Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру жөніндегі ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4442 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру жөніндегі ережесінде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беруінің не кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер мен банктің кепілдігін, оның дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын қоса алғанда, бір мезгілде беру бойынша операцияларды жүргізу процесінде кепілдік берілген депозиттер бойынша банктің міндеттемелерін қабылдайтын қатысушы-банкте(рде) депозиттерді орналастыруының ерекшеліктері мен тәртібін айқындайды.";
2-тармақта:
"міндеттемелердің бір бөлігін", "мәжбүрлеп таратылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
"дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын" деген сөздер "мүлігі бойынша міндеттемелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы "мәжбүрлеп таратылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақта "мәжбүрлеп таратылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
"депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешектерді талап ету құқығын" деген сөздер "депозиттері мен мүлігі бойынша міндеттемелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта "(бұдан әрі - уәкілетті орган)," деген сөздерден кейін "банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) (бұдан әрі - уақытша басқаратындар)," деген сөздермен толықтырылсын;
11 -тармақтың бірінші абзацындағы "таратылатын" деген сөз алынып тасталсын;
"депозиттер бойынша міндеттерді және дебиторлық қарыздары бойынша талап ету құқығын" деген сөздер "депозиттері мен мүлігі бойынша міндеттемелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
"ұйым" деген сөзден кейін "уақытша басқарушылар," деген сөздермен толықтырылсын;
"дебиторлық берешектер бойынша талап ету құқықтарын" деген сөздер "мүлік бойынша міндеттемелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақта:
"ұйым," деген сөзден кейін "уақытша басқарушылар," деген сөздермен толықтырылсын;
"және дебиторлық берешектер бойынша талап ету құқықтарын" деген сөздер "мен мүлік бойынша міндеттемелерді" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан депозиттерге міндетті кепілдік беру қоры" АҚ-ға, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е.Л. Бахмутова