Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру жөніндегі ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 210 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4442 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 136 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру жөніндегі ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бахтиярова Г.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-на, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының         
2006 жылғы 23 қыркүйектегі  
N 210 қаулысымен бекітілген 

Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер
қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге
міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар
беру және депозиттерді орналастыру жөніндегі ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беруінің не кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер мен банктің кепілдігін, оның дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын қоса алғанда, бір мезгілде беру бойынша операцияларды жүргізу процесінде кепілдік берілген депозиттер бойынша банктің міндеттемелерін қабылдайтын қатысушы-банкте(рде)
       Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 190 Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережені пайдалану үшін "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген ұғымдар қолданылады.

      2. Кепілдік берілген депозиттер бойынша және банктің мүлігі бойынша міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру операцияларын өткізу процесінде депозиттерге міндетті кепілдіктер беруді жүзеге асыратын ұйым осы Ережеде қарастырылған тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын банктің депозиттерін уақытында қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында кепілдік берілген депозиттер жөніндегі міндеттемелерді қабылдайтын(дар) қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерді орналастыра немесе заемдар ұсына алады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 190 Қаулысымен.

      3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өзінің арнайы резерв қаражаттары есебінен қатысушы банкке (банктерге) заем ұсынады немесе онда депозитті орналастырады.

      4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банкке(банктерге) орналастырылатын депозиттер немесе заем қаражаттарының жиынтық мөлшері олардың міндеттемелері беруге ұйғарылған, банктің барлық салымшыларына кепілді өтеу ретінде төлеуге жататын төлемнен аспауы керек.
      Жекелеген қатысушы банкке ұсынылатын заем сомасы, немесе онда орналастырылатын депозит сомасы жекелеген қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша қабылдайтын міндеттемелердің мөлшерінен аспауы керек.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 190 Қаулысымен.

      5. Қатысушы банк заем беру немесе депозитті орналастыруға өтінішті депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға банктің кепілдендірілген депозиттері мен мүлігі бойынша міндеттемелерін қабылдап алатын банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылғанға дейін береді.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 190 Қаулысымен.

      6. Қатысушы банкке заем беруге немесе оған депозиттерді орналастыру жөніндегі шешімді қатысушы банктің жазбаша өтініші негізінде депозиттерді міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қабылдайды.

      7. Депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке заем беру немесе оған депозит орналастыру туралы шешімнің көшірмесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) (бұдан әрі - уақытша басқаратындар), мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясына жібереді.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 190 Қаулысымен.

2-тарау. Заемдарды беру тәртібі

      8. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді қабылдайтын қатысушы банкке (банктерге) заемдарды ұлттық валютамен бір жыл мерзімге дейін ұсынады.

      9. Заемның мөлшері мен оны беру шарттарын осы Ережеде белгіленген талаптарды есепке ала отырып, депозиттерге міндетті кепілдік беру міндеттемелерін жүзеге асыратын ұйым айқындайды.

      10. Ұсынылатын заемның сыйақы мөлшерін заем шартын жасасатын күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерінен аспауы керек.

      11. Банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға ниет білдірген, банктің кепілдік берген депозиттері мен мүлігі бойынша міндеттемелерін қабылдайтын қатысушы банк заем алу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға:
      1) заемның мақсатын көрсете отырып заем беру туралы өтінішті;
      2) құрылтай құжаттардың көшірмесін;
      3) бұрын алған заемдарға мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқтығы туралы мәліметтерді;
      4) банктің өткен жылға арналған қаржылық есептіліктің аудиторлық есебінің көшірмесін;
      5) соңғы есептік күнге бухгалтерлік баланс, кіріс және шығыстар туралы есептердің көшірмесін;
      6) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының банк заңнамасында қарастырылған уәкілетті орган банктерге қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың жоқтығы туралы және заем беру туралы өтініш беру алдындағы соңғы он екі айдағы пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы қорытындыны;
      7) кепілге меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмесін;
      8) кепілдің мәнін сипаттайтын мазмұны бар құжаттарды ұсынады.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 190 Қаулысымен.

      12. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым уақытша басқарушылар, мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы және қатысушы банкпен кепілдік берілген депозиттер мен мүлік бойынша міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа қол қойғаннан кейін займ шартын жасайды.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 190 Қаулысымен.

      13. Заем шартында:
      1) тараптардың толық атауы, олардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны жазылған, тараптар шартқа қол қоюға өкілеттік берілген өкілдерінің заңдылығын (жарғы, ереже, сенімхат немесе өзге құжат), лауазымын, фамилиясын, аты-жөнін (егер бар болса әкесінің аты) растайтын кіріспе;
      2) шарттың мәні;
      3) заем туралы, заемды ұсыну мерзімі, сыйақы мөлшері, қамтамасыз ету тәсілдері және басқа деректері бар шарт талаптары;
      4) депозиттерге міндетті кепілдіктер беруді жүзеге асыратын заемшы ұйым ұсынатын есеп түрлері мен мерзімдері;
      5) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      6) шарт тараптары арасындағы есептеулер тәртібі;
      7) тараптардың шарт талаптарын бұзған кездегі жауапкершілігі;
      8) дауларды шешу тәртібі;
      9) басқа да талаптар;
      10) тараптардың мекен-жайы және деректемелері жазылуы керек.

      14. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым заем шартына қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға жібереді.

      15. Қатысушы банкке заемды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді кепіл немесе банк кепілдемесі түрінде ұсынған жағдайда ұсынады.

      16. Жылжитын және жылжымайтын мүліктер, оның ішінде бағалы қағаздар да кепілдік заты бола алады.

      17. Заемшы заемды қамтамасыз ету үшін берген кепілдік затының жалпы сомасы берілетін заем және сыйақы сомасынан аспауы керек.

      18. Депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдікке берілетін затты бағалау (нарықтық) құнын шамалай отырып таңдайды.

      19. Заем шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету кепілдік түрінде кепілдік туралы жеке шартпен ресімделеді, ол заем шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

      20. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынуы бойынша кепілдік берілген депозиттерге міндетті кепілдік беру міндеттерін алған қатысушы банк немесе үшінші тұлға болып табылады.

      21. Кепілдік туралы шарт бір мезгілде заем алушының заем туралы берешекті толық төлеу мерзіміне заем шартын жасауды, тұрақсыздықты, есептелген сыйақыны, негізгі борышты қоса отырып, жазбаша түрде жасалады.

      22. Кепілдік туралы шартта:
      1) кіріспе, оған осы Ереженің 13-тармағының 1) тармақшасында қарастырылған мәліметтерді қоса отырып;
      2) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі тараптардың кепілдік заты жөніндегі қарым-қатынастарды қарастыратын, кепілдікке берілетін заттың түрі, оның бағалау құны, мүліктің тұрған жерінің жай-күйі, кепілдік берушінің кепілдікке заттық иелігін меншік құқығын дәлелдейтін құжаттар туралы мәліметтер, кепілдік затының тиісті мемлекеттік органдардағы тіркелгені туралы мәліметтердің, сондай-ақ салынған кепілдік тараптардың қайсысының қолында болатындығын, кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалу мерзімдері көрсетілген шарт;
      3) тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде осы мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органда мемлекеттік тіркеуге жататын кепілді мүлікті тіркеу бойынша тараптардың бірінің міндеттері, кепілді ұстаушының жазбаша келісімінсіз кепілдік затқа иелік етуге және кепілдікті қайта қоюға тыйым салу;
      4) кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу тәртібі;
      5) тараптардың жауапкершілігі;
      6) дауларды шешу тәртібі;
      7) басқа да шарттар;
      8) тараптардың мекен-жайы және деректемелері болуы керек.

      23. Кепілдік шартында Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес кепілге салынған мүлікті сақтандыру талаптары да болуы мүмкін.

      24. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке берілген заемды қайтару жөніндегі банктік кепілдік ретінде басқа қатысушы банктің немесе резидент емес банктің кепілдігін қабылдайды.

      25. Кепілдік беретін қатысушы банк мынадай талаптарға жауап беруі керек:
      соңғы он екі ай бойы пруденциалдық нормативтерді орындау;
      соңғы жиырма төрт ай бойы шағын резервтік талаптарды орындау;
      соңғы жиырма төрт ай бойы қаражаттардың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру талаптарын орындау;
      банкке қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы банк заңнамасында қарастырылған ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы.

      26. Кепілдікті резидент емес банк ұсынған жағдайда, аталған банк ұзақ мерзімді, Қазақстан Республикасында берілген егемен рейтингтен (немесе оған сәйкес келетін рейтинг), агенттіктердің мына рейтингтердің бірінен төмен емес рейтингті иеленуі керек:
      1) Мооdу's Іnvestors Service;
      2) Standard & Poors;
      3) Fіtch;
      4) Саріtal Іntelligence;
      5) Dominion Bond Rating Service (DBRS);
      6) Jараn Сrеdit Rating Agency(JСR);
      7) Rating & Investmation (R&І).

      27. Депозиттерге кепілдік беру міндеттемелерін жүзеге асыратын ұйым ұсынылған заем(дар) бойынша кредиттік құжаттар жинағын ресімдейді және жүргізеді, онда несиелік жинақтың мазмұны жазылған бақылау парағы, осы Ереженің 11-тармағында қарастырылған құжаттар, заем, кепілдік шарттары, жұмыс құжаттары (сыйақылар, тұрақсыздық сомаларының есебі, берешектің қозғалысы туралы деректер, өтеу кестесі және басқалар), хаттар, заем туралы сұраулар мен басқа да құжаттар бар.

3-тарау. Депозиттерді орналастыру тәртібі

      28. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым,  уақытша басқарушылар,таратылатын банктің тарату комиссиясы және қатысушы банк депозиттер мен мүлік бойынша міндеттемелерді бір мезгілде беру шартына қол қойғаннан кейін кепілдендірілген депозиттер бойынша міндеттемелерді алатын қатысушы банкке орналастырады.
       Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 190 Қаулысымен.

      29. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиттерді теңгемен, сондай-ақ шетел валютасымен үш жылға дейінгі мерзімге орналастырады.

      30. Депозиттерді орналастыру мерзімін, оның мөлшерін, оны орналастырудың басқа да шарттарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Ережеде белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды.     

      31. Депозиттерді орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банк салымы шартын жасау жолымен жүзеге асырылады, онда депозиттің мөлшері, сыйақы мөлшерлемесі, біржақты тәртіппен шешілген сыйақы мөлшерін өзгертуге тыйым салу, депозитті орналастыру мерзімі және басқа да талаптар қарастырылған.

      32. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банк салымы шартына қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға жібереді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      33. Қатысушы банк(тер)тегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді (салымды) орналастыруды жүзеге асыруы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған міндетті күнтізбелік және басқа да жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатпайды.

      34. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады