Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы N 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3426. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы N 638 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.12.09  N 638 Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алу ережесі бекітілсін.
     2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
     3. "Кәсіптік бастауыш және орта оқу орындарына оқушыларды ауыстыру, оқуға қайта алу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 391 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1143 тіркелген, N 2655 тіркелген "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 827 бұйрығы );
     "Кәсіптік жоғары білім беретін оқу орындарындағы білім алушыларды оқуға қайта алу және ауыстыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 350 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1176 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде 2000 жылғы N 8 жарияланған, N 1367 тіркелген "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығы , N 2210 тіркелген, 2003 жылғы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 23-24, 857-бапта жарияланған, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бірқатар бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 82 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жүктелсін.

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2005 жылғы 13 қаңтардағы   
N 13 бұйрығымен бекітілген  

Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік
жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім
алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алу ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Осы Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

     2. Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алу тәртібін айқындайды.

     3. Оқу орындары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Үлгі ережеге сәйкес өз Жарғысын әзірлейді.
     Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларға мыналар жатады:
 

     1) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің оқыту бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының оқушы - білім алушылары;
 

     2) жоғары базалық және жоғары арнайы білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының студент - білім алушылары;
 

     3) магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының магистрант - білім алушылары;
 

     4) кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының даярлық бөлімшелері мен курстарының тыңдаушы-білім алушылары;
 

     5) кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін әскери оқу орындарының курсант-білім алушылары.

     4. Білім алушылар бір ұйымнан екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, оқытудың бір нысанынан екіншісіне ауысуға құқықтары бар.

     5. Оқытудың күндізгі және кешкі нысандарында оқитын білім алушылардың оқуға қайта алу туралы өтініштерін жазғы және қысқы каникул кезеңінде білім беру ұйымының басшысы қарайды.
     Оқытудың сырттайғы нысанында оқитын білім алушылардың оқуға қайта алу туралы өтініштерін кезекті сынақ-емтихан сессиясының оқу сабақтары басталғанға дейін білім беру ұйымының басшысы қарайды.
     Білім беру ұйымының бірінен екіншісіне ауысуы туралы білім алушылардың өтініштерін жазғы және қысқы каникул кезінде ғана білім беру ұйымының басшысы қарайды.

     6. Білім алушыларды оқуға қайта алу және ауыстыру кезінде олар оқудың алдыңғы және ағымдағы кезеңінде оқыған жұмыс оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығы анықталады.

     7. Пәндер арасындағы айырмашылық оқуын аяқтамаған азаматтарға берілген анықтамасында көрсетілген меңгерілген пәндер тізбесін салыстырумен айқындалады, оның нысаны мамандықтың оқу жоспарының пәндерімен бірге нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3238 тіркелген, "Оқуын аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 918 бұйрығымен бекітілген. Бұл орайда олардың атаулары, бағдарламалары мен көлемі салыстырылады.

     8. Оқу жоспары пәндерінің айырмашылығы білім алушының оқуға қайта алу және/немесе ауысу курсын анықтауға негіз болып табылады.

     9. Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беретін білім беру ұйымдарында оқуға қабылдағаннан кейін қалған орындарға ұқсас мамандық бойынша бірінші семестр аяқталғаннан кейін білім алушыларды бірінші курсқа оқуға қайта алуға және/немесе ауыстыруға болады.
     Басқа оқу орындарында бұрын білім алған білім алушыларды оқуға қайта алу және/немесе ауыстыру курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған кезде; қабылдайтын оқу орнының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндері тізбесімен қоса оқушының анықтамасында немесе сынақ кітапшасында (үлгерім кітапшасында) көрсетілген 4 (төрт) оқу пәнінен аспаған айырмашылық болған жағдайларда болады. Осы тармағында көзделмеген жағдайда білім алушыларды оқуға қайта алу және/немесе ауыстыру бір курсқа төмен жүзеге асырылады.
     Азаматтарды өндірістен қол үзбей оқуға қайта алу және/немесе ауыстыру кезінде таңдап алынған мамандықтың бейіні жөніндегі жұмысты ескеру қажет.

     10. Оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беретін білім беру ұйымдарындағы оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары белгілейді. Оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

     11. Кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында тиісті курсқа оқуға қайта алу және/немесе ауыстыру егер оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылық 5 (бес) пәннен аспайтын болса, оның ішінде 2-3 (екі-үш) пән міндетті құрамдағылар. Басқа жағдайда білім беру ұйымдарының білім алушыларын оқуға қайта алу және/немесе ауыстыру бір курс төмен жүзеге асырылады.

     12. Оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты кәсіптік жоғары оқу білім беру ұйымы бөлімшесінің басшысы белгілейді. Оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі бөлімше басшысының өкімімен ресімделеді.
     Егер білім алушы оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, одан әрі ол академиялық сабақ қарызы ретінде ескерілетін болады және білім алушының курстан курсқа ауысуы кезінде ауысу балына әсер етеді.

2. Білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды оқуға қайта алу 1. Кәсіптік бастауыш және орта оқу
орындарында білім алушыларды оқуға қайта алу

     13. Оқу орындарының білім алушылары оқудан шығарылған уақытына қарамай оқуға қайта қабылдануына құқылы. Оқуға қайта қабылдану үшін білім алушы ең болмағанда бір академиялық кезеңді аяқтауы міндетті және ол оқытудың ақылы негізінде ғана жүргізіледі.

     14. Ақылы негізде оқитын, семестр бойы оқуға ақы төлемеген оқудан шығарылған білім алушы ақы төлеу бойынша берешегін өтеген жағдайда оқудан шығарылған сәттен бастап төрт апта ішінде оқуға қайта алынуға құқылы.

     15. Білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта алынған жағдайда білім алушы бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауының негізінде оқушының жеке іс парағын жібереді, бұл ретте анықтаманың, сынақ кітапшасының (үлгерім кітабын) көшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады.

     16. Жеке меншік оқу орындарының білім алушыларын мемлекеттік оқу орнына оқуға қайта алу оқуға төленетін шығындарды толық қайтара отырып, ақылы негізде жазғы және қысқы каникул кезеңінде тиісті немесе ұқсас мамандыққа алу жүргізіледі.

     17. Оқуға қайта алыну үшін білім алушы өзінің оқуын жалғастырғысы келетінін білдіріп оқу орны басшысының атына өтініш білдіреді, бұл ретте өтінішке оқуға қайта алу туралы белгіленген үлгідегі анықтама қоса беріледі.
     Ұсынылған анықтама негізінде оқу орны оқуға қайта алу, оқу мерзімі, курсы туралы және қабылдаудың басқа шарттарын белгілеп екі апталық мерзімде қарау керек.

2. Жоғары оқу орындарына білім алушыларды
оқуға қайта алу тәртібі туралы

     18. Жоғары оқу орнынан шығарылған тұлға оқудың кез келген нысанына білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен білім алушылар қатарына оқуға қайта алынуға құқылы.

     19. Білім алушы оқудан шығарылған мерзімге қарамастан оқуға қайта алынуға құқылы. Оқуға қайта алынудың міндетті шарты білім алушы ең болмағанда бір академиялық кезеңді аяқтауы қажет. Оқудан шығарылған білім алушы оның Анықтамасында қажетті меңгерілген білім беру бағдарламалары болған жағдайда кез келген мамандыққа және кез келген курсқа оқуға қайта алынады.

     20. Білім алушылар қатарына оқуға қайта алу оқудың ақылы негізінде ғана жүзеге асырылады.

     21. Ақылы негізде оқитын, семестр бойы оқуға ақы төлемеген немесе ақы төлеу бойынша академиялық берешегі үшін оқудан шығарылған білім алушы ақы төлеу бойынша берешегін өтеген жағдайда оқудан шығарылған сәттен бастап төрт апта ішінде оқуға қайта алынуына құқылы.

     22. Білім алушы оқуға қайта алыну үшін ол өзінің оқуын жалғастырғысы келген оқу орнының басшысының атына өтініш береді. Оқуға қайта алу туралы өтінішке белгіленген үлгідегі анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі. Бөлімшенің басшысы ұсынылған Анықтаманың негізінде оқу курсын, оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығын белгілейді.

     23. Білім алушы білім беру ұйымына оқуға қайта алыну үшін білім алушы бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауының негізінде оқушының жеке іс парағын жібереді, бұл ретте анықтаманың, оқу карточкасының, сынақ кітапшасының, студенттік билетінің көшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады.

     24. Оқуға қайта алу туралы шешімді білім алушы оқу пәндеріне жазылуға және өзінің жеке оқу жоспарын жасауға мүмкіндік алу үшін оқу сабақтары басталғанға дейін екі апта бұрын білім беру ұйымының басшысы қабылдауы қажет.

3. Білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды ауыстыру 1. Кәсіптік бастауыш және орта оқу
орындарындағы білім алушыларды ауыстыру

     25. Оқушыларды бір оқу орнынан екінші оқу орнына, бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе оқудың бір нысанынан екіншісіне, жеке меншік оқу орнынан мемлекеттік оқу орнына ауыстыру екі оқу орны басшысының келісімімен жүзеге асырылады. Бір оқу орнында бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе бір оқу нысанынан екіншісіне ауысу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
     Егер оқушы кәсіпорынмен (мекемемен, ұйыммен) жеке шарт жасасқан болса, онда оның екінші оқу орнына немесе бір мамандықтан екіншісіне ауысудан бұрын аталған шартты өзгертуі немесе бұзуы қажет.

     26. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында бір курстан екінші курсқа ауысу теориялық және өндірістік оқытудың барлық пәндері бойынша жылдық және қорытынды жақсы бағалары болған жағдайда жүзеге асырылады.

     27. Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарында бір курстан екінші курсқа ауыстыру аталған курстың барлық пәндері және кәсіби практика бойынша сараланған сынағы бойынша "3 (қанағаттанарлық)" бағадан кем емес баға болған кезде жүзеге асырылады.

     28. Кәсіптік бастауыш және орта білім беретін білім беру ұйымында шығындарды толық өтеумен бірге ақылы негізде оқитын білім алушылар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ауысуға құқылы. Бұл ретте ақылы негізде оқитын білім алушыларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ауыстыру жазғы және қысқы каникул кезеңінде, конкурстық негізде бос орындарға мынадай тәртіппен:
     1) ақылы білім алатын оқушы білім беру ұйымының басшысына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша одан әрі оқу үшін оның ауысуы туралы өтініш береді;
     2) білім беру ұйымының басшысы аталған өтінішті қарап, педагогикалық кеңестің шешімімен ағымдағы жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде соңғы шешімді қабылдау үшін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жібереді. Білім алушының өтінішіне қоса педагогикалық кеңестің шешімімен ауысатын оқушының сынақ кітапшасының (үлгерім кітапшасының) көшірмесі қоса беріледі;
     3) жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен түскен құжаттарды қарайды және оң шешім қабылданған жағдайда тиісті өтініш берген білім алушыға мемлекеттік білім беру тапсырысын беру туралы бұйрық шығарады;
     4) берілген куәліктің негізінде білім беру ұйымының басшысы білім алушыны ақылы бөлімшеден одан әрі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

     29. Басқа кәсіптік немесе орта оқу орнына ауысуға ниет білдірген оқушы ауысу туралы ол оқып жатқан ұйым басшысының атына өтініш береді және мөрмен бекітілген ауысуға жазбаша келісім алып ол ауысқысы келетін білім беру ұйымының басшысына өтініш жасайды.
     Қабылдайтын білім беру ұйымы басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке білім беру ұйымы басшысының қолымен расталған оқушының сынақ кітапшасының (үлгерім кітапшасының) көшірме қоса берілуі қажет.
     Ауыстыру туралы мәселе шешілген жағдайда оқушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы оның оқу сабақтарына жіберілуі, оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыруы туралы бұйрық шығарады, бұрын оқушы оқыған оқу орнына оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салады. Осы Ереженің 9-тармағында көзделмеген жағдайда білім беру ұйымының басшысының оқушыны ауыстырмауға құқығы бар.

     30. Оқу орнының оқушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық ол оқыған оқу орнынан оқушының жеке ісі алынғаннан кейін шығарылады.

2. Жоғары оқу орындарына білім алушыларды ауыстыру

     31. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жазғы сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

     32. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру оның ауысу балын ескере отырып жүзеге асырылады. Белгіленген ауысу балын жинай алмаған білім алушы қайта оқу курсында қалады.

     33. Қайта оқу курсында қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын білім алушылар одан әрі ақылы негізде ғана оқиды. Аталған ауыстыру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

     34. Мемлекеттік білім беру гранты немесе мемлекеттік білім беру кредиті бойынша сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы бойынша академиялық берешегі бар білім алушылар мемлекеттік білім беру гранты немесе мемлекеттік білім беру кредитінен білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен айырылады.

     35. Білім алушы бір ұйымнан басқасына, бір мамандықтан екіншісіне немесе оқытудың бір нысанынан екіншісіне ауысуына құқылы.

     36. Бір білім беру ұйымынан екінші ұйымға ауысу оның бұрынғы оқуының жағдайына байланысты жүзеге асырылады.

     37. Білім алушыларды бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе оқытудың бір нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы бөлімшеге ғана одан әрі оқыту бойынша шығындарды толық өтеумен қатар жүзеге асырылады.

     38. Мемлекеттік білім беру кредиті негізінде білім алатын тұлғаны бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру кезінде осы білім беретін ұйымдардың мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері үш жақты келісімге тиісті өзгертулер енгізе отырып, түзетуге жатады.

     39. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру кезінде жоғары оқу орындарын қаржыландыру көлемін түзету мақсатында осы Ереженің 41, 42-тармақтарына сәйкес қабылдаушы тараптың басшысы білім беру саласындағы орталық атқарушы органға оның оқудан шығарылуы және оқуға қабылдануы туралы өтініштерінің көшірмелерімен қоса білім алушының оқуға қабылдануы туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынуы қажет.

     40. Шарт негізінде оқитын білім алушыларды бір оқу орнынан екінші оқу орнына немесе бір мамандықтан (оқыту нысаны) екіншісіне ауыстыру шартқа тиісті өзгерістер енгізумен қоса жүреді.

     41. Ауыстырудың барлық түрлері академиялық берешегі жоқ білім алушыларға рұқсат етіледі.

     42. Білім алушыны бір білім беру ұйымының ішінде оқытудың бір нысанынан немесе мамандығынан оқытудың екінші нысанына немесе мамандығына ауыстыру оның басшысының бұйрығымен ресімделеді.

     43. Мемлекеттік білім беру кредиті бойынша білім алушылар мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауысуға құқылы. Бұл ретте мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауысу құқығына оқудың бүкіл кезеңінде "жақсы" және "үздік" деген бағасы ғана бар білім алушылар ие болады.

     44. Мемлекеттік білім беру кредиті бойынша оқитын білім алушыларды мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру бар бос орындарға конкурстық негізде жазғы және қысқы каникул кезеңінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
 

     1) мемлекеттік білім беру кредиті негізінде оқитындар білім беру ұйымы басшысының атына оны одан әрі мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру туралы ниетін білдіре отырып өтініш береді;
 

     2) білім беру ұйымының басшысы аталған өтінішті қарап, ғылыми кеңестің шешімімен қоса ағымдағы жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде оны соңғы шешімді қабылдау үшін білім беру саласындағы орталық атқарушы органға жібереді. Білім алушының өтінішіне қоса ғылыми кеңестің шешімімен жоғары оқу орнынан шығарылған мемлекеттік білім беру гранты иегерінің және бос орынға ауысып отырған мемлекеттік білім беру кредиті иегерінің куәлігі (түпнұсқа), ауысатын студенттің оқу карточкасының немесе сынақ кітапшасының көшірмесі қоса беріледі;
 

     3) білім беру саласындағы орталық атқарушы орган түскен құжаттарды белгіленген тәртіппен қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда ауыстыру туралы бұйрық шығарады;
 

     4) білім беру саласындағы орталық атқарушы органның ауыстыру туралы бұйрығының негізінде Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығы мемлекеттік білім беру гранты иегерінің куәлігін оны ауыстыру туралы өтініш білдірген білім алушының атына қайта ресімдейді;
 

     5) берілген куәліктің негізінде білім беру ұйымының басшысы мемлекеттік білім беру кредитінен одан әрі мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады;
 

     6) мемлекеттік білім беру кредиті бойынша оқитын білім алушының мемлекеттік білім беру гранты бойынша ауысуы кезінде үш жақты жасалған келісімді бұзады, ал алынған білім беру кредитінің сомасы "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауда мемлекеттік білім беруді кредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысының 5, 6-тармақтарына сәйкес өтеуге жатады.

     45. Ақылы негізде оқитын білім алушы шығындарды толық өтеумен қатар мемлекеттік білім беру кредиті бойынша оқуға ауысуға құқылы. Бұл ретте білім алушыны ақылы негізде мемлекеттік білім беру кредиті бойынша оқуға ауыстыру бос орындарға конкурстық негізде жазғы және қысқы каникул кезеңінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
 

     1) ақылы негізде оқитын білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына оны одан әрі мемлекеттік білім беру кредиті бойынша оқуға ауыстыру туралы өтініш білдіреді;
 

     2) білім беру ұйымының басшысы аталған өтінішті қарап, ғылыми кеңестің шешімімен қоса ағымдағы жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде оны соңғы шешімді қабылдау үшін білім беру саласындағы орталық атқарушы органға жібереді. Білім алушының өтінішіне қоса ғылыми кеңестің шешімімен жоғары оқу орнынан шығарылған мемлекеттік білім беру кредиті иегерінің куәлігі (түпнұсқа), ауысатын студенттің сынақ кітапшасының көшірмесі қоса беріледі;
 

     3) білім беру саласындағы орталық атқарушы орган түскен құжаттарды белгіленген тәртіппен қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда тиісті өтініш берген білім алушыға мемлекеттік білім беру кредитін беру туралы бұйрық шығарады;
 

     4) білім беру саласындағы орталық атқарушы органның білім алушыға мемлекеттік білім беру кредитін беру туралы бұйрығының негізінде Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығы мемлекеттік білім беру кредиті иегерінің куәлігін ауысу туралы өтініш білдірген білім алушының атына қайта ресімдейді;
 

     5) берілген куәліктің негізінде білім беру ұйымының басшысы ақылы бөлімшеден одан әрі мемлекеттік білім беру кредиті бойынша оқуға ауысу туралы бұйрық шығарады;
 

     6) ақылы негізде оқитын білім алушы мемлекеттік білім беру кредиті бойынша оқуға ауысуы кезінде ауысқан күнінен бастап, "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауда мемлекеттік білім беруді кредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысына сәйкес үш жақты келісім жасасады.

     46. Аталған мамандық бойынша мемлекеттік білім беру кредиті нысанында мемлекеттік тапсырыстың болмаған жағдайында ақылы негізде оқитын білім алушыны осы Ереженің 44-тармағының 1)-5) тармақшаларымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға ауыстыруға рұқсат етіледі.

     47. Білім алушыны оқытудың барлық нысандары мен мамандықтары бойынша бір білім беру ұйымынан екінші ұйымға ауыстыру екі білім беру ұйымы басшыларының келісімімен жүргізіледі және тиісті бұйрықтармен ресімделеді.

     48. Басқа білім беру ұйымына ауысуға ниет білдірген білім алушы ауысу туралы ол оқитын ұйымның басшысының атына өтініш білдіреді және ауысуға байланысты мөрмен бекітілген жазбаша келісімді алып, ол ауысқысы келетін білім беру ұйымының басшысына өтініш жасайды.
     Қабылдаушы білім беру ұйымы басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу бөлімі бастығының (оқу-әдістемелік бөлімі немесе басқармасы), бөлімше басшысының қолымен расталған және мөрмен бекітілген білім алушының сынақ кітапшасы мен оқу карточкасының көшірмесі қоса берілуі қажет.

     49. Ауысу туралы мәселе оң шешілген кезде білім алушыны қабылдаушы білім беру ұйымының басшысы оның ауысуы туралы бұйрық шығарады. Бір уақытта үш күндік мерзімде білім алушы бұрын оқыған білім беру ұйымына оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салынады. Осы Ереженің 11-тармағында көзделмеген жағдайда білім беру ұйымының басшысының оқушыны ауыстырмауға құқығы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады