Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы N 638 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5420 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 231 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.05.21 № 231 Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       1. Қоса беріліп отырған Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесі бекітілсін.
      2. "Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы N 13 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 7 ақпанда N 3426 тіркелген, "Заң газетінің" 2005 жылғы 18 қазандағы N 192 (926) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр                                          Ж. Түймебаев

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2008 жылғы 9 желтоқсандағы  
N 638 бұйрығымен бекітілген 

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша
ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың тәртібін айқындайды.
      3. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мыналар жатады:
      1) білім алушылар - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының білім алушылары;
      2) студенттер - жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының білім алушылары;
      3) курсанттар - оқу-жаттығу бөлімдерінде (орталықтарында), орта немесе жоғары әскери оқу орындарында оқитын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшілері;
      4) интерндер - базалық медициналық білім беру шеңберіндегі медициналық жоғары оқу орындарында білім алушылар;
      5) адъюнктер - әскери оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оку бағдарламаларын меңгерген білім алушылар;
      6) резидентураның тыңдаушысы (тағылымданушы резидент)  - резидентураның оқу бағдарламаларын меңгеретін маман;
      7) магистранттар - жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын магистратурада меңгерген білім беру ұйымдарының білім алушылары;
      8) докторанттар - жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын докторантурада меңгерген білім алушылар.
      4. Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір нысаннан екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
      5. Білім алушылардың оқытудың күндізгі және кешкі нысандарына ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде бес күн ішінде қарайды.
      Білім алушылардың оқытудың сырттай нысандарына ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін қарайды.
      6. Білім алушыларды оқуға қайта қабылдау және ауыстыру кезін, олардың оқудың алдыңғы академиялық кезеңінде оқыған оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылығы анықталады.
      7. Оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі айырмашылықты бөлімше жетекшісі білім алушының оқу карточкасында (транскрипт) немесе оқуын аяқтамаған азаматтарға берілген анықтамасында (бұдан әрі - Анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен көлемі негізінде анықтайды.
      8. Шетелдік білім беру ұйымынан білім алушыны оқуға қайта қабылдау немесе ауыстыру кезінде меңгерілген оқу бағдарламалары (академиялық анықтама, транскрипт және т.б.) туралы құжат, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында танылу немесе нострификациялау рәсімінен өтуі керек болатын білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.
      9. Оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі айырмашылықтарды жою үшін білім алушылар осы пәндерге жазылып, академиялық кезең барысында барлық оқу сабақтарына қатысады, оқу жоспарында қарастырылған ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
      10. Оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі айырмашылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда ол кейіннен академиялық қарыз ретінде ескеріледі.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
беретін оқу орындарында білім алушыларды ауыстыру және
қайта қабылдау

      11. Бір оқу орнында бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе оқудың бір нысанынан екіншісіне ауысу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
      12. Егер білім алушы ұйыммен (мекеме, кәсіпорын) жеке келісім-шарт жасаған болса, онда оның басқа оқу орнына немесе бір мамандықтан екіншісіне ауысуға аталған келісім-шарттың өзгертілуі немесе бұзылуы қажет.
      13. Білім алушыларды бірінші курсқа ауыстыру бірінші семестрді бітіргеннен кейін ұқсас мамандықтар бойынша бос рұқсат етіледі.
      14. Басқа оқу орнына ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, өзі қалаған білім беру ұйымының басшысына өтініш білдіреді.
      Қабылдайтын білім беру ұйымы басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәлендірілген білім алушының сынақ кітапшасының көшірмесі қоса тіркелуі қажет.
      15. Ауыстыру туралы мәселе шешілген жағдайда білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы оның оқу сабақтарына рұқсат беру, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыруы туралы бұйрық шығарады, бұрын білім алушы оқыған оқу орнына оның жеке іс құжаттарын жіберу туралы жазбаша сұраныс жолдайды.
      16. Оқу орнының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық білім алушының бұрын оқыған оқу орнынан жеке іс қағаздары алынғаннан кейін шығарылады.
      17. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында бұрын білім алған азаматтар сол немесе басқа оқу орнына қайта қабылдана алады.
      Білім алушының бір семестрді аяқтауы қайта қабылдану үшін міндетті талап болып табылады және қайта қабылдау туралы мәселе жеке өтініші негізінде ғана қаралады.
      Білім алушыларды бірінші курсқа оқуға қайта қабылдау бірінші семестрді аяқтағаннан кейін тиісті немесе ұқсас мамандықтардағы бос орындарға қабылдануға рұқсат етіледі.
      18. Оқу ақысын төлемегені білім алушы семестр кезінде оқудан шығарылған үшін ақылы негізде оқитын, берешегін өтеген жағдайда оқудан шығарылған сәттен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылдануға құқылы, бұл ретте білім беру ұйымы қарызын төлегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде білім алушыны қайта қабылдайды.
      19. Басқа оқу орнында бұрын білім алған білім алушыларды оқуға қайта қабылдау: курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған кезде; оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің қабылдайтын оқу орнының жұмыс оқу жоспарын оқу пәндері тізбесімен айырмашылығы төрт оқу пәндерінен артық болмаған жағдайларда рұқсат етіледі.
      20. Жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді іске асырушы білім беру ұйымдары басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен белгіленеді. Оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      21. Білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда білім алушы бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс құжаттарын жібереді, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кітапшасының көшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады.
      22. Жеке меншік ұйымдардың білім алушыларын мемлекеттік оқу орнына оқуға қайта қабылдау оқуға төленетін шығындарды толық қайтара отырып, тиісті немесе ұқсас мамандыққа ақылы негізде білім алу үшін жүргізіледі.
      23. Оқуға қайта қабылдану үшін білім беру ұйымы басшысының атына білім алушы өзінің оқуын жалғастырғысы келетінін білдіріп өтініш береді, бұл ретте оқуға қайта алу туралы өтінішке Анықтама қоса беріледі.
      24. Ұсынылған анықтама негізінде білім беру ұйымы курсын және пәндердің айырмашылығын анықтап, оқуға қайта қабылдау туралы өтінішті берілген уақыттан бастап екі апталық мерзімде қарауы қажет.

3. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды ауыстыру
және қайта қабылдау

      25. Ауысудың немесе оқуға қайта қабылданудың міндетті шарты бірінші академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының барлық талаптарын орындау және аралық аттестаттауды тапсыру болып табылады.
      26. Ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін, магистратура мен докторантура үшін үш оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады.
      27. Пәндердегі ерекшеліктерді анықтау кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.
      Сынақ білім алушының оқу жетістігін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша, ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы А (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда сәйкестендіріледі.
      28. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жазғы семестрдің нәтижелерін және алынған ауысу баллдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
      29. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жоғары оқу орнынан (бұдан әрі - ЖОО) басшысының бұйрығымен ресімделеді.
      30. Белгіленген ауысу баллын жинаған және академиялық қарызы бар болған жағдайда келесі курсқа ауыстырылған білім беру гранты бойынша білім алушы білім беру грантын жоғалтпайды, ал академиялық қарызын ақылы негізде жояды.
      31. Қайта оқу курсына қалдырылған білім беру гранты бойынша білім алушы осы гранттан айырылады және одан әрі ақылы негізде оқиды.
      32. Магистранттар мен докторанттарды бір білім және ғылым ұйымынан екіншісіне ауыстыру тек ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады.
      33. Білім алушыны бір ЖОО-дан (ғылым ұйымынан) екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан басқа ЖОО басшысына өтініш білдіреді;
      2) қабылдайтын ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет:
      факультет деканы (институт директоры) қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған және мөрмен бекітілген, кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі;
      3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттар негізінде жұмыс оқу жоспарының және оқу курсының міндетті компонентінің пәндеріндегі айырмашылықты анықтайды;
      4) факультет деканы (институт директоры), оқу бөлімінің бастығы (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма), ЖОО басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары қойған бұрыштамаларға сәйкес ЖОО ректоры білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
      34. Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш күн ішінде бұрын білім алушы оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау салады.
      35. Білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ның басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейін "(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды" деген мазмұнындағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш күн ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекен-жайына жолдайды.
      Білім алушы оқыған ЖОО-да оқу карточкасының және транскриптің көшірмелері, сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберілген құжаттардың тізбесі қалдырылады.
      36. Бір ЖОО-дан екіншісіне білім беру гранты негізінде білім алушыны ауыстыру кезінде қабылдайтын ЖОО-ның басшысы білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, оның атына жазылған білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ЖОО-ның қаржыландыру көлемін қайта қарау үшін ұсынады.
      37. Егер білім беру гранты бойынша білім алушы бір курсқа төмен бір ЖОО-дан екіншісіне ауысса, ол білім беру грантынан айырылады.
      38. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекелеген ЖОО үшін бекітілген нысаналы орындарға, сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға бөлінген квота шегінде түскен білім алушыларды білім беру грантын сақтай отырып бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыруға болмайды.
      39. Бір ЖОО-дан екіншісіне ақылы негізде оқу үшін білім алушыларды ауыстыру білім алушы мен қабылдаушы ЖОО арасында шарт жасасу арқылы жүргізіледі.
      40. ЖОО-дан шығарылған білім алушы кез келген оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына шығарылған мерзіміне қарамастан білім алушылар қатарына оқуға қайта қабылдануға құқылы.
      41. Оқудың құнын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы қарызын төлеген жағдайда шығарылған күнінен бастап төрт апта ішінде қайта қабылдана алады.
      42. Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі айырмашылықтарды жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
      43. Оқуға қайта қабылдау рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) білім алушы оқуға қайта қабылдану үшін өзінің оқуын жалғастырғысы келген ЖОО басшысының атына өтініш береді. Оқуға қайта қабылдану туралы өтінішке Анықтама (түпнұсқа) қоса тіркеледі;
      2) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған Анықтама негізінде оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі айырмашылықтарды және оқу курсын анықтайды;
      3) факультет деканы (институт директоры), оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығы, ЖОО басшысының орынбасары қойған бұрыштамаға сәйкес ЖОО-ның басшысы білім алушыны оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
      44. Оқуға қайта қабылдау туралы өтініш келесі академиялық кезең басталудың алдында кемінде бес күн бұрын ұсынылады.
      45. Білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда білім алушы бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс парағын жібереді, бұл ретте Анықтаманың көшірмесін, оқу карточкасын, сынақ кітапшасын, студенттік билетті және жіберілген құжаттардың тізімдемесін өзінде қалдырады.
      46. Оқуға қайта қабылдау туралы шешімді ЖОО-ның басшысы оқу сабақтарының басталуынан кемінде үш күн бүрын қабылдайды.
      47. Жұмыс оқу жоспары пәндерінің айырмашылығын жою тәртібі мен мерзімі факультет деканының (институт директорының) өкімімен ресімделеді.
      48. Білім алушының бір мамандықтан екіншісіне немесе оқу түрінің бір нысанынан екіншісіне ауысуы тек ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады.
      49. Білім алушының бір ЖОО-ның ішінде бір мамандықтан және оқу нысанынан екіншісіне ауысуы шартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы  жүргізіледі және ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.
      50. Оқу мерзімі кезінде пайда болған ауру нәтижесінде берілген мамандықта оқуға тыйым салынғаны туралы дәрігерлік-кеңес комиссиясының шешімі бар білім беру гранты бойынша білім алушы бір мамандықтан екіншісіне бос орындарға білім беру гранты бойынша ауысады.

Об утверждении Правил перевода и восстановления обучающихся по типам организаций образования

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 декабря 2008 года № 638. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2008 года № 5420. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 мая 2012 года № 231

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 21.05.2012 № 231.

      В соответствии с подпунктом 16) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила перевода и восстановления обучающихся по типам организаций образования.
      2. Признать утратившим силу Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 января 2005 года № 13 "Об утверждении Правил перевода и восстановления обучающихся в организациях, дающих начальное профессиональное, среднее профессиональное и высшее профессиональное образование" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан 7 февраля 2005 года № 3426, опубликованный 18 октября 2005 года в "Юридической газете" № 192 (926)).
      3. Департаменту высшего и послевузовского образования (С. Омирбаев) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Шамшидинову К.Н.

       Министр                                      Ж. Туймебаев

Утверждены          
приказом Министра образования
и науки Республики Казахстан 
от 9 декабря 2008 года № 638 

Правила перевода и восстановления обучающихся по типам
организации образования 1. Общие положения

      1. Правила перевода и восстановления обучающихся по типам организаций образования (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 16) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании".
      2. Правила определяют порядок перевода и восстановления обучающихся в организациях образования, независимо от формы собственности и ведомственной подчиненности.
      3. К обучающимся в организациях образования относятся:
      1) обучающиеся организаций образования, осваивающие профессиональные учебные программы технического и профессионального, послесреднего образования;
      2) студенты - обучающиеся организаций образования, осваивающие профессиональные учебные программы высшего образования;
      3) курсанты - военнослужащие составов солдат (матросов), сержантов (старшин), обучающиеся в учебных частях (центрах), средних или высших военных учебных заведениях;
      4) интерны - обучающиеся медицинских высших учебных заведений в рамках базового медицинского образования;
      5) адъюнкты - обучающиеся, осваивающие профессиональные учебные программы послевузовского образования в военных учебных заведениях;
      6) слушатель резидентуры (резидент-стажер) - специалист, осваивающие образовательные программы резидентуры;
      7) магистранты - обучающиеся организаций образования и науки, осваивающие профессиональные учебные программы послевузовского образования в магистратуре;
      8) докторанты - обучающиеся в организациях образования и науки, осваивающие профессиональные образовательные учебные программы послевузовского образования в докторантуре.
      4. Перевод обучающихся осуществляется с курса на курс, из одной организации образования в другую, с одной формы обучения на другую, с одной специальности на другую.
      5. Заявления обучающихся очной и вечерней форм обучения о переводе и восстановлении рассматриваются руководителем организации образования в период летних и зимних каникул в течение пяти рабочих дней.
      Заявления обучающихся заочной формы обучения о переводе и восстановлении рассматриваются руководителем организации образования до начала очередной экзаменационной сессии.
      6. При восстановлении и переводе обучающихся определяется разница в дисциплинах рабочих учебных планов, изученных ими за предыдущие академические периоды.
      7. Разница в дисциплинах рабочих учебных планов определяется руководителем подразделения на основе перечня изученных дисциплин, их программ и объемов, отраженных в копии учебной карточки (транскрипта), или в справке, выдаваемой гражданам, не завершившим образование (далее - Справка).
      8. При восстановлении или переводе обучающегося из зарубежной организации образования представляется документ об освоенных учебных программах (академическая справка, транскрипт), а также документ о завершении предыдущего уровня образования, который должен пройти в установленном порядке процедуру признания или нострификации в Республике Казахстан.
      9. Для ликвидации разницы в дисциплинах рабочего учебного плана, обучающийся в течение академического периода посещает все виды учебных занятий, сдает все виды текущего и промежуточного контроля, предусмотренные учебным планом, получает допуск к итоговому контролю.
      10. Разница в дисциплинах рабочего учебного плана, не ликвидированная в установленный срок, в дальнейшем учитывается как академическая задолженность.

2. Перевод и восстановление обучающихся в учебных заведениях
технического и профессионального, послесреднего образования

      11. Перевод с одной специальности на другую или с одной формы обучения на другую в одном учебном заведении производится приказом руководителя организации образования.
      12. Если обучающийся заключил индивидуальный договор с организацией (учреждением, предприятием), то его переводу в другое учебное заведение или с одной специальности на другую должно предшествовать изменение или расторжение указанного договора.
      13. Перевод на первый курс обучающегося допускается по завершению первого семестра по родственной специальности.
      14. Обучающийся, желающий перевестись в другое учебное заведение, подает заявление о переводе на имя руководителя организации образования, где он обучается, и, получив письменное согласие на перевод, скрепленное печатью, обращается к руководителю интересующей его организации образования.
      К заявлению о переводе на имя руководителя принимающей организации образования должна быть приложена выписка из зачетной книжки обучающегося, заверенная подписью руководителя организации образования, откуда он переводится.
      15. При решении вопроса о переводе руководитель организации образования, принимающий обучающегося, издает приказ о его допуске к учебным занятиям, сдаче разницы в учебном плане, направляет письменный запрос в организацию образования, где он ранее обучался, о пересылке его личного дела.
      16. Приказ о зачислении в число обучающихся учебного заведения издается после получения личного дела обучающегося из учебного заведения, где он ранее обучался.
      17. Граждане обучавшиеся ранее в учебных заведениях технического и профессионального, послесреднего образования могут восстановиться в прежнее или другое учебное заведение.
      Обязательным условием восстановления является завершение обучающимся одного семестра и вопрос о восстановлении рассматривается только на основании личного заявления.
      Восстановление на первый курс обучающихся допускается по завершению первого семестра на соответствующую или родственную специальность.
      18. Обучающиеся на платной основе, отчисленные в течение семестра за неуплату обучения, в случае погашения задолженности по оплате, имеют право на восстановление в течение четырех недель с момента отчисления, при этом организация образования восстанавливает обучающегося при предъявлении документа о погашении задолженности по оплате, в течение трех рабочих дней.
      19. Восстановление ранее обучающихся в других учебных заведениях допускается: при наличии соответствующих учебных групп обучения по курсам и специальностям; при разнице учебных дисциплин, указанных в Справке, выдаваемой гражданам не завершившим обучение (или в зачетной книжке обучающегося), с перечнем учебных дисциплин рабочего учебного плана, принимающего учебного заведения - не более четырех учебных дисциплин.
      20. Разница в дисциплинах и учебных часах рабочего учебного плана устанавливается заместителем руководителя организации образования по учебной работе в организациях образования, реализующих техническое и профессиональное, послесреднее образование. Порядок и сроки ликвидации разницы в дисциплинах учебного плана утверждается приказом руководителя организации образования.
      21. При восстановлении обучающихся в другую организацию образования руководитель организации образования, где ранее обучался обучающийся, на основании письменного запроса принимающей стороны пересылает личное дело обучающегося, при этом оставляя у себя копию Справки, зачетную книжку и опись пересылаемых документов.
      22. Восстановление обучающихся из частных организаций образования в государственные, производится на соответствующую или родственную специальность для обучения на платной основе.
      23. Для восстановления обучающийся подает заявление на имя руководителя организации образования, в котором он изъявляет желание продолжить свое обучение, при этом к заявлению о восстановлении прилагается Справка.
      24. Организация образования на основании представленной Справки должна рассмотреть заявление о восстановлении в двухнедельный срок со дня его подачи, определив курс и разницу в дисциплинах.

3. Перевод и восстановление обучающихся в высших
учебных заведениях

      25. Обязательным условием перевода или восстановления является выполнение всех требований рабочего учебного плана первого академического периода и сдача промежуточной аттестации.
      26. Перевод и восстановление осуществляется на тот же курс, если разница в учебных планах составляет для бакалавриата не более пяти учебных дисциплин обязательного компонента, а для магистратуры и докторантуры - не более трех.
      27. При определении разницы в дисциплинах различие в формах итогового контроля не учитывается.
      Зачет приравнивается к буквенной системе оценки учебных достижений обучающегося в диапазоне от минимальной D (1,0; 50-54 %) до максимальной А (4,0; 95-100 %).
      28. Перевод обучающихся с курса на курс осуществляется по итогам летней экзаменационной сессии (промежуточной аттестации) с учетом результатов летнего семестра и набранного переводного балла.
      29. Перевод обучающегося с курса на курс оформляется приказом руководителя высшего учебного заведения (далее - вуз).
      30. Обучающийся по образовательному гранту, набравший установленный переводной балл и переведенный на следующий курс при наличии академической задолженности, не теряет образовательный грант, а академическую задолженность ликвидирует на платной основе.
      31. Обучающийся по образовательному гранту, оставленный на повторный курс обучения, лишается этого гранта и в дальнейшем обучается на платной основе.
      32. Перевод магистрантов и докторантов из одной организации образования и науки в другую, осуществляется только для обучения на платной основе.
      33. Процедура перевода обучающегося из одного вуза (научной организации) в другой осуществляется в следующем порядке:
      1) обучающийся, желающий перевестись в другой вуз, подает заявление о переводе на имя руководителя вуза, где он обучается, и, получив письменное согласие на перевод, скрепленное печатью, обращается к руководителю интересующего его вуза;
      2) к заявлению о переводе на имя руководителя принимающего вуза должны быть приложены копии: учебной карточки, подписанной деканом факультета (директором института), транскрипта, подписанного офис-регистратором, заверенные подписью начальника учебного отдела (учебно-методического отдела или управления), и скрепленные печатью; сертификата о сдаче единого национального тестирования или комплексного тестирования; свидетельства обладателя образовательного гранта (если является таковым); копию заявления на имя руководителя вуза, где он обучался (с подписью руководителя и печатью);
      3) декан факультета (директор института) на основании представленных документов определяет разницу в дисциплинах обязательного компонента рабочего учебного плана и курс обучения;
      4) в соответствии с визами декана факультета (директора института), начальника учебного отдела (учебно-методического отдела или управления), заместителя руководителя вуза по учебной работе, руководитель вуза издает приказ о переводе обучающегося.
      34. Руководитель вуза, в который переводится обучающийся, в течение трех рабочих дней с даты издания приказа направляет письменный запрос в вуз, где ранее обучался обучающийся, о пересылке его личного дела.
      35. Руководитель вуза, где ранее обучался обучающийся, после получения такого запроса издает приказ об отчислении с формулировкой "отчислен в связи с переводом в (наименование вуза)" и в течение трех рабочих дней с даты издания приказа об отчислении пересылает личное дело обучающегося в адрес принимающего вуза.
      В вузе, где обучался обучающийся, остаются копии учебной карточки и транскрипта, зачетная книжка, студенческий билет и опись пересылаемых документов.
      36. При переводе обучающегося на основе образовательного гранта из одного вуза в другой, руководитель принимающего вуза представляет в уполномоченный орган в области образования и администратору соответствующей бюджетной программы копию приказа о зачислении обучающегося вместе с копией свидетельства образовательного гранта, выписанного на его имя, для корректировки объема финансирования вузов.
      37. В случае если обучающийся по образовательному гранту переводится с одного вуза в другой на курс ниже, он лишается образовательного гранта.
      38. Перевод обучающихся, поступивших на целевые места по государственному образовательному заказу, утвержденному для отдельных вузов, а также на педагогические специальности в пределах выделенной квоты, в другой вуз с сохранением образовательного гранта не допускается.
      39. Перевод обучающихся для обучения на платной основе из одного вуза в другой сопровождается заключением договора между обучающимся и принимающим вузом.
      40. Обучающийся, отчисленный из вуза, может восстановиться в число обучающихся на любую форму обучения, на любую специальность и в любой вуз независимо от сроков отчисления.
      41. Обучающийся на платной основе, отчисленный за неуплату стоимости обучения, в случае погашения данной задолженности, может восстановиться в течение четырех недель с даты отчисления.
      42. Восстановление в число обучающихся и ликвидация разницы в дисциплинах рабочего учебного плана осуществляется только на платной основе.
      43. Процедура восстановления осуществляется в следующем порядке:
      1) обучающийся подает заявление о восстановлении на имя руководителя вуза, в котором он изъявляет желание продолжить свое обучение. К заявлению о восстановлении прилагается Справка (подлинник);
      2) декан факультета (директор института) на основании представленной Справки определяет разницу в дисциплинах рабочего учебного плана и курс обучения;
      3) в соответствии с визами декана факультета (директора института), руководителя учебного отдела (учебно-методического отдела или управления) заместителя руководителя вуза руководитель вуза издает приказ о восстановлении обучающегося.
      44. Заявление о восстановлении представляется не позднее пяти рабочих дней до начала очередного академического периода.
      45. Если обучающийся восстанавливается в другую организацию образования, руководитель вуза, где ранее обучался обучающийся, на основании письменного запроса принимающей стороны пересылает личное дело обучающегося, оставив у себя копию Справки, учебную карточку, зачетную книжку, студенческий билет и опись пересылаемых документов.
      46. Решение о восстановлении руководитель вуза должен принять не позднее трех рабочих дней до начала учебных занятий.
      47. Порядок и сроки ликвидации разницы в дисциплинах рабочего учебного плана оформляются распоряжением декана факультета (директора института).
      48. Перевод обучающегося с одной специальности на другую, с одной формы обучения на другую осуществляется только для обучения на платной основе.
      49. Перевод обучающегося с одной специальности и формы обучения на другую внутри одного вуза сопровождается внесением соответствующих изменений в договор и оформляется приказом руководителя вуза.
      50. Обучающийся по образовательному гранту, имеющий заключение врачебно-консультационной комиссии о запрещении обучаться на данной специальности в результате приобретенного в период обучения заболевания, переводится с одной специальности на другую на имеющееся вакантное место по образовательному гранту.