Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 660 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5414 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын іске асыру және Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмекті одан әрі даму және сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарының ережесі бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды:
      1) жаңа туған нәрестелер мен балалық шақтағы балалардың есту органдарын міндетті скринингтік тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді;
      2) балалар мен ерестердің есту қабілетінің бұзылуларын объективті зерттеу әдістерімен уақытылы диагностикалауды енгізу;
      3) балалар мен жасөспірімдерді қазіргі заманғы есту аппараттарын қондыруға жіберуді;
      4) есту қабілеті қатты бұзылған балалық шақтағы балаларды кохлеарлық имплантаттауға жіберуді;
      5) есту протезін қондыру кезінде, кохлеарлық имплантацияға дейін және одан кейін балалар мен жасөспірімдердің есту-сөйлеуін сәйкес оңалтуды;
      6) есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті (Исмаилов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                      Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 660 бұйрығымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережесі

      Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қармастан Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмек көрсететін медицина ұйымдарының міндеттерін, функцияларын, құқықтық және қызметін ұйымдастыру негіздерін айқындайды. K090193

1. Жалпы ережелер

      1. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар есту органдарының бұзылулары бар адамдардың ауруын анықтау, емдеу, медициналық және есту-сөйлеу қабілетін оңалту іс-шараларын уақтылы жүргізу мақсатында ұйымдастырылады.
      2. Сурдологиялық көмек есту органдарының бұзылулары бар адамдардың ауруын уақтылы анықтауды, емдеуді, есту-сөйлеу қабілетін оңалтуды, есту органдарын протездеуді және түзету-педагогикалық көмекті қамтиды.
      3. Халыққа сурдологиялық көмекті бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек түрінде көп бағдарлы денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
      4. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас сурдолог маман (республикалық, облыстық, қалалық) үйлестіреді.

2. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың
негізгі міндеттері

      5. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:
      1) жатырішілік даму кезеңін қоса алғанда, балалардың арасындағы есту органдары ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      2) жаңа туған және ерте шақтағы балаларды скринингтік тексеруді енгізу және жүргізу жолымен жаңа туған кезеңнен бастап балалардың есту патологиясы мен бұзылуларын анықтау;
      3) емдеудің барлық кезеңдеріне жалғастыруды сақтай отырып, ерте шақтағы балалардың есту бұзылуларын емдеуді және түзетуді уақтылы бастау;
      4) есту және сөйлеу бұзылулары бар адамдарды емдеудің консервативтік әдісін, медициналық-педагогикалық оңалту, жеке естуді протездеу және кохлеарлық имплантация жасауды қоса алғанда, уақтылы медициналық оңалту.

3. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың
қызметін ұйымдастыру

      6. Қазақстан Республикасының халқына амбулаторлық-емханалық сурдологиялық көмек көрсету жұмысын басқаратын негізгі құрылымдық бірлік сурдологиялық кабинет болып саналады.
      7. Сурдологиялық кабинет өңірдегі халықтың санына сәйкес есептеліп ұйымдастырылады:
      ересектер үшін – 100 мың ересекке 1 кабинет;
      балалар үшін – 40 мың балаға 1 кабинет.
      8. Халыққа (ересектерге немесе балаларға) мамандандырылған медициналық көмек көрсететін сурдологиялық кабинет көп бағдарлы өңірлік (облыс, қала, аудан) денсаулық сақтау ұйымы базасында ұйымдастырылады. Сурдологиялық кабинет олардың жарғылық қызметімен көзделген тәртіппен сурдологиялық көмек көрсететін мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылымында құрылуы мүмкін.
      9. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйым балаларға немесе ересектерге арнайы сурдологиялық көмек көрсету үшін жеке заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін. Олардың әрқайсысының өзінің штаты және жабдықтары болады немесе екі кабинеттің штаттарын сақтай отырып, қосылуы мүмкін.
      10. Амбулаторлық-емханалық сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар мынадай үй-жайлардан тұрады:
      1) қабылдауды күтетін холл;
      2) тіркеу орны;
      3) меңгерушінің кабинеті;
      4) дәрігер-сурдологтың кабинеті;
      5) үндес және ойын аудиометрия жүргізуге арналған кабинет;
      6) сөйлеу аудиометриясын жүргізуге, бос дыбыс өрісі аудиометриясын және есту аппараты жұмысының режимін анықтауға арналған кабинет;
      7) функционалдық диагностика кабинеті (импендансометрия, шақырылған есту потенциалдарын, отоакустикалық эмиссияны тіркеу, вестибулометрия);
      8) мамандар кабинеті – невропатолог, сурдопедагог, логопед, психолог;
      9) жеке құлақ салымшаларын даярлауға арналған отопластикалық зертхана.
      11. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымға есту органдарының патологиясы бар адамдарды негізі мамандар (педиаторлар, терапевтер), сонымен бірге нақты мамандар (оториноларингологтар, психиаторлар, невропатологтар, логопедтер т.б.) жолдама береді.
      12. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жабдықтар тізімі болу керек.
      13. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарда зерттеудің қазіргі заманғы әдістемелерін қолданып, консультациялық-диагностикалық сурдологиялық көмек көрсетіледі және мынадай есту бұзылулары бар адамдар динамикалық бақылауда болады:
      1) 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде арнайы білім беретін ұйымдардың оқушылары.
      2) құлақ мүкісі үдеу үстіндегі науқастар;
      3) біржақты құлақ мүкісі бар сырқаттар;
      4) есту қабілетін жақсартуды, есту қабілетін сақтауды қажет ететін сырқаттар;
      5) кохлеарлық имплантация операциясын жасауды қажет ететін сырқаттар (операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде).
      14. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарда мынадай көмек көрсетіледі:
      1) жаңа туған және ерте шақтағы балаларға скринингтік тексерулер;
      2) нақты зерттеу әдістерімен есту қабілетінің бұзылуларын диагностикалау;
      3) есту органдарын протездеу (есту аппаратын жеке таңдау, жеке құлақ салымшаларын дайындау, есту аппаратына үйрену (реэдукация);
      4) кохлеарлық имплантация (кандидаттарды операцияға іріктеу, операция, сөйлеу процессорын қосу және реттеу);
      5) есту органдарын протездеудің сәйкестігін динамикалық байқау және бақылау;
      6) есту-сөйлеу қабілетін оңалту (сөйлеу мен қалған есту қабілетін дамыту).
      15. Сурдологиялық кабинетте бір сырқатты тексеру осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нормативтік уақытқа сай жүзеге асырылады.
      16. Сурдологиялық көмек аудиологиялық скринингтен басталады. Ол жаңа туған және ерте шақтағы балалардың отоакустикалық эмиссиясын тіркеу әдісімен жүргізіледі. Ерте шақтағы балаларда аудиологиялық скрининг белгіленген мерзімдерде жүргізіледі: 1 жасқа дейін – тоқсан сайын, 3 жасқа дейін алдыңғы скринингке қарамастан – жылына екі рет.
      17. Аудиологиялық скринигтің нәтижесі жаңа туған және ерте шақтағы балалардың даму сырқатнамасына жазылады. Балада есту қабілетінің бұзылуы анықталған жағдайда тереңдетілген сурдологиялық және аудиологиялық зерттеулер жүргізіледі.
      18. Тереңдетілген сурдологиялық және аудиологиялық зерттеулер есту кемістігінің дәрежесін анықтау және есту органдарын протезеудің, кохлеарлық имплантацияның, естуді жақсарту операцияларының, есту-сөйлеу қабілетін оңалтудың қажеттігін уақтылы шешу мақсатында жүргізіледі.
      19. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес адамдардың есту органдарын міндетті түрде протездеу жақсы еститін құлағының есту шегі төмендегідей болғанда жүргізіледі:
      1) 15 жасқа дейінгі балаларда – 31 децибел және одан жоғары;
      2) ересектерде – 41 децибел және одан жоғары.
      20. Балалар мен ересектердің есту органы екі жақты зақымданған жағдайда бинауралдық протездеу жүргізіледі.
      21. Есту қабілетінің төмендеуіне байланысты сөйлеу кемістігі бар балаларға сурдопедагогикалық көмек қажет, оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға жібереді.
      22. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар олардың жарғылық қызметімен көзделген тәртіппен есту аппараттары мен кохлеарлық имплантаттау жүйесіне сервистік техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсете алады.
      23. Есту органдарының ауруы бар адамдарға стационарлық медициналық көмек ауруханалық медициналық көмек көрсететін көп бағдарлы денсаулық сақтау ұйымдарының салалық ЛОР-бөлімшесінде көрсетіледі (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық).
      24. Құрамында халыққа (ересек немесе балаларға) медициналық көмек көрсететін салалық ЛОР-бөлімшесі бар республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында сол ұйымның штаттық санына кіретін Республикалық сурдологиялық кабинет құрылады.
      25. Республикалық сурдологиялық кабинет аумақтық (облыстық, қалалық, аудандық) сурдологиялық кабинеттерге халыққа сурдологиялық көмек көрсету бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

                                         Қазақстан Республикасының
                                           халқына сурдологиялық
                                         көмек көрсететін ұйымдар
                                              туралы ережеге
                                                1-қосымша

      Сурдологиялық кабинетке арналған жабдықтарының
                       ең аз тізбесі

N

Жабдықтың атауы

Саны (дана/ жиынтық)

1

2

3


Диагностикалық жабдықтар


1.

Үндес және сөйлеу тілінің аудиометриясын жүргізуге арналған кабинет


1.1

Ішіне орнатылған зорайтқышы және Print View 1.15 бағдарламалық қамсыздандырылуы, компьютер мен принтерге қосуға арналған кабелі бар клиникалық аудиометр (үндес ауа және сүйек аудиометриясы, жоғары жиілікті аудиометрия, бос дыбыс алаңындағы аудиометрия, сөйлеу тілінің аудиометриясы, аудиометрия нәтижелерін принтермен басып шығару)

1

1.2

Еркін дыбыс алаңындағы аудиометрияға арналған колонкалар

3

1.3

Еркін дыбыс алаңындағы аудиометрияға арналған түрлі-түсті панельдер

3

1.4

Ойын аудиометрі

1

1.5

Ерте шақтағы балалардың есту қабілетін зерттеуге арналған педиатриялық аудиометр

1

1.6

Камертондар жинағы (С64-С4000)

1

1.7

Секундомер

1

1.8

Компьютер принтерімен

1

2.

Функционалдық диагностика кабинеті


2.1

Отоакустикалық эмиссияны тіркеу модулімен, дербес компьютер мен арнайы компьютерлік қосымша базасында жаңа туылған нәрестелердің есту қабілетін скринингтеуге арналған модульмен бірге ми қабығының қайтарылған есту потенциалдарын (ҚЕП) тіркеудің аудиометриялық модулі

1

2.2

Клиникалық тимпанометр/импедансометр

1

2.3

Қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу қондырғысы (егер жаңа туған нәрестелердің және ерте шақтағы балалардың есту қабілетін скринингтеуді жергілікті жерлерде жүргізу көзделген болса және егер ҚЕП-ті тіркеуге арналған модуль отоакустикалық эмиссияны тіркеу модулімен толықтырылмаған болса)

1

2.4

Окулография және нистагмография (дербес компьютермен арнайы компьютерлік қосымша базасында) немесе френтцель көзілдірігі.

1

2.5

Барани креслосы

1

3.

Сөйлеу тілінің аудиометриясын жүргізуге және есту аппаратының жұмыс режимін нақтылауға арналған кабинет


3.1

Есту аппараттарының анализаторлары

1

3.2

Принтері және есту аппараттарын іріктеп таңдау мен күйіне келтіруге арналған бағдарламасы бар компьютер

1


ЛОР-аспаптар мен ЛОР-жабдықтардың ең аз жинағы


1.1

Мұрын айнасы

20

1.2

Көмей айнасы

20

1.3

Мұрын-жұтқыншақ айнасы

20

1.4

Құлақ воронкалары

20

1.5

Әр түрлі зондтар

40

1.6

Шпателдер

40

1.7

Құлақты үрлеуге арналған катетер

10

1.8

Құлаққа арналған істік пинцеттер

5

1.9

Жоне шприці

3

1.10

Зигле воронкалары

2

1.11

Политцер баллоны

2

1.12

Бүйрек тәріздес астаушалар

20

1.13

Маңдай рефлекторы

2

1.14

Отоскоп

2

1.15

Зарарсыздандырғыш

1

1.16

Зарарсыздандырылған материалға арналған бикстер

6

1.17

Спиртовка

2

1.18

ЛОР үстелі

2

1.19

Медициналық шкаф

2

1.20

Кварцтеуге арналған шам

3

1.21

Үстел шамы

2

1.22

Пациент креслосы

1


Оқу-оңалту жабдықтары мен аспаптары


1.1

Жеке есту-сөйлеу тренажеры

1

1.2

Топта (4-6 адам) жұмыс істеу үшін FM технологияны пайдаланатын сымсыз оқу сыныбы

1

1.3

Дербес компьютер базасындағы сурдологопедиялық тренажер

1

1.4

Музыкалық орталық

1

1.5

Тиесілі жарақтарымен есту аппараттарының жиынтығы (жиынтыққа санды және ұқсас бағдарламаланатын 10 есту аппараты кіреді)

1

1.6

Индукциялық жүйелер (индукциялық ілмек жүйелері)

1

1.7

Логопедтік зондтар жинағы

1

1.8

Қабырға айнасы

1

1.9

Үстел айнасы

1

1.10

Мектеп тақтасы

1

1.11

Сурдопедагог, логопед кабинетіне арналған диагностикалық, дидактикалық және ойын материалдарының жиынтығы

1


Невропатолог дәрігердің жабдықтары мен аспаптарының жиынтығы


1.1

Неврологиялық балға

1

1.2

Жанардың жарыққа әсерін зерттеуге арналған неврологиялық қолшам

1


Психологтың диагностикалық жабдықтарының жиынтығы


1.1

Психикалық функцияларды зерттеуге арналған әдістемелер

1


Жеке құлақ салымшаларын даярлауға арналған отопластикалық зертхана


1.1

Жеке құлақ салымшаларын даярлауға арналған жабдықтар мен шығын материалдарының жиынтығы

1


Есту аппараттарына сервистік қызмет көрсету жөніндегі инженердің жабдықтары мен аспаптары

1


Дәрігерлік, педагогикалық және техникалық персоналға арналған жиһаздар жинағы


1.1

Дәрігердің кабинетіне арналған жиһаздар жиынтығы

4

1.2

Логопедтерге, сурдопедагогтарға және психологтарға арналған жиһаздар жиынтығы

3

1.3

Отопластикалық зертханаға арналған жиһаздар жиынтығы

1

1.4

Есту аппараттарына сервистік және жөндеу қызметін көрсету жөніндегі инженерге және акустик инженерге арналған жиһаздар жиынтығы

2

1.5

Балалар жиһазы

2

1.6

Жөргекке орауға арналған үстел

1

1.7

Жаңа туған нәрестелерге арналған кереует

1

1.8

Кушетка

1

                                        Қазақстан Республикасының
                                          халқына сурдологиялық
                                        көмек көрсететін ұйымдар
                                              туралы ережеге
                                                 2-қосымша

       Сурдологиялық кабинетте бір емделушіні қарауға
              арналған уақыт нормативтері

Маманның қабылдауы:

минутпен

- ересектерге арналған сурдолог дәрігер

30

- балаларға арналған сурдолог дәрігер

40

- есту аппараттарын таңдау жөніндегі маман

40

- невропатолог дәрігер

20

- сурдопедагог, логопед және психолог:


а) бастапқы қабылдау

30

б) психологиялық-педагогикалық тексеру және әлеуметтік көмек

60

Аудиометриялық тексеруді жүргізу:


- үндес аудиометрия

30

- еркін дыбыс алаңындағы үндес аудиометрия

30

- шекті меже алдындағы аудиометрия

30

- ойын аудиометриясы

40

- сөйлеу тілінің аудиометриясы

40

- импедансометрия

30

- отоакустикалық эмиссияны тіркеу

30

- қайтарылған есту потенциалын тіркеу

60

Об утверждении Положения об организациях, оказывающих сурдологическую помощь населению Республики Казахстан

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2008 года N 660. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2008 года N 5414. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года № 311.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 29.04.2010 № 311.

      В целях реализации статьи 7 Закона Республики Казахстан "О системе здравоохранения" и дальнейшего развития и повышения качества оказания сурдологической помощи населению Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение об организациях, оказывающих сурдологическую помощь населению Республики Казахстан.
      2. Начальникам управлений здравоохранения областей, городов Астана и Алматы (по согласованию) принять к руководству настоящий приказ и обеспечить:
      1) организацию и проведение обязательных скрининговых обследований органов слуха новорожденных и детей раннего возраста;
      2) внедрение диагностики нарушений слуха у детей и взрослых объективными методами исследования;
      3) своевременное направление детей и подростков на слухопротезирование современными слуховыми аппаратами;
      4) направление детей раннего возраста с глубокими нарушениями слуха на кохлеарную имплантацию;
      5) адекватную слухоречевую реабилитацию детей и подростков при слухопротезировании, до и после кохлеарной имплантации;
      6) представление ежегодной информации до 25 декабря отчетного года о ходе выполнения настоящего приказа.
      3. Департаменту лечебно-профилактической работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Исмаилов Ж.К.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      4. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Молдагасимова А.Б.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа, после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Вощенкову Т.А.
      6. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Министр                                    Ж. Доскалиев

Утверждено
приказом Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 22 декабря 2008 года № 660

Положение
об организациях, оказывающих сурдологическую помощь
населению Республики Казахстан

      Настоящее Положение разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан "О системе здравоохранения" и определяет задачи, функции, правовые и организационные основы деятельности организаций, оказывающих сурдологическую помощь населению Республики Казахстан независимо от форм собственности. K090193

1. Общие положения

      1. Организации, оказывающие сурдологическую помощь населению организуются в целях своевременного проведения мероприятий, направленных на выявление, лечение, медицинскую и слухоречевую реабилитацию лиц с нарушением органов слуха.
      2. Сурдологическая помощь включает в себя своевременное выявление, лечение, слухопротезирование, слухоречевую реабилитацию, специальную коррекционно-педагогическую помощь лицам с патологией органов слуха.
      3. Сурдологическая помощь населению оказывается многопрофильными организациями здравоохранения в форме первичной медико-санитарной и консультативно-диагностической или стационарной медицинской помощи.
      4. Работу организаций, оказывающих сурдологическую помощь населению, координирует главный внештатный специалист сурдолог (республики, области, города).

2. Основные задачи организаций, оказывающих
сурдологическую помощь населению

      5. Основными задачами организаций, оказывающих сурдологическую помощь населению, являются:
      1) организация и проведение мероприятий, направленных на профилактику заболеваний органов слуха среди детей, включая внутриутробный период развития;
      2) раннее выявление патологий и нарушений слуха у детей, начиная с периода новорожденности, путем внедрения и проведения скрининговых обследований новорожденных и детей раннего возраста;
      3) своевременное начало лечения и коррекция нарушений слуха у детей раннего возраста с соблюдением преемственности на всех этапах лечения;
      4) своевременная медицинская реабилитация лиц с нарушением слуха и речи, включая консервативные методы лечения, медико-педагогическую реабилитацию, индивидуальное слухопротезирование и кохлеарную имплантацию.

3. Организация деятельности организаций, оказывающих
сурдологическую помощь населению

      6. Основной структурной единицей, на которую возлагается работа по оказанию амбулаторно-поликлинической сурдологической помощи населению Республики Казахстан является сурдологический кабинет.
      7. Сурдологический кабинет организуется из расчета на количество соответствующего населения региона:
      для взрослых - 1 кабинет на 100 тысяч взрослого населения;
      для детей - 1 кабинет на 40 тысяч детского населения.
      8. Сурдологический кабинет организуется на базе многопрофильной организации здравоохранения региона (области, города, района), оказывающей специализированную медицинскую помощь населению (взрослому или детскому), как структурное подразделение. Сурдологический кабинет может быть создан в структуре негосударственных юридических лиц, оказывающих сурдологическую помощь в порядке, предусмотренном их уставной деятельностью.
      9. Организации, оказывающие сурдологическую помощь населению могут создаваться и функционировать как самостоятельное юридическое лицо для оказания специализированной сурдологической помощи детскому или взрослому населению, каждый со своим штатом и оборудованием, либо быть объединенным с сохранением штатов двух кабинетов.
      10. Организации, оказывающие амбулаторно-поликлиническую сурдологическую помощь должны располагать следующими помещениями:
      1) холл для ожидания приема пациентов;
      2) регистратура;
      3) кабинет заведующего;
      4) кабинет врача-сурдолога;
      5) кабинет для проведения тональной и игровой аудиометрии;
      6) кабинет для проведения речевой аудиометрии, аудиометрии в свободном звуковом поле и уточнения режима работы слухового аппарата;
      7) кабинет функциональной диагностики (импедансометрия, регистрация слуховых вызванных потенциалов, отоакустической эмиссии, вестибулометрия);
      8) кабинеты для специалистов - невропатолога, сурдопедагога, логопеда, психолога;
      9) отопластическая лаборатория для изготовления индивидуальных ушных вкладышей.
      11. В организации, оказывающие сурдологическую помощь населению направляются лица с патологией органов слуха врачами основных специальностей (педиатрами, терапевтами), а также узкими специалистами (оториноларингологами, психиатрами, невропатологами, логопедами и др.).
      12. Организации, оказывающие сурдологическую помощь населению должны иметь минимальный перечень оборудования, согласно Приложению 1 к настоящему Положению.
      13. В организациях, оказывающих сурдологическую помощь оказывается консультативно-диагностическая сурдологическая помощь с применением современных методик обследования, а также динамическое наблюдение лиц с нарушением слуха:
      1) дети в возрасте до 18 лет, в том числе учащиеся организаций специального образования;
      2) больные с прогрессирующей формой тугоухости;
      3) больные с односторонней тугоухостью;
      4) больные, нуждающиеся в слухулучшающей, слухосохраняющей операции;
      5) больные, нуждающиеся в операции по кохлеарной имплантации (в до и после операционном периоде).
      14. В организациях, оказывающих сурдологическую помощь населению осуществляется:
      1) скрининговое обследование новорожденных и детей раннего возраста;
      2) диагностика нарушений слуха объективными методами исследования;
      3) слухопротезирование (индивидуальный подбор слуховых аппаратов, изготовление индивидуальных ушных вкладышей, адаптация (реэдукация) к слуховым аппаратам);
      4) кохлеарная имплантация (отбор кандидатов на операцию, операция, подключение и настройка речевого процессора);
      5) динамическое наблюдение и контроль адекватности слухопротезирования;
      6) слухоречевая реабилитация (развитие речи и остаточного слуха).
      15. В сурдологическом кабинете осмотр одного пациента осуществляется в соответствии с нормативами времени, согласно Приложению 2 к настоящему Положению.
      16. Сурдологическая помощь начинается с аудиологического скрининга, который проводится методом регистрации отоакустической эмиссии новорожденных и детей раннего возраста. Аудиологический скрининг детей раннего возраста проводится в декретированные сроки: до 1 года - ежеквартально, до 3 лет - 2 раза в год, независимо от результатов предыдущего скрининга.
      17. Результаты аудиологического скрининга вносятся в историю развития новорожденного и историю развития ребенка. При выявлении у ребенка нарушений слуха проводятся углубленное сурдологическое и аудиологическое обследование.
      18. Углубленное сурдологическое и аудиологическое обследование проводится с целью определения степени понижения слуха и своевременного решения вопроса целесообразности слухопротезирования, кохлеарной имплантации, слухоулучшающих операций, слухоречевой реабилитации.
      19. В соответствии с рекомендациями Всемирной организации здравоохранения обязательное слухопротезирование лиц проводится при установлении порога слуха на лучше слышащем ухе:
      1) у детей до 15 лет - 31 децибел и выше;
      2) у взрослых - 41 децибел и выше.
      20. При двустороннем поражении органа слуха у детей и взрослых проводится бинауральное слухопротезирование.
      21. Дети с расстройством речи, обусловленным понижением слуха нуждаются в сурдопедагогической помощи и направляются в психолого-медико-педагогическую комиссию.
      22. Организации, оказывающие сурдологическую помощь населению могут оказывать услуги по сервисному техническому обслуживанию слуховых аппаратов и систем кохлеарной имплантации в порядке, предусмотренном их уставной деятельностью.
      23. Стационарная медицинская помощь лицам с патологией органов слуха оказывается в профильных ЛОР-отделениях многопрофильных организаций здравоохранения, оказывающих стационарную медицинскую помощь населению (республики, области, города, района).
      24. При республиканских организациях здравоохранения, имеющих в составе профильные ЛОР-отделения для оказания медицинской помощи (взрослому или детскому) населению создается Республиканский сурдологический кабинет в пределах штатной численности данной организации.
      25. Республиканский сурдологический кабинет оказывает организационно-методическую и практическую помощь территориальным (областным, городским, районным) сурдологическим кабинетам по вопросам оказания сурдологической помощи населению.

Приложение 1
к Положению об организациях,
оказывающих сурдологическую помощь
населению Республики Казахстан

                        Минимальный перечень
            оборудования для сурдологического кабинета

№№

Наименование оборудования

Количество
(шт./
комплект)

1

2

3


Диагностическое оборудование


1.

Кабинет для проведения тональной и речевой
аудиометрии


1.1

Аудиометр клинический со встроенным усилителем
и программным обеспечением Print View 1.15 и
кабелем для подключения к компьютеру и принтеру
(тональная воздушная и костная аудиометрия,
высокочастотная аудиометрия, аудиометрия в
свободном звуковом поле, речевая аудиометрия,
распечатка результатов аудиометрии на принтере)

1

1.2

Колонки для аудиометрии в свободном звуковом
поле

3

1.3

Цветовые панели для аудиометрии в свободном
звуковом поле

3

1.4

Аудиометр игровой

1

1.5

Аудиометр педиатрический для исследования слуха
детей раннего возраста

1

1.6

Набор камертонов (С64-С4000)

1

1.7

Секундомер

1

1.8

Компьютер с принтером

1

2.

Кабинет функциональной диагностики


2.1

Аудиометрический модуль регистрации слуховых
вызванных потенциалов (СВП) коры головного
мозга с модулем регистрации отоакустической
эмиссии, модулем для скрининга слуха
новорожденных на базе персонального компьютера
и специальной компьютерной приставки

1

2.2

Тимпанометр/импедансометр

1

2.3

Устройство регистрации вызванной
отоакустической эмиссии (необходимо в случае,
если предполагается проводить скрининг слуха
новорожденных и детей раннего возраста на
местах и если модуль для регистрации СВП не
дополнен модулем регистрации отоакустической
эмиссии)

1

2.4

Система для проведения окулографии и/или
нистагмографии (на базе персонального
компьютера и специальной компьютерной
приставки) или очки Френтцеля

1

2.5

Кресло Барани

1

3.

Кабинет для проведения речевой аудиометрии и
уточнения режима работы слухового аппарата


3.1

Анализатор слуховых аппаратов

1

3.2

Компьютер с принтером и программой для подбора
и настройки слуховых аппаратов

1


Минимальный набор ЛОР-инструментов и
ЛОР-оборудования


1.1

Зеркало носовое

20

1.2

Зеркало гортанное

20

1.3

Зеркало носоглоточное

20

1.4

Воронки ушные

20

1.5

Зонды разные

40

1.6

Шпатели

40

1.7

Катетер для продувания уха

10

1.8

Ушные штыковые пинцеты

5

1.9

Шприц Жоне

3

1.10

Воронки Зигле

2

1.11

Баллон Политцера

2

1.12

Лотки почкообразные

20

1.13

Рефлектор лобный

2

1.14

Отоскоп

2

1.15

Стерилизатор

1

1.16

Биксы для стерильного материала

6

1.17

Спиртовка

2

1.18

Лор-столик

2

1.19

Шкаф медицинский

2

1.20

Лампа для кварцевания

3

1.21

Лампа настольная

2

1.22

Кресло пациента

1


Учебно-реабилитационное оборудование и
инструментарий


1.1

Индивидуальный слухоречевой тренажер

1

1.2

Беспроводной учебный класс, использующий FM
технологию для групповой работы (4-6 чел.)

1

1.3

Сурдологопедический тренажер на базе
персонального компьютера

1

1.4

Музыкальный центр

1

1.5

Комплект слуховых аппаратов с принадлежностями
(комплект включает 10 программируемых слуховых
аппаратов, цифровых и аналоговых)

1

1.6

Индукционные системы (системы индукционной
петли)

1

1.7

Набор зондов логопедических

1

1.8

Зеркало настенное

1

1.9

Зеркало настольное

1

1.10

Доска школьная

1

1.11

Диагностический, дидактический и игровой
материал для кабинета сурдопедагога, логопеда

1


Комплект оборудования и инструментария врача
невропатолога


1.1

Неврологический молоточек

1

1.2

Неврологический фонарик для исследования
зрачковых реакций

1


Комплект диагностического оборудования психолога


1.1

Методики для исследования психических функций

1


Отопластическая лаборатория для изготовления
индивидуальных ушных вкладышей


1.1

Комплект оборудования и расходного материала
для изготовления индивидуальных ушных вкладышей

1


Оборудование и инструменты инженера по
сервисному обслуживанию слуховых аппаратов

1


Набор мебели для врачебного, педагогического и
технического персонала


1.1

Комплект мебели для кабинета врача

4

1.2

Комплект мебели для логопедов, сурдопедагогов и
психологов

3

1.3

Комплект мебели для отопластической лаборатории

1

1.4

Комплект мебели для инженера-акустика и
инженера по ремонту и сервисному обслуживанию
слуховых аппаратов

2

1.5

Мебель детская (стол, стулья, стеллажи и
контейнеры для хранения игрушек)

2

1.6

Столик для пеленания

1

1.7

Кроватка для новорожденных

1

1.8

Кушетка

1

Приложение 2
к Положению об организациях,
оказывающих сурдологическую помощь
населению Республики Казахстан

                          Нормативы времени
       для осмотра одного пациента в сурдологическом кабинете

Прием специалиста:

в минутах

  - врач-сурдолог для взрослых

30

  - врач-сурдолог для детей

40

  - специалист по подбору слуховых аппаратов

40

  - врач-невропатолог

20

  - сурдопедагог, логопед и психолог:


  а) первичный прием

30

  б) психолого-педагогическое обследование и
  социальная помощь

60

Проведение аудиометрического обследования:


  - тональная аудиометрия

30

  - тональная аудиометрия в свободном звуковом поле

30

  - надпороговая аудиометрия

30

  - игровая аудиометрия

40

  - речевая аудиометрия

40

  - импедансометрия

30

  - регистрация отоакустической эмиссии

30

  - регистрация слуховых вызванных потенциалов

60