Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 15.05.2013 № 120-753 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 тамыздағы N 3-1-1639қ қаулысына (бұдан әрі - Ереже) (Астана каласы Әділет департаментінің тізілімінде 2004 жылғы 30 қыркүйекте N 350 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 146 санында, "Вечерняя Астана" газетінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 144 санында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Ереженің 1-тармағы мынадай абзацтармен толықтырылсын:
"геоним - көшелер, алаңдар, желілер, аллеялар, желекжолдар, жолдар, жағалаулар, қысқа көшелер, даңғылдар, өтпе жолдар және тағы басқа атаулар үшін, яғни тұрғын аудандар, қоғамдық орталықтар, орамдар арасындағы, сондай-ақ тұрғын аудандар мен өндірістік аймақтар арасындағы көліктік және жолаушылар байланысын қамтамасыз ететін қайта аталған қала құрылыстық объектілер үшін жалпылама ұғым;
кондоминиум - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны;
кадастрлық нөмір - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімге сәйкес берілетін және жер учаскесі біртұтас болған сәтке дейін сақталатын Қазақстан Республикасы аумағында қайталанбайтын жер учаскесінің жеке коды;
жатақхана - мерзімді еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезінде студенттер, курсанттар, аспиранттар мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе қожайынымен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын жай;
тұрғын емес үй-жай - тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) ортақ мүлік болып табылатын бөлігін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай;
жылжымайтын мүлік объектілері - жер учаскелері және олармен тығыз байланысқан, оларға жүктелген міндетіне өлшеусіз залал әкелмей ауыстыру мүмкін болмайтын объектілер және объектілердің бөліктері;
жапсарлас-жанаса салынған үй-жайлар - негізгі ғимаратқа жанаса салынған бөлігімен қатар, оған жапсарлас салынған бөлігі де бар үй-жайлар;
жанаса салынған үй-жайлар - негізгі ғимараттың төменгі қабаттарына жанасатын, негізгі тұрғын үй ғимаратымен функционалды байланысты емес жеке үй-жайлар (үй-жайлар тобы);
бөлек (жеке) меншік - жылжымайтын мүлікке меншіктің айрықша нысаны - кондоминиум құрылған тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі.";
жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"объектінің реттік нөмірі - объект мекен-жайы құрылымының элементі: атауы бар (көше, шағын аудан және өзгелер) объектіге берілетін әріп және (немесе) бөлшек қосылуы мүмкін сандар тізбегінен тұратын объектінің қарапайым нөмірі";
1-тармақтың жиырма бірінші, қырық төртінші, қырық бесінші абзацтары алынып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "сыртқы жарнама және безендіру органы" деген сөздер "Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
екінші абзац "орын-жайларға" деген сөзден кейін "жапсарлас-жанаса және жанаса салынған үй-жайларға" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацта "келіседі" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацта "келіседі" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен
ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"ғимараттар мен орын-жайларды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы құрамында осы Ережеге сәйкес ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін, көтерілген (салынған) ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттеріндегі, көшелердің қиылысындағы (тораптардағы) өзге де көрсеткіштердің болуын және орнатылуын бақылайды.";
5-тармақта:
"Сыртқы жарнама және безендіру органының" деген сөздер "Астана қаласы аудандары әкімдері аппараттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;
8-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының әкімдігі мен мәслихатының қаланың жеке бөліктеріне атау беру (қайта атау) туралы бірлескен шешімдері мекен-жай тіркелімін жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес қаланың құрамдас бөліктерін тіркейтін және мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға міндетті түрде қала құрылысы элементінің кеңістіктік жағдайы мен оның шекарасы нақты айқындалған сызбасын қоса беретін сәулет органына беріледі.";
2-тараудың тақырыбы "орын-жайларына" деген сөзден кейін "жапсарлас-жанаса және жанаса салынған үй-жайларға" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақ "орын-жайларға" деген сөзден кейін "жапсарлас-жанаса және жанаса салынған үй-жайларға" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақ "орын-жайлардың" деген сөзден кейін "жапсарлас-жанаса және жанаса салынған үй-жайлардың" деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) жапсарлас-жанаса салынған үй-жай;
5) жанаса салынған үй-жай.";
22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары үш санаттағы көрсеткіштердің үлгілі нобайларын бекітеді. Объектілерге түрлі санаттардағы көрсеткіштерді орнату жөніндегі талаптар осы Ереженің 7-бөлімімен реттеледі.";
34-тармақта "мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар" деген сөздер тиісінше "сәулет органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақтың бірінші абзацы "объектінің" деген сөзден кейін, екінші абзацы "орын-жайдың" деген сөзден кейін тиісінше "алдын ала" деген сөзбен толықтырылсын;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Қоршауларды, көпірлерді, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерге, ауладағы тас жабындарды, жаяужолдарды және осыларға ұқсас объектілерді қоспағанда, нөмірленбеген орын-жайларға реттік нөмір негізгі ғимаратқа немесе ол өзі орналасқан жер учаскесіне шартты түрде байланыстырылып "орын-жай" деген көрсеткіш қосылып және орын-жайдың нөмірі көрсетіліп беріледі.
Өтініш беруші мекен-жай беру туралы жазбаша өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілеуші құжаттар, немесе жер учаскесіне құқық беру туралы қаулы, пайдалануға қабылдау акті, жекешелендіру туралы шарт немесе жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы шешімнің көшірмесі;
2) объектінің техникалық паспортының көшірмесі;
3) жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі; заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және статистикалық картаның көшірмесі, өкілге берілген сенімхат;
4) жеке тұрғын үй құрылысының объектілері үшін М 1:500 масштабындағы топографиялық түсірім.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағында жаңа ғимаратты, орын-жайды салғанда тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібі сақталған жағдайда осы жер учаскесінің алдын ала реттік нөмірі немесе осы Ереженің талаптары сақталып жаңа алдын ала реттік нөмірі берілуі мүмкін.";
52-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өтініш беруші мекен-жай беру туралы жазбаша өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілеуші құжаттар, немесе құрылыс (қайта құру) мақсатында жер учаскесіне құқық беру туралы қаулы, пайдалануға қабылдау актісінің немесе жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы шешімнің көшірмесі;
2) объектінің техникалық паспортының көшірмесі;
3) жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі; заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және статистикалық картаның көшірмесі, өкілге берілген сенімхат;
4) жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін есептемегенде, пайдалануға тапсырылатын объектілер үшін М 1:500 масштабындағы "Абаттандыру" бөлімі бойынша орындаушылық түсірім;
5) жеке тұрғын үй құрылысының объектілері үшін М 1:500
масштабындағы топографиялық түсірім.";
54-тармақ мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"жапсарлас-жанаса және жанаса салынған үй-жай - (жү)";
56-тармақтың 2) тармақшасындағы "коммуналдық шаруашылық органы" деген сөздер "Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
80-тармақ "орната алады" деген сөздерден кейін ", бұл ретте орналастырылатын бедел жарнамасының көлемі көрсеткіштің барлық көлемінің елу пайызынан аспауға тиіс." деген сөздермен толықтырылсын;
81-тармақта:
"сыртқы жарнама және безендіру органымен" деген сөздер "сәулет органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
", және орнатылатын бедел жарнамасының көлемі барлық көрсеткіштің елу пайызынан аспауы қажет" деген сөздер алынып тасталсын;
82-тармақтағы "сәулет органының" деген сөздер "Астана қаласы аудандары әкімдері аппараттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
83-тармақта:
"сәулет органы" деген сөздер "Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сыртқы жарнама және безендіру жөніндегі органның" деген сөздер алынып тасталсын;
91-тармақ "орын-жайларға" деген сөзден кейін "жапсарлас-жанаса және жанаса салынған үй-жайларға" деген сөздермен толықтырылсын;
96-тармақтағы "сыртқы жарнама және безендіру органымен" деген сөздер "Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
101-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Өтініш беруші осы Ереженің 100-тармағына сәйкес жазбаша өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілеуші құжаттар;
2) объектінің техникалық паспортының көшірмесі;
3) жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі; заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және статистикалық картаның көшірмесі, өкілге берілген сенімхат";
102-тармақ "қарамастан" деген сөзден кейін "Астана қаласының барлық аумағында" деген сөздермен толықтырылсын;
2. "Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 тамыздағы N 3-1-1639қ қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 20-536қ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарына мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов
Әкімнің орынбасары С.М. Хорошун
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің меңгерущісі Ж.Б. Ертаев
"Астана қаласының Сәулет және
қала құрылысы басқармасы
мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Е. Жүнісов