-ге дейінгі құрамы кемінде 10 баладан тұратын ұжым;
      2) балалар тасымалдауды ұйымдастырушылар – заңды және жеке адамдар.

2. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3812 болып тіркелген "Темір жол көлігі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 шілдедегі N 358 бұйрығымен (бұдан әрі - N 358 бұйрық) бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларға сәйкес жолаушылар вагоны бөлінеді.
      4. Бір тәуліктен артық жол жүру ұзақтығы кезінде жолаушы поезының схемасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2987 болып тіркелген "Темір жол көлігі объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 шілдегі бекітілген N 496 бұйрыққа (бұдан әрі - N 496) сәйкес вагон-мейрамхана енеді.
      5. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдауға арналған жолаушылар вагондары жоғары орындарға арналған қауіпсіздік белбеулерімен жабдықталады.
      6. Кіру есіктерінде төмендегі платформаға түсу үшін жеткілікті мөлшерде басқыштары бар аяқ қойғыш болуы тиіс.
      7. Жолаушы вагонын, вагон-мейрамхананы жабдықтау, ішкі кеңістіктің техникалық параметрлері, вагондарды құрастыру, құрастыру және әрлеу материалдары N 358, N 496 бұйрықтар талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
      8. Жолаушы вагон осы санитарлық ережеге 1-қосымшаға сәйкес індетке қарсы жиынмен, сондай-ақ жол бойында карантиндік және аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын науқас, күдіктілер анықталған жағдайға медициналық зембілдермен жабдықталады.
      9. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдау үшін жолаушы вагоны осы санитарлық ережеге 2-қосымшаға сәйкес педикулезға қарсы жиынмен қосымша толықтырылады.
      10. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының топтары: 7-ден 9 жасқа дейін – 24 бала, 10-нан 12 жасқа дейін – 30 бала, 13 жастан бастап және одан үлкен жаста – 34 бала, әртүрлі жастағы – 30 баладан артық емес санмен құралады.
      11. Балалардың жол жүруін ұйымдастырушылар осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес жөнелтуге дейінгі кемінде 5 тәулік ішінде жоспарланған мерзім және балалар саны туралы ақпаратты аумақтағы және темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жібереді.
      12. Сапарға дайындалған жолаушы поезы құрамында темір жол көлігі қызметінің өкілдері, балаларды жөнелтетін ұйымдастырушы және темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдері бар комиссиямен қабылданады. Қарау нәтижелері осы санитарлық ережеге 4-қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.
      13. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тәрбиешілер, оқытушылар немесе ата-аналар, сондай-ақ медициналық қызметкерлер бірге алып жүреді.
      14. Медициналық қызметкер аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында (бұдан әрі – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы) нұсқаулықтан өтеді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3358 болып тіркелген " Халыққа кезек күттірмес медициналық көмек көрсетуге арналған бастапқы жәрдем қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 876 бұйрығы талаптарына сәйкес барлық жол бойында медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі.
      15 . Жолсеріктер және алып жүретін адамдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2556 болып тіркелген "Халық тың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 766 бұйрығына сәйкес медициналық қараудан, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2531 болып тіркелген " Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 688 бұйрығына сәйкес гигиеналық оқудан өтеді.
      16. Жолаушы поезында бір мезетте бірнеше ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдауға рұқсат етіледі.
      17. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын отырғызу кезінде бірінші кезекте кіші жастағы топтың балалары орналасады. Мүгедек балалар жеке купеге орналасады. Барлық балалар тәулігіне кемінде 3 рет шәймен қамтамасыз етіледі.
      18. Балаларға арналған вагонға балалар мен ересек жолаушыларды бірге орналастырған кезде жеке дәретхана бөлінеді.
      19. Жол жиынтығына енетін азық-түлік ассортиментін ("құрғақ ас") балаларды тасымалдауды ұйымдастырушы көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келіседі. "Құрғақ асқа" мынадай азық-түлікті енгізуге рұқсат етіледі:
      1) бұқтырылған, туралған, ет консервілері, құс етінің паштеті, ет-өсімдік паштеттері (күріш, бұршақ, макарон өнімдері және еті бар көкөніс), ет қосылған консервіленген түскі тамақ;
      2) көкөніс консервілері, балық және май қосылған теңіз өнімінен жасалған консервілер (шпроттар), табиғи (скумбрия);
      3) "суға пісірілген" қайнатылған тауық жұмыртқалары;
      4) печенье, галеттер, крекерлер, пряниктер, жұмсақ конфеттер, нан және бөлке өнімдері;
      5) жеміс шырыны, жеміс және жидек сусындары, ыдысқа құйылған ауыз су.
      20. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының бір тәуліктен асатын жол жүру ұзақтығы кезінде ыстық тамақтандыру және ішу тәртібі қамтамасыз етіледі.
      21. Жолаушы вагоны және вагон-мейрамханалар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2999 болып тіркелген " Шаруашылық - ауызсумен жабдықтау және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығы талаптарына сәйкес сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
      22. Вагон-мейрамхана жеткілікті мөлшердегі азық-түлік шикізатымен, оралған күйдегі жартылай фабрикаттармен және ыдысқа құйылған ауыз сумен жабдықталады. Азық-түлік шикізаты, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер және ыдысқа құйылған ауыз су тамақ өнімінің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттармен бірге жүреді.
      23. Ұйымдастырылған балалар ұжымы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3608 болып тіркелген "Ыдысқа құйылған ауыз суын, минералды табиғи және жасанды минералдандырылған суларды өндіруге, сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 147 бұйрығы талаптарына сәйкес ыдысқа құйылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
      24. Жол жүруді ұйымдастырушылар ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тамақтандыруға арналған вагон-мейрамханаларындағы тамақ және өнімдердің ассортиментін құрастыру пункттерінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келіседі.
      25. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын мақсатты жерге жөнелту және келу станциялары вокзалдарында темір жол қызметінің лауазымды адамдары балаларды күту залына орналастыруды, сондай-ақ балаларды вагонға отырғызуда және түсіруде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
      26. Поездың жөнелтілуі немесе келуі кешіккен жағдайда балалар вокзалдың демалыс бөлмесіне орналасады. Балалар үшін ыстық тамақ және ішу тәртібі ұйымдастырылады.
      27. Демалысқа және сауықтыру ұйымдарына бару кезінде балалар медициналық қараудан өтеді.
      28. Жолаушы құрамына науқас (қызуы көтерілген, іш өту, құсу, іштің түйнеп ауру белгілері бар) балаларды отырғызуға рұқсат етілмейді. Жол бойында аурудың жіті түрінің белгілері бар бала анықталған кезде, ол бала жеке купеге оқшауланады.
      29. Ұйымдастырылған б алалар ұжымын алып жүретін медициналық қызметкер науқастанған бала туралы поез бастығына хабарлайды және одан әрі жүру мүмкіндігін немесе науқастанғанды жол бойындағы жақын станцияға ауруханаға жатқызу қажеттігін анықтайды.
      30. Жол бойы балалардың науқастануы мен жарақаттануының барлық жағдайларында поездың педиатриялық медициналық бригадамен немесе жедел медициналық көмектің мамандандырылған бригадасымен кездесуін ұйымдастыру үшін темір жол станцияларының және вокзалдарының медициналық пункттері қызметкерлеріне хабарлау тәртібі қамтамасыз етіледі.
      31. Жарақат алған немесе науқастанған баланы стационарға арнайыланбаған көлікпен тасымалдау қажеттілігі кезінде медициналық бірге алып жүру қамтамасыз етіледі.
      32. Жол бойында шұғыл медициналық көмек талап етілген ұйымдастырылған балалар ұжымы бар жолаушы поезының бастығы медициналық қызметкерлер бригадаларын отырғызуды қамтамасыз етеді және ерікті нысандағы актіні ресімдейді. Акт поезд бастығының, балалар тобын алып жүретін адамның және медициналық қызметкерлер бригадасы басшысының қол қоюларымен расталады. Актіде отырғызылған және түсірілген темір жол станциясының атауы, медициналық қызметкерлердің бригадасының отырғызу себептері көрсетіледі. Актінің көшірмесі медициналық мекеменің орнын ауыстыру орнына қайта жіберуде жүру үшін бірге алып жүретін медициналық қызметкерге беріледі.
      33. Науқас балалар анықталған жағдайда мақсатты станцияға дейін жол бағыты бойынша медициналық қызмет және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы арасында медициналық және індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу кезіндегі сабақтастық қамтамасыз етіледі.
      34. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының жол бойында және жөнелту, келу станцияларында науқастардың анықталуы туралы, сондай-ақ поездарда ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдау жағдайына қойылатын талаптардың анықталатын бұзылушылық фактілері туралы ақпарат жол бағыты бойынша жақын вокзалдың медициналық пунктіне және көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына беріледі.

3. Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау кезіндегі індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар

      35. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау кезінде медициналық қызметкер:
      1) жол бойында балалардың денсаулық жағдайын бақылайды;
      2) науқастанған балаларға медициналық көмек көрсетеді;
      3) науқастарды ауруханаға жатқызуды ұйымдастырады, вагондарда балалардың жеке гигиена ережесін сақтауын бақылайды.
      36. Сапар уақытында медициналық қызметкер өзінің әрекеттерін поезд бастығымен, темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының лауазымды адамдарымен келіседі.
      37. Сапарға жөнелткенге дейін медициналық қызметкер:
      1) балалардың және оларды алып жүретін адамдардың денсаулық жағдайы туралы анықтамалардың болуын тексереді;
      2) бекітіліп берілген медициналық дәрі қобдишасының тізбеге сәйкес дәрі-дәрмектермен толықтырылуын, уақтылы толығуын және дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімдерін тексереді;
      3) балалардың медициналық көмекке қаралуын тіркеуге арналған дәптердің болуын тексереді;
      4) поезға отырғызу алдында ұйымдастырылған топтарда денсаулығы жарамайтын балаларды анықтау мақсатында денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізеді;
      5) балаларға арналған барлық орындардың төсек орын қажеттіліктерімен және төсек жаймаларымен қамтамасыз етілуін тексереді.
      38. Сапар уақытында медициналық қызметкер:
      1) қажет болғанда термометр жүргізеді;
      2) балалар пайдаланатын вагондардың, санитарлық тораптардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына, вагондардағы тазалыққа, желдеткішке және температураға, ауыз судың тұрақты болуына, төсек қажеттіліктерінің жағдайына, балалардың жеке азық-түлікті сақтауына көңіл бөледі;
      3) санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде медициналық қызметкерге жол жүруде балаларды алып жүретін ересектер көмектеседі;
      4) балаларда жұқпалы ауру белгілеріне немесе тамақтан улануға күдік болған кезде немесе осындай науқас анықталған кезде медициналық қызметкер жолсерікпен бірге күдіктілерді және науқастанғандарды оқшаулайды, ол туралы жол бағыты бойынша жақын вокзалдың медициналық пунктіне және көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына дереу хабарлайды;
      5) жолсеріктің және балаларды алып жүруші ересектердің көмегімен ауруға күдіктілермен немесе науқастармен байланыста болып, араласқан балалардың тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, тұрғылықты жерін және оқу орнын, вагон нөмірін көрсету арқылы тізім жасайды;
      6) ұйымдастырылған балалар ұжымдарын вагон-мейрамханада тамақтандыру кезінде залдың санитарлық жағдайын, ыдыс жуу сапасын тексереді, вагон-мейрамхана жұмыскерлерінен және балалардан жеке гигиена ережесін сақтауды талап етеді;
      7) мәзір жасауға және ыстық тамақ орнына балаларға берілетін азық-түлік ассортиментін таңдауға қатысады;
      8) әрбір тамақ ішуді бастар алдында дайын тамақтың бракеражын жүргізеді. Нәтижелері өндіріс меңгерушісі және вагон-мейрамханасының директорымен бірге вагон-мейрамханасының бракераж журналына жазылуы тиіс;
      9) жол жүру уақытында балаларға бастапқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер береді.
      39. Мақсатты станцияға келгенде медициналық қызметкер балалар сауықтыру ұйымының лауазымды тұлғасына баланың тегін, атын, әкесінің атын, мекен-жайын, емдеу ұйымының атауын және мекен-жайын, ауруханаға жатқызылған уақытын және диагнозын көрсету арқылы жол бойында ауруханаға жатқызылған адамдар (немесе ауруханаға жатқызылғандардың болмағаны) туралы анықтама береді.

                                       "Ұйымдастырылған балалар
                                      ұжымын темір жол көлігімен
                                   тасымалдау жағдайларына қойылатын
                                санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                       ережесі мен нормаларына
                                              1-қосымша

      Карантиндік жұқпамен ауыратын науқас немесе күдікті
      анықталған кезде санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар
                  жүргізуге арналған жиын



Атауы

Саны

1.

Эмалданған шелек

3 дана

2.

Дезинфекциялық құрал 100 грамнан

4 дана

3.

Ветошь

3 дана

4.

Байланыста болғандарды санаққа алуға арналған дәптер

5 дана

5.

Қарындаш

1 дана

6.

Бет перде

20 дана

7.

Пайдаланылған бет перделерге арналған полиэтиленді пакеттер

2 дана

                                        "Ұйымдастырылған балалар
                                        ұжымын темір жол көлігімен
                                   тасымалдау жағдайларына қойылатын
                                санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                        ережесі мен нормаларына
                                               2-қосымша

       Педикулезға қарсы өңдеу жүргізуге арналған жиын 



Атауы

1.

Науқастың киім-кешегін жинауға арналған клеенкалы немесе қағаз мақталы қапшық

2.

Шаштарды жағуға немесе зарарсыздандыруға арналған лоток

3.

Клеенкалы пелерин

4.

Резеңке қолғап

5.

Қайшы

6.

Майда тісті тарақ (металл)

7.

Спирт

8.

Бас киім

9.

Мақта

10.

Ас сілтісі немесе 5-10%-дық сілті қышқылы

11.

"Педилин" немесе "Педикс" шампуньы, "Нитифор" немесе "Антибит" лосьоны

                                         "Ұйымдастырылған балалар
                                        ұжымын темір жол көлігімен
                                   тасымалдау жағдайларына қойылатын
                                санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
                                     санитарлық-эпидемиологиялық
                                       ережесі мен нормаларына
                                                 3-қосымша

      Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын темір жол
         көлігімен жолға шығару туралы ақпарат

N

Бастапқы деректер

Толтыруға жатады

1.

Жол жүруді ұйымдастырушы (заңды және жеке тұлға)


2.

Балалардың жол жүруін ұйымдастырушының заңды мекен-жайы


3.

Жолға шығу күні


4.

Жөнелту станциясы


5.

поездың N


6.

Вагонның түрі (облсаралық жатын, купелі, жұмсақ)


7.

Балалар саны


8.

Алып жүрушілер саны


9.

Медициналық алып жүрушілердің болуы (дәрігер, орта медициналық жұмыскерлер саны)


10.

Мақсатты станция


11.

Балалар сауықтыру ұйымының атауы және мекен-жайы


12.

Жол бойында тамақтандырудың жоспарланған түрі (вагон-мейрамхана, "құрғақ ас")


Басшы (жол жүруді ұйымдастырушы)
Қолы ______________________
Мөр орны

                                       "Ұйымдастырылған балалар
                                      ұжымын темір жол көлігімен
                                  тасымалдау жағдайларына қойылатын
                                санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
                                     санитарлық-эпидемиологиялық
                                       ережесі мен нормаларына
                                              4-қосымша

                       Жалпы нысан актісі

__________________________________________________темір жол станциясы
_____________________________________ озып өтудегі N___________ поезд
200___ ж. "_____" ______________
Осы акті мына адамдардың қатысуымен жасалды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Жөнелту станциясы
      Мақсатты станция
      200__ж. "____"__________ N ________жөнелту
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
N ____ вагон багаждың немесе жүкбагаждың атауы_______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Акт жасауға себеп болған жағдайларды сипаттау:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қолы:

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к условиям перевозки организованных детских коллективов железнодорожным транспортом"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 октября 2008 года № 555. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 ноября 2008 года № 5374. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 июля 2010 года № 550

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 28.07.2010 № 550 (порядок введения в действие см. п. 6).

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 7 , подпунктом 1) статьи 17 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2002 года "О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к условиям перевозки организованных детских коллективов железнодорожным транспортом".
      2. Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Белоног А.А.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту правовой работы и государственных закупок Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Малгаждарова Б.Т.) направить настоящий приказ на официальное опубликование после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора - Главного государственного санитарного врача Республики Казахстан Белоног А.А.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня официального опубликования.

      Министр                                    А. Дерновой

"СОГЛАСОВАН"
Министр транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан
_____________ С. Ахметов
3 ноября 2008 года

Утверждены приказом    
Министра здравоохранения 
Республики Казахстан   
от 22 октября 2008 года № 555

Санитарно-эпидемиологические правила и нормы
"Санитарно-эпидемиологические требования к условиям перевозки
организованных детских коллективов железнодорожным
транспортом"

1. Общие положения

      1. Настоящие санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к условиям перевозки организованных детских коллективов железнодорожным транспортом" (далее - санитарные правила) содержат санитарно-эпидемиологические требования к условиям перевозки организованных детских коллективов пассажирским вагонам, вагонам-ресторанам и вокзалам.
      2. В настоящих санитарных правилах использованы следующие термины и определения:
      1) организованный детский коллектив - коллектив не менее чем из 10 детей, в возрасте от 6 до 18 лет, следующий железнодорожным транспортом по одному маршруту в одном вагоне, поезде, в сопровождении взрослых и медицинского работника;
      2) организаторы поездки детей - юридические и физические лица.

2. Санитарно-эпидемиологические требования к условиям
перевозки организованных детских коллективов

      3. Для перевозки организованных детских коллективов выделяются пассажирские вагоны, соответствующие санитарно-эпидемиологическим правилам и нормам, утвержденные приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 июля 2005 года № 358 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по железнодорожному транспорту", зарегистрированном в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3812 (далее - приказ № 358).
       4. При продолжительности поездки более одних суток в схему пассажирского поезда включается вагон-ресторан, в соответствии с утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 июня 2004 года № 496 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм объектов железнодорожного транспорта", зарегистрированном в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2987 (далее - приказ № 496).
      5. Пассажирские вагоны, предназначенные для перевозки организованных детских коллективов, снабжаются ремнями безопасности для верхних полок.
      6. Входные двери обеспечиваются подножками с достаточным количеством ступенек для посадки с низкой платформы.
      7. Оборудование пассажирского вагона, вагона-ресторана, технические параметры внутреннего пространства, конструкция вагонов, конструкционные и отделочные материалы обеспечиваются в соответствии с требованиями приказов № 358 , № 496 .
      8. Пассажирский вагон оснащается противоэпидемической укладкой в соответствии с приложением 1 к настоящим санитарным правилам, а также медицинскими носилками на случай выявления в пути следования больного, подозрительного на заболевание карантинными инфекциями.
      9. Пассажирский вагон, для перевозки детских коллективов, укомплектовывается дополнительно противопедикулезной укладкой в соответствии с приложением 2 к настоящим санитарным правилам.
      10. Группы организованных детских коллективов формируются численностью не более: в возрасте от 7 до 9 лет - 24 детей; от 10 до 12 лет - 30 детей; от 13 лет и старше - 34 детей; разных возрастов - 30 детей.
      11. Организаторы поездки детей направляют в органы государственного санитарно-эпидемиологического надзора на территории и железнодорожном транспорте информацию о планируемых сроках и количестве детей в соответствии с приложением 3 к настоящим санитарным правилам, не менее чем за 5 суток до отправления.
      12. Подготовленный в рейс пассажирский поезд принимается комиссией в составе представителей службы железнодорожного транспорта, организатора поездки детей и органов государственного санитарно-эпидемиологического надзора на железнодорожном транспорте. Результаты осмотра оформляются актом в соответствии с приложением 4 к настоящим санитарным правилам.
      13. Организованные детские коллективы сопровождаются воспитателями, преподавателями или родителями, а также медицинскими работниками.
      14. Медицинский персонал проходит инструктаж в территориальных органах государственного санитарно-эпидемиологического надзора и на транспорте (далее - органы государственного санитарно-эпидемиологического надзора), на весь путь следования обеспечивается медицинской аптечкой в соответствии с требованиями приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 декабря 2004 года № 876 "Об утверждении состава аптечки первой помощи для оказания неотложной медицинской помощи населению", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3358.
      15. Проводники и сопровождающие лица проходят медицинские осмотры в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 октября 2003 года № 766 "Об утверждении Правил проведения обязательных медицинских осмотров декретированных групп населения", зарегистрированном в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2556, а также гигиеническое обучение в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 сентября 2003 года № 688 "Об утверждении Правил по организации и проведению гигиенического обучения декретированной группы населения", зарегистрированном в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2531.
      16. В пассажирском поезде допускается перевозить одновременно несколько организованных детских коллективов.
      17. При посадке организованных детских коллективов первыми размещаются дети младших возрастных групп. Дети-инвалиды размещаются в отдельном купе. Все дети обеспечиваются чаем не менее 3 раз в сутки.
      18. При совместном размещении в вагоне детей и взрослых пассажиров для детей выделяется отдельный туалет.
      19. Ассортимент продуктов, входящих в дорожный набор (сухой паек), организаторами поездки детей согласовывается с органами государственного санитарно-эпидемиологического надзора на транспорте. Допускается в дорожный набор (сухой паек) включать следующие продукты:
      1) консервы мясные, тушеные, фаршевые, паштеты из мяса птицы, паштеты мясорастительные (из риса, круп, макаронных изделий и овощей с мясом), консервированные обеденные блюда с мясом;
      2) консервы овощные, консервы рыбные и из морепродуктов в масле (шпроты), натуральные (скумбрия);
      3) яйца куриные, вареные "вкрутую";
      4) печенье, галеты, крекеры, пряники, конфеты мягкие, хлеб и булочные изделия;
      5) соки фруктовые, напитки фруктовые и ягодные, расфасованная питьевая вода.
      20. При продолжительности поездки организованных детских коллективов более одних суток, обеспечивается горячее питание и питьевой режим.
      21. Пассажирские вагоны и вагоны-рестораны обеспечиваются доброкачественной питьевой водой, соответствующей требованиям приказа и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 июня 2004 года № 506 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2999.
      22. Вагон-ресторан экипируется достаточным количеством продовольственного сырья, полуфабрикатами в упакованном виде и расфасованной в емкости питьевой водой. Продовольственное сырье, полуфабрикаты, готовые продукты и расфасованная в емкости питьевая вода сопровождается документами, удостоверяющие безопасность пищевой продукции.
      23. Организованные детские коллективы обеспечиваются расфасованной в емкости питьевой водой, соответствующей требованиям приказа и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 марта 2005 года № 147 "Санитарно-эпидемиологические требования к производству, качеству и безопасности расфасованных в емкости питьевых, минеральных природных и искусственно минерализованных вод", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3608.
      24. Организаторами поездки, ассортимент блюд и изделий в вагонах-ресторанах для питания организованных детских коллективов согласовывается в пунктах формирования с органами государственного санитарно-эпидемиологического надзора.
      25. На вокзалах станций отправления и прибытия по назначению организованных детских коллективов должностными лицами железнодорожной службы обеспечивается размещение детей в зале ожидания, а также безопасная посадка детей в вагоны и высадка из вагонов.
      26. В случае задержки прибытия или отправления поезда дети размещаются в комнате отдыха вокзала. Для детей организовывают горячее питание и питьевой режим.
      27. Перед поездкой на отдых и в оздоровительные организации дети проходят медицинский осмотр.
      28. Посадка в пассажирский состав больных детей (температура, жидкий стул, рвота, острая боль в животе) не допускается. При выявлении в пути следования ребенка с признаками заболевания в острой форме, ребенок изолируется в отдельное купе.
      29. Медицинский работник, сопровождающий детский коллектив, сообщает о заболевшем ребенке начальнику поезда и определяет возможность дальнейшего следования или необходимость госпитализации заболевшего на ближайшей станции в пути следования.
      30. В пути следования обеспечивается порядок извещения работников медицинских пунктов железнодорожных станций и вокзалов обо всех случаях заболеваний и травм у детей для организации встречи поезда педиатрической медицинской бригадой или специализированной бригадой скорой медицинской помощи.
      31. При необходимости транспортировки травмированного или заболевшего ребенка в стационар неспециализированным транспортом обеспечивается медицинское сопровождение.
      32. Начальник пассажирского поезда с организованным детским коллективом, затребовавшим экстренную медицинскую помощь в пути следования, обеспечивает посадку бригады медицинских работников и оформляет акт. Акт заверяется подписями начальника поезда, лица, сопровождающего группу детей, и руководителя бригады медицинских работников. В акте указываются название железнодорожных станций посадки и высадки, причина посадки бригады медицинских работников в вагон. Копия акта выдается медицинским работникам сопровождения для проезда в обратном направлении к месту дислокации медицинской организации.
      33. В случае выявления больных детей обеспечивается преемственность при проведении медицинских и противоэпидемических (профилактических) мероприятий между медицинскими службами и органами государственного санитарно-эпидемиологического надзора по маршруту следования до станции назначения.
      34. Информация о выявленных больных на станциях отправления, прибытия и в пути следования организованных детских коллективов, а также о выявляемых в поездах фактах нарушений требований к условиям перевозки организованных детских коллективов передается в ближайший по маршруту следования медицинский пункт вокзала и в органы государственного санитарно-эпидемиологического надзора на транспорте.

3. Противоэпидемические (профилактические) мероприятия
при перевозке организованных детских коллективов
железнодорожным транспортом

      35. Медицинский работник при перевозке организованных детских коллективов:
      1) контролирует состояние здоровья детей в пути следования;
      2) оказывает медицинскую помощь заболевшим детям;
      3) организует госпитализацию больных, контролирует соблюдение детьми правил личной гигиены в вагонах.
      36. Во время рейса медицинский работник согласует свои действия с начальником поезда, должностными лицами органов государственного санитарно-эпидемиологического надзора на железнодорожном транспорте.
      37. До отправления в рейс медицинский работник:
      1) проверяет наличие справок о состоянии здоровья детей и сопровождающих их лиц;
      2) проверяет укомплектованность закрепленной медицинской аптечки медикаментами в соответствии с перечнем, своевременное пополнение и сроки годности медикаментов;
      3) проверяет наличие тетради для регистрации обращений детей за медицинской помощью;
      4) перед посадкой в поезд проводит опрос о состоянии здоровья в организованных группах с целью выявления детей с недомоганием;
      5) проверяет обеспеченность всех мест для детей постельными принадлежностями и постельным бельем.
      38. Во время рейса медицинский работник:
      1) при необходимости проводит термометрию;
      2) следит за санитарно-эпидемиологическим состоянием вагонов, санитарных узлов, которыми пользуются дети, чистоту, вентиляцию и температуру в вагонах, постоянным наличием питьевой воды, состоянием постельных принадлежностей, хранением личных продуктов детей;
      3) при проведении санитарно-противоэпидемических мероприятий медицинскому работнику помогают взрослые, сопровождающие детей в поездке;
      4) при подозрении на наличие у детей симптомов инфекционного заболевания или на пищевое отравление или при выявлении таких больных, медицинский работник совместно с проводником изолирует подозрительных и заболевших, немедленно сообщает об этом в ближайший по маршруту следования медицинский пункт вокзала и органы государственного санитарно-эпидемиологического надзора на транспорте;
      5) при помощи проводника и сопровождающих детей взрослых составляет списки контактных детей, общавшихся с подозрительными на заболевание или больными, с указанием номера вагона, фамилии, имени, отчества, даты рождения, места жительства и учебы;
      6) при питании организованных детских коллективов в вагоне-ресторане проверяет санитарное состояние зала, качество мытья посуды, требует от работников вагона-ресторана и детей соблюдения правил личной гигиены;
      7) принимает участие в составлении меню и подборе ассортимента продуктов, выдаваемых детям вместо горячей пищи;
      8) проводит бракераж готовых блюд перед началом каждого приема пищи. Результаты должны вноситься в бракеражный журнал вагона-ресторана совместно с заведующим производством и директором вагона-ресторана;
      9) выдает медикаменты, необходимые для оказания первой помощи детям во время поездки.
      39. По прибытии на станцию назначения медицинский работник выдает справку о госпитализированных лицах в пути следования, с указанием фамилии, имени, отчества, домашнего адреса ребенка, названия и адреса лечебной организации, даты госпитализации и диагноза (или отсутствия госпитализированных) должностному лицу детской оздоровительной организации.

Приложение 1
к санитарно-эпидемиологическим
правилам и нормам "Санитарно-
эпидемиологические требования к
условиям перевозки организованных
детских коллективов железнодорожным
транспортом"

     Укладка для проведения санитарно-противоэпидемических
     мероприятий при выявлении больного или подозрительного
              на заболевание карантинной инфекцией


Наименование

Количество

1.

Ведро эмалированное

3 шт.

2.

Дезинфицирующее средство по 100 грамм

4 шт.

3.

Ветошь

3 шт.

4.

Тетради для переписи контактных лиц

5 шт.

5.

Карандаш

1 шт.

6.

Маски

20 шт.

7.

Полиэтиленовые пакеты для сбора
использованных масок

2 шт.

Приложение 2
к санитарно-эпидемиологическим
правилам и нормам "Санитарно-
эпидемиологические требования к
условиям перевозки организованных
детских коллективов железнодорожным
транспортом"

     Укладка для проведения противопедикулезных обработок


Наименование

1.

Клеенчатый или хлопчатобумажный мешок для
сбора вещей больного

2.

Лоток для сжигания или обеззараживания волос

3.

Клеенчатая пелерина

4.

Перчатки резиновые

5.

Ножницы

6.

Частый гребень (металлический)

7.

Спиртовка

8.

Косынки

9.

Вата

10.

Столовый уксус или 5-10 % уксусная кислота

11.

Шампунь «Педилин» или «Педикс», лосьон
«Нитифор» или «Антибит»

Приложение 3
к санитарно-эпидемиологическим
правилам и нормам "Санитарно-
эпидемиологические требования к
условиям перевозки организованных
детских коллективов железнодорожным
транспортом"

       Информация о выезде железнодорожным транспортом
              организованных детских коллективов

№№

Исходные данные

Подлежит
заполнению

1.

Организатор поездки (юридические и
физические лица)


2.

Юридический адрес организатора
поездки детей


3.

Дата выезда


4.

Станция отправления


5.

Поезд №


6.

Род вагона (межобластной спальный,
купейный, мягкий)


7.

Количество детей


8.

Количество сопровождающих


9.

Наличие медицинского сопровождения
(количество врачей, средних
медицинских работников)


10.

Станция назначения


11.

Наименование и адрес детской
оздоровительной организации


12.

Планируемый тип питания в пути
следования (вагон-ресторан, «сухой
паек»)


      Руководитель (организатор поездки)
      подпись _________________________
      Место печати

Приложение 4
к санитарно-эпидемиологическим
правилам и нормам "Санитарно-
эпидемиологические требования к
условиям перевозки организованных
детских коллективов железнодорожным
транспортом"

                                 Акт

Железнодорожная станция ____________________________________________
Поезд № __________________ на перегоне _____________________________
"____"___________ 20____ г.
Настоящий акт составлен в присутствии следующих лиц:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Станция отправления ____________________________
      Станция назначения _____________________________
      Отправка № ________ от __________ 20_____ г.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Вагон № ______ наименование багажа или грузобагажа _________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Описание обстоятельств, вызвавших составление акта:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Подписи: