Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру талаптарын жүргізу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 120-753 шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 779 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 120-291 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 15.02.2016 № 120-291 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттарға, және құрылыстарға реттік нөмір беру талаптарын жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. Астана қаласы әкімдігінің:
      «Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі - Ереже) 2004 жылғы 17 тамыздағы № 3-1-1639қ қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 30 қыркүйекте № 350 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 қазанда «Астана хабары» газетінің № 146 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің № 144 нөмірінде ресми жарияланған);
      «Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға, реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану ережесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 3-1-1639қ қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 20 тамыздағы № 20-989қ қаулысының (Астана қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 22 қыркүйекте № 549 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қазандағы «Астана хабары» газетінің № 122 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің № 125 нөмірінде ресми жарияланған);
      «Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға, реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану ережесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 3-1-1639қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120-308 қаулысының (Астана қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 сәуірде № 719 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 қазанда «Астана хабары» газетінің № 44 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің № 47 нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мем-лекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Астана қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 15 мамырдағы 
№ 120-753 қаулысымен   
бекітілген         

Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын
өзгерту тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттарға және
құрылыстарға реттік нөмір беру талаптарын жүргізу қағидасы

      Осы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру талаптарын жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың төлнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларына, Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешімімен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасына сәйкес, елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгертудің бірыңғай тәртібі белгіленді.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
      1) алаң – тұйық шекаралары бар қала құрылысының атаулы элементі;
      2) алдын-ала берілетін мекенжай (жобалау нөмірі) – объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;
      3) аллея – жағалай ағаш, бұталар және шырмауық өсімдіктерімен шектелген жаяу жүргіншілер көшесі немесе жол;
      4) Астана қаласының бас жоспары – құрылыс объектісін жоспарлау мен абаттандырудың, ғимараттарды, құрылымдарды, көлік коммуникациясын, инженерлік желілерді орналастыруды, шаруашылық және тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімін қамтитын жоба бөлігі;
      5) ономастикалық комиссия – Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрам бөлігі ретіндегі географиялық объектілерді атау және қайта атау, топономикалық атауларды қолдану мен есепке алуды тәртіпке келтіру, тарихи атауларды сақтап қалу, қайта жаңартуға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін жергілікті атқарушы орган құратын консультативтік-кеңесші орган;
      6) әкімшілік-аумақтық бірлік – осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік үлгілері атауларының тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылым жүйесінің құрамдас бөлігі;
      7) бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі – ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ қала құрылысы регламентациясымен ерекше реттелетін объектілер;
      8) блок – қызметі тұрғысынан тәуелсіз, басқа элементтермен үйлестіріліп немесе жеке пайдалануға болатын ғимараттың көлемдік-кеңістікті элементі;
      9) бульвар – қарсы көліктік ағындары орман саябақтық көшеттермен, жаяу жүргіншілер жолымен бөлінген жергілікті мақсаттағы көшелер мен жолдар;
      10) гараж – автомобиль көлігін тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған ғимарат, құрылыс;
      11) ғимарат – адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процесстерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналас-тыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
      12) даңғыл – жалпықалалық маңызы бар жол немесе көше;
      13) жапсарлас салынған орын-жай – жеке кіру есігі бар негізгі ғимарат көлемінде орналасатын қоғамдық мақсаттағы орын-жай;
      14) жапсарлас-қосып салынған орын-жай – негізгі ғимаратқа жанасып, сондай-ақ оның бір бөлігіне жапсарласып салынған орын-жай;
      15) жер қатынастары жөніндегі орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Астана қаласында жер қатынастары саласында реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      16) жол – көлік құралдарының қозғалысына арналған мемлекеттік есепке алынатын және инженерлік құрылыстар кешені болып табылатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елді мекен көшесі. Жолға бір немесе бірнеше жүру бөлігі, сондай-ақ трамвай жолы, жаяу соқпақтар, жолдың жиегі болған жағдайда, бөлу жолағы кіреді;
      17) жол санаты – көлік құралдары қозғалысының есептік қарқындылығына байланысты автомобиль жолдарының жеке учаскелердегі немесе бүкіл жол бойындағы жіктеуші;
      18) жылжымайтын мүлік объектілері кешені – бір жер учаскесінде орналасқан ғимараттар, құрылымдар, инженерлік желілер жиынтығы;
      19) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі – адрестеу) – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне және объектіге реттік нөмірді беріп, осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін анықтау және елді мекенге жатқызу;
      20) корпус – бір жер учаскесінде орналасқан және функционалдық мақсаты бойынша біріктірілген ғимараттар мен құрылыстар кешені болып табылатын біртұтас кешенге кіретін ғимарат, құрылыс;
      21) көше – екі жолақты көлік жүретін бөлікті, жол жиектері, кювет пен нығайтатын бермаларды қамтитын көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ;
      22) кейінгі жылжымайтын мүлік объектісі – бастапқы объектінің бөліктері болып табылатын тұрғын және тұрғын емес орын-жайлар;
      23) қала құрылысы элементінің санаты – объектінің функционалдық қала құрылыстық мақсаты мен ерекшелігін сипаттайтын қала құрылысы элементі атауының ажырамас бөлігі;
      24) қаланың құрамдас бөлігі – көше, даңғыл, тұйық көше, бульвар, шағын аудан;
      25) құрылыс – адамдардың тұруына (орын ауыстыруына) және уақытша болуына, өндірістік үдерістерді орындауға, материалдық құндылықтар мен жүктерді орналастыру мен сақтауға, сондай-ақ жабдықтарды (төсемдерді жүргізуге) немесе коммуникацияны орналастыруға арналған табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар жасанды құрылған көлемді, тегістік немесе сызықтық объект (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты);
      26) мансардтық қабат – қасбеті толығымен немесе жартылай беттік (беттерінде) көлбеу, құлама немесе қисық сызықты төбелі шатырлы кеңістіктегі қабат;
      27) машина-орны – көлік құралдарын орналастыруға арналған орын-жай немесе қабат құрамындағы (қабырғалық қоршаулармен мен қабырғалық қоршаусыз) орын-жай бөлігі;
      28) мекенжай – мынадай аймақ, қала, аудан, қаланың құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, туынды жылжымайтын мүлік объектісі (бар болған жағдайда) сияқты элементтерді қамтитын жылжы-майтын мүлік объектісінің орналасу орнының сипаттамасы;
      29) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен бірігетін жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
      30) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының адрестік өрісін біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған ақпараттық-бағдарламалық кешен;
      31) Мемлекеттік қала құрылыстық кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МҚК ААЖ) – қала құрылысы регламенттерін, пайдалану режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайы мен экологиялық жай-күйі бойынша қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік жүйесі;
      32) МҚК ААЖ кезекші мекенжай жоспары – елді мекен, әкімшілік аудандар, шағын аудандар, орамдар, көшелер, ғимараттар, құрылыстар (көліктік және инженерлік құрылымды қоса алғанда) аумағының нақты шекаралары түсірілген координат жүйесінде орындалған елді мекеннің геоақпараттық сандық картасы, сондай-ақ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерін, азаматтық немесе өзге құқықтағы дербес объект ретінде бастапқы объектінің кеңістіктік бөлігін сәйкестендіретін ақпараттық деректер;
      33) объектінің реттік нөмірі – бас әріптің қосылуы мүмкін немесе қосымша бүтін сандардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы бірізді сандардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл ретте нөмірде есімдіктер (мысалы “Я” әрпі), алфавиттегі қазақ әріптері (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, һ) және, айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және санға ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алып тасталады;
      34) орам – құрылыстың көшелермен/тұйық көшелермен бөлінбеген құрылымдық элементі;
      35) орын-жай – басқа іргелес үй-жайлардан ойықтары жоқ қабырғалармен немесе бітеу арақабырғалармен бөлінетін және көшеге, аулаға, ортақ пайдаланудағы дәлізге немесе баспалдақ алаңдарына жеке шығатын есігі бар құрылыстың ішкі оқшауланған бөлігі. Орын-жайлар өзінің мақсаты бойынша тұрғын және тұрғын емес орын-жай болып бөлінеді;
      36) сәулет және қала құрылысы органы, тиісті деңгейдегі қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда (бұдан әрі – сәулет органы) – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, сәулет және қала құрылысы және құрылыс қызметін реттеуді іске асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      37) түбегейлі жоспарлау жобасы (бұдан әрі -ТЖЖ) – қалалық немесе ауылдық елді мекеннің жеке бөлігіне және қызметтік аймағына, қажет болған жағдайда 50 мың адамға дейін елдімекен санымен шағын қала немесе ауылдық елдімекеннің барлық аумағына арналып әзірленген қала құрылысы құжаттамасы. Осы жағдайда ТЖЖ бас жоспармен бірлеседі;
      38) тұрғын орын-жай – тұрақты өмір сүруге арналған (жеке тұрғын үйде, пәтерде, жатақханадағы бөлме) белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін жекелеген үй-жай;
      39) тұрғын емес орын-жай – ортақ мүлік болып табылатын түрғын үй бөлігін (тұрғын үй ғимараты) қоспағанда өмір сүруге арналмаған (дүкен, дәмхана, шеберхана, офистік орын-жай) жекелеген орын-жай;
      40) тұрақты мекенжай – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және осы Қағидаға сәйкес Астана қаласының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектісіне тұрақты мекенжай беру;
      41) тұйық – тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіп-орындарға және көшелер арасында өтпелі көлік байланысын түзбейтін (бір “т” – тәріздес қиылысты түзеді) қаланың ішкі аудандарындағы құрылыс объектілеріне, шағын аудандарға, орамдарға көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы өту жолы;
      42) тұйық көше, өтпе жол – ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және қалалық немесе кенттік құрылыстың басқа объектілеріне, елді мекендерге, көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін аумақ;
      43) трасса, тас жол – қалааралық көлік байланысын қамтамасыз ететін жол немесе көше;
      44) тілдерді дамыту органы – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тілдерді дамыту саласын реттеуді және ономастикалық комиссия қызметін іске асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      45) уақытша құрылыстар – орнату мерзімі мақсаттылығына, конструк-тивтік шешімдерге қарай, орналасқан жеріне уақытша шектелген павильондар, дүңгіршектер, қалқалар;
      46) ішкі орынжай – ғимараттың (құрылыстың) қасбетін қайта жаңартпай және жеке кіреберіс ұйымдастырмай ғимарараттың (құрылыстың) көлемінде ұйымдастырылған үй-жай;
      47) шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық элементі.
      2. Елді мекеннің құрамдас бөліктері осы Қағидаға 2–қосымшаға сәйкес елді мекеннің құрамдас бөлігі үлгісі атауының тізімінде көрсетілген.
      3. Астана қаласының аумағындағы объектілердің мекенжайын анықтау жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
      4. Объект мекенжайы қазақ және орыс тілдерінде мазмұндалады.
      Объект мекенжайы:
      әкімшілік-аумақтық бірліктің атаулары (облыс, аудан, қала, қаладағы аудан);
      Астана қаласының құрамдас бөліктерінің атауы;
      бастапқы объектінің нөмірі;
      кейінгі объектінің нөмірінен тұрады.
      Жылжымайтын мүлік объектілері үлгілерінің тізбесі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      Жылжымайтын мүлік объектісі үлгісіне қарамастан мекенжай құрылымы қосымша элементтермен (корпус, блок, қатар, өтпе жол, жолақ) толық-тырылады.
      5. Мекенжай деректемелері қатаң түрде анықталған дедуктивтік тәсілмен жазудың бірізділігімен көрсетіледі (жалпыдан жалқыға қарай).

2. Мемлекеттік органдардың өкілеттігі

      6. Қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, атауындағы транскрипцияны өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмір беру саласында реттеуді мынадай мемлекеттік органдар жүзеге асырады:
      1) сәулет органы;
      2) тілдерді дамыту органы.
      7. Сәулет органы мынадай өкілеттіктерге ие:
      1) осы Қағиданың 10 – тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне жеке бұйрықпен реттік нөмір береді;
      2) Астана қаласының құрамдас бөліктерінің тізбесін қалыптастырады және оны тілдерді дамыту органына жібереді:
      атауы жоқтарды;
      атауы сәйкесетіндерді;
      орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қызметі тоқтатылғандарды;
      Астана қаласының құрамдас бөліктерінің жеке бұйрықпен бекітілген алдын-ала (жобалық нөмірлерді) мекенжайды;
      3) қате мекенжай деректерін реттеу мен жою немесе жоқ болуын анықтау мақсатында Астана қаласының аумағындағы МҚК ААЖ кезекшілік мекенжай жоспарына объектілерге түгендеу деректерін енгізе отырып, объектілерге (аулаларды, үйлерді аралап шығу) түгендеу жүргізеді;
      4) бұзылған ғимараттың мекенжайын жойып, сондай-ақ оған жаңа мекенжай беріп, осы учаскелерде қайта салынған ғимараттардың есебін жүргізеді;
      5) атау беру кезінде пайдаланылатын жол мен көше санатын қоса, атауға немесе атауын өзгертуге жататын қала құрылысы элементтерінің санатын анықтайды;
      6) Астана қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіруді жүзеге асырады;
      7) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы ақпаратты МҚК ААЖ кезекші мекенжайы жоспарынан «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеп, енгізеді;
      8) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйеден МТК кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы анықтаманы беруді жүзеге асырады;
      9) бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне реттік нөмір беру, өзгерту, жою туралы бұйрықтың көшірмесін жеті жұмыс күні ішінде әділет органдарына, сондай-ақ барлық мүдделі органдарға ұсынады;
      10) бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын уақытылы беру, өзгерту және жою, сондай-ақ осы Қағиданың барлық нормаларын сақтауды қамтиды;
      11) бастапқы және кейінгі объектілерге алдын-ала мекенжай (жобалық нөмір) береді;
      8. Ономастикалық комиссия Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі - Әкімдік) жанынан, ономастика саласында географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды әзiрлеу мақсатымен құрылады. Ономастикалық комиссияның жұмыс органы тілдерді дамыту органы болып табылады.
      9. Ономастикалық комиссияның өкілеттіктігі мен шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдарымен реттеледі.

3. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру тәртібі

      10. Тұрақты мекенжай беруге жататындар:
      барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған пайдалануға берілген және құқық белгілейтін құжаттары бар ғимараттар, құрылыстар, гараж кооперативі құрамына кіретін гараждар, шаруашылық құрылыстар. Сонымен қатар, бағбандық (саяжай) объектілеріне мекенжай беру пайдалануға берусіз, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты негізінде жүзеге асырылады;
      жаңа құрылыс немесе қайта жаңарту нәтижесінде пайда болған гараждар, ғимаратқа қосып жапсарлас, жапсарлас-қосып салынған орын-жайлар, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, мансардтық қабаттар;
      Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілер;
      меншік құқығы әділет органдарында тіркелген, рұқсатсыз салынған объектілер;
      меншік құқығы белгіленген тәртіпте әділет органдарында тіркелген жыл-жымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелері.
      11. Алдын-ала мекенжай беруге жатататындар:
      жылжымайтын мүлік объектілерін жобалау мен салу үшін ұсынылған жер учаскелері;
      пайдалануға беруге дайындау кезеңіндегі құрылысы аяқталмаған объектілер, пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілер;
      пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілер құрамындағы кейінгі объектілер;
      Жылжымайтын мүлік объектілеріне алдын-ала мекенжай беру туралы ақпарат «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатқызылады.
      12. Мыналар мекенжай беруге жатпайды:
      осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген рұқсатсыз салынған объектілерді қоспағанда рұқсатсыз тұрғызылған объектілер;
      азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген аумақта орналасқан уақытша тағайындалған объектілершаруашылық құрылыстар, гараждар, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым ообъектілері, жеке тұрған жарнамалық құрылымдар, жылу өткізгіштер, су өткізгіштер, электр сымдары, кәріз желісі, тазартқыш құрылыстар, мұнай айдайтын құрылыстар.
      Уақытша тұрғызылған объектілердің жеке реттік нөмірі болмайды, арыз беруші жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау туралы өтінішпен жүгінген кезде, сәулет органы олардың мекенжайын тұрақты реттік нөмірі бар жанында орналасқан объектіге қатысты анықтама беру арқылы нақтылайды.
      13. Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру оларды кеңістікте бөлуді қамтамасыз ету үшін беріледі.
      14. Елді мекеннің бөліктеріне атау беру мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
      1) сәулет органы тілдерді дамыту органына атауы берілмеген немесе атаулары сәйкес келетін қаланың құрамдас бөлігінің тізбесін элементтің кеңістікте орналасқан және оның шекаралары белгіленген сызбасын қосып жібереді. Сәулет органы көрсетілген тізбемен бірге жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты жойылған көшелердің тізбесін ұсынады.
      2) тілдерді дамыту органы елді мекеннің құрамдас бөлігіне атау беру немесе атауын өзгерту мәселесі бойынша өтініш түскен сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру (атауын өзгерту) мәселелерін талқылау үшін ономастикалық комиссияның отырысын (отырыстарын) ұйымдастырады;
      3) ономастикалық комиссия 30 күнтізбелік күн ішінде елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту туралы комиссияға келіп түскен құжаттарды қарап, олар бойынша шешім қабылдайды және әкімдік пен Астана қаласының мәслихатына (бұдан әрі - Мәслихат) қарауға жібереді;
      4) Әкімдік пен Мәслихат бірлескен шешіммен тиісті аумақ тұрғындарының көзқарасын ескере отырып, қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, тұйық көшелерге, шағынгүл, көпірлерге және қаланың өзге құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту, транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді.
      15. Бір санаттағы қаланың құрамдас бөлігіне бір атауды бірнеше рет беруге рұқсат берілмейді.
      Даңғыл (көшелер, тұйық көшелер, өтпе жолдар) отыз градустан астам бұрылған жағдайда, бұрылыс орнынан оқшауланған атау беруге жол беріледі.
      16. Қаланың құрамдас бөліктерін табиғи кедергілер (өзен, жыра) кесіп өткен жағдайда, түзілген учаскелерге жеке атау беруге болады.
      17. Қаланың аумағын кезең бойынша игерген жағдайда қалыптас-тырудың және уақытында қала құрылыстық элементті салудың нақты кезеңіне сәйкес келетін қала құрылыстық элементті оқшауланған, логикалық үйлескен атаулары бар жекелеген учаскелерге бөлуге болады.
      18. Қаланың құрамдас бөлігінің атауы болмаған жағдайда сәулет органы бұйрық негізінде қаланың құрамдас бөлігіне ресми атау бергенге дейін уақытша жобалық нөмір береді.
      19. Алдын ала мекенжайдың атауы болмаған жағдайда сәулет органы оның тұрақты мекенжайын бергенге дейін жазбаша түрде уақытша жобалық нөмір берілу туралы ономастикалық комиссияға жазбаша хабарлама жіберіледі.
      20. Бір объектіге бірнеше мекенжай, соның ішінде қаланың құрамдас бөлігіне қатысты бұрыштық мекенжай беруге рұқсат берілмейді.
      21. Объект тиісті шағын ауданның белгіленген шекараларында орна-ласқан жағдайда, шағын аудан атауы объект мекенжайына қосылады.
      22. Объект нөмірленетін оған қатысты қаланың құрамдас бөлігінің атауы қала көшелері атауларының тізбесіне сәйкес белгіленеді.

4. Реттік нөмір беруге қойылатын талаптар

      23. Берілген аумақта орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды нөмірлеу, құрылысы аяқталған жер учаскесінде белгіленген негізгі ғимаратқа қатысты жүзеге асырылады.
      24. Бір жер учаскесінде бірыңғай сәулет үйлесімін құрушы немесе бір сәулет-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын екі немесе одан да көп объект тұрғызылған жағдайда, бұл объектілердің реттік нөмірі негізгі ғи-мараттың нөмірі мен корпустың қосымша нөмірінен тұрады. «Корпус» белгісі олар орналасқан жер учаскесі аумағының қызметтік қолданысын ескере отырып, ғимараттың қызметтік мақсатына және жақын тұрған ғимараттардың қалыптасқан нөмірленуіне байланысты қажеттілік бойынша анықталады.
      Бұл ретте, ғимараттың нөмірленуі негізгі ғимараттың орналасуын ескере отырып, жер учаскесі аумағына басты кіру жолынан бастап жүргізіледі.
      25. Егер объект орам ішінде орналасқан және объектінің ешбір қасбеті көшелерге шықпаған болса, объектінің реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін сандар қосылады. Бұл ретте, негізгі реттік нөмір болып, нөмірленетін объектіге ең жақын орналасқан объектінің реттік нөмірі қолданылады.
      26. Бөлшек белгісі арқылы жазылған сан негізгі реттік нөмірі бар объек-тіден алыстауына қарай ұлғаяды. Бөлшек белгісі бар объектінің реттік нөміріне бүтін сан, бөлшек белгісі арқылы немесе сызықша арқылы жазылған бас әріптер қосуға жол берілмейді.
      27. Объектінің реттік нөмірі сәулет органымен пайдалануға беру, қате мекенжай деректерін реттеу, қала аумағындағы объектілерге кешенді инвентаризация жүргізу барысында қате мекенжай деректерін жою мақсатында беріледі.
      28. Жер қатынастары жөніндегі орган жер учаскесін беру кезінде учаскеге алдын-ала мекенжай беру үшін сәулет органына өтініш білдіреді. Жер учаскесін беру туралы шешімде объектінің алдын-ала мекенжайы көрсетіледі.
      29. Қаланың бір құрамдас бөлігіндегі объектілердің нөмірленуі оннан артық бірлікке тоқтатылған (жоғалған) жағдайда, сәулет органы қайта нөмірлеуді талап ететін объектілердің нөмірленуіне өзгерістер енгізу туралы бастама жасайды.
      30. Оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай құрылыстың үздіксіз бағытын түзеген ғимараттарға (құрылыстарға) реттік нөмір беру тиісінше оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай қаланың құрамдас бөлігінің сол жағы бойынша тақ нөмірлермен және оң жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізіледі.
      31. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын жою сәулет органымен жылжымайтын мүлік объектісінің жоқтығы инвентаризация арқылы (әрбір ауланы және әрбір үйді тексеру) анықталған кезде, сондай-ақ елді мекеннің құрамдас бөлігіне қатысты бекітілген жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін реттеу кезінде жүзеге асырылады.
      32. Әртүрлі санаттағы қаланың құрамдас бөліктерінің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистральдық көшелердің жіктегішіне сәйкес жоғары санатты қаланың құрамдас бөліктері бойынша реттік нөмір беріледі.
      33. Тең санаттағы қаланың құрамдас бөлігінің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың басты қасбеті шығатын қаланың құрамдас бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың өзара тең екі қасбеті шығып тұрса, реттік нөмір елді мекеннің орталығы бағытына қарай жүретін қаланың құрамдас бөлігі бойынша беріледі. Егер ғимараттың басты қасбеті аула ішінде орналасқан болса, реттік нөмір ғимарат созылып жатқан бойдағы қаланың құрамдас бөлігі бойынша беріледі.
      34. Алаң периметрін түзуші ғимараттарға реттік нөмір беруқаланың орталық жағындағы басты жолдан бастап сағат тілі бағыты бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштық ғимарат басты қасбетке ие болса және оның жалғасы таяу тұрған қаланың құрамдас бөлігі бойынша едәуір созылып жатса, оның нөмірленуі қаланың құрамдас бөлігі бойынша жүргізіледі.
      35. Осы Қағиданың 30-тармағын орындау мүмкін болдырмайтын, қала аумағы құрылысының табиғи жолмен қалыптасуы жағдайында, сол аумақтағы реттік нөмірлерді кері тәртіппен, яғни қаланың құрамдас бөлігінің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен солтүстіктен оңтүстікке немесе шығыстан батысқа қарай беруге болады.
      36. Қаланың құрамдас бөлiктерiн бiрiктiрген немесе бөлген жағдайда, осы Қағиданың 29303132-тармақтарына сәйкес қаланың көрсетiлген құрамдас бөлiктерiнде орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды қайта нөмiрлеу талап етiледi.
      37. Жеке меншiк, жер пайдалану (жалға алу) құқығындағы жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi жер учаскесiнде бiр немесе бiрнеше жылжымайтын мүлiк объектiсiн қосымша тұрғызған жағдайда, әрбiр объектiге корпус немесе құрылыстың қосымша нөмiрi қосыла отырып сол реттiк нөмiр берiледi (шаруашылық-тұрмыстық қажеттiлiкке арналған жеке меншiк үй жанындағы жер учаскесiнде орналасқан құрылыстарды санамағанда).
      38. Мекенжай бiр объектiнiң әртүрлi бөлiктерi үшiн ортақ болып табылады.
      39. Өтініш берушінің жылжымайтын мүлік объектісін мекенжай беру, өзгерту және жою туралы жазбаша өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) әкімдік қаулысының немесе әкімдік шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс);
      3) жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортының көшірмесі;
      4) блоктың (гараждар және саяжайлар үшін) реттік нөмірі мен нөмірін көрсете отырып, елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары;
      5) кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса беріп, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасы, жылжымайтын мүлік орталығы мұрағатынан (қажет болған жағдайда) қорытынды;
      6) жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда);
      7) тұтынушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат;
      8) тұтынушының жеке куәлігі, жазылған жеке сәйкестендіру нөмірі бар (мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті алушысы);
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;
      Тұлғаның жеке куәлігі мен сенімхатты тексеру үшін көшірмелермен қатар түпнұсқалар да ұсынылады, олар сәйкестендірілгеннен кейін құжат түпнұсқасы мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады.
      40. Өтініш берушінің мекенжайын нақтылау туралы жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) тіркеу туралы куәліктің, бизнес сәйкестендіру нөмірінің (заңды тұлғалар үшін) көшірмелері;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат, меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген кезде);
      4) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат, жазылған жеке сәйкестендіру нөмірі бар (мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті алушысы).
      Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қатар түпнұсқасы ұсынылады, олар сәйкестендірілгеннен кейін құжат түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
      41. Осы Қағиданың 3940-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа шетелдік заңды тұлғалар сауда тіркелімінен жария етілген үзінді көшірмені немесе мемлекеттік және орыс тілдері аударамаларымен нотариалдық куәландырылған шет мемлекеттің заңнамасы бойынша шетелдік заңды тұлға болып табылатынын куаландыратын құжат немесе басқа жария етілген құжат ұсынады.
      Аталған құжаттардың көшірмелерімен қатар түпнұсқасы ұсынылады, сәйкестендірілгеннен кейін құжат түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
      42. Сәулет органы өтініш берушілердің мекенжайды нақтылау бойынша өтінішін, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту немесе жою кезінде, жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жеріне баруды қоса алғанда – 7  жеті) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
      3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер қарау мерзіміне есептелмейді) өтініш беруші осы Қағиданың 394041-тармақтарында көрсетілген құжаттар тізімі толық тапсырылмаған жағдайда, өтініш берушіге қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша негізделген хабарлама береді.
      43. Бiрiздi нөмiрленген нөмiрлерi бар екi ғимараттың, құрылыстың арасында орналасқан ғимараттарды нөмiрлеудi (объектiлер қоюды), осы Қағидаға сәйкес тиiстi объектiнiң кiшi нөмiрiне бөлшек белгiсiн қосуды қолдана отырып жүргiзу қажет.
      44. Дербес объектiлердiң (ғимараттар, құрылыстар) белгiлерi бар жапсарлас, жапсарластыра-жанастыра салынған объектiлерге негiзгi ғимарат нөмiрiне әрiп қосу арқылы дербес реттiк нөмiр берiледi (қосымша символдар (бос орын, сызықша, бөлшек және т. б.) қолданусыз).
      45. Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алуға байланысты қарқынды бұзу жүргiзiлiп жатқан аумақтарда жобаланушы ғимараттар, құры-лыстар үшiн реттiк нөмiрлердi резервке қоюға рұқсат берiледi.
      46. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектiлерінің реттiк нөмiрi ғимараттың басты қасбетiнен сағат тiлi бойымен (төменнен жоғары) берiледi. Нөмiрлеу 1(бiрден) басталып, әрi қарай рет бойынша, ғимараттың басты қасбетiнен сол жақтағы (бiрiншi) кiреберiстен басталуы тиiс. Қайталама объектiлерге нөмiрлеу жүргiзу, жылжымайтын мүлiктiң бастапқы объектiсi пайдалануға берiлгеннен кейiн жасалады.
      47. Кейінгі объектiлерге, санатына байланысты қайталама объект түрi берiледi: пәтер, ішкі орынжай, жапсарлас салынған орын-жай.
      48. Кейінгі объектiлерге кейінгі объектiнiң түрi көрсетiле отырып, орын-жайдың реттiк нөмiрi берiледi.
      49. Жапсарлас салынған кейінгі объектiлерге жапсарлас салынған орын-жайдың ол орналасқан негiзгi ғимараттың нөміріне байланыстыра отырып нөмiр берiледi. Жапсарлас салынған кейінгі объектiлерге негiзгi ғимараттан өзгеше дербес реттiк нөмiр берiлмейдi.
      50. Кейінгі объектiлердi бiрiктiрген кезде, бiрiктiрген объектiге үлкен нөмiр берiледi, бұл ретте кiшi нөмiр резервте қалады.
      Кейінгі объектiлердi бөлген кезде, резервтiк нөмiр болмаған жағдайда, бөлiнген объектiге қайталама объектiнiң қолданыстағы нөмiрi кiшi әрiптiк жазбаны бiрiктiре отырып берiледi.
      51. Автомобиль жолдарының жол жиегі жолағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы мынадан тұрады:
      әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы;
      ауданның атауы;
      автомобиль жолдары атауы;
      автомобиль жолдарының басынан шақырым қашықтығы мен құры-лыс/құрылымының нөмірі.
      Мысалы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Астана-Қарағанды тас жолы, 1 км, № 2 құрылыс.
      52. Өндірістік ғимараттардың мекенжайы мынадан тұрады:
      қала атауы;
      аудан атауы;
      қаланың құрамдас бөлігінің атауы;
      ғимарат пен құрылыстың нөмірі, блоктарға, корпустарға бөлген жағдайда қосымша элементті көрсетіп тиісті нөмір беріледі.
      Мысалы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Заводская көшесі, № 25, № 1 блок (№ 1 құрылыс).
      53. Объектiлердiң реттiк нөмiрi туралы мәліметтер толтырылатын, ұйымдарда дайындалатын және шығарылатын құжаттарды толтыру кезiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң реттiк нөмiрлерiн ерiктi түрде жазуға рұқсат етiлмейдi.
      54. Объект мекенжайын жазуда мекенжайдың толық мазмұндалуы талап етiледi.
      55. Мекенжай мәліметтері МҚК ААЖ кезекші жопарында қалыптастырылады.
      56. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайлық мәлiметтерi құжаттар негiзiнде, ақпараттық ықпалдастық арқылы елді мекеннің кезекші жоспарынан, МҚК ААЖ-дан «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiне енгiзiледi.
      57. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен қаланың құрамдас бөлiктерiн, мекенжайларды алуды, өзгертудi, жоюды нақтылайтын ресми құжаттардың сканерленген көшiрмелерi МҚК ААЖ-дегі елді мекеннің кезекші жоспарына және кейіннен «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiне енгiзiледi.
      58. Қате мекенжайлық мәлiметтер (жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң нөмiрлерi) болған жағдайда, сәулет органы жылжымайтын мүлiк объектiсiне реттiк нөмiр бередi.

5. Мекенжайды пайдалану

      59. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы жылжымайтын мүлік объектісіне байланысты мүліктік және өзге құқықтарды дұрыс ресімдеуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ келісілген кадастрды және тіркелімдерді жүргізу мақсатында, жылжымайтын мүлік туралы ақпараттың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін интеграциялау мақсатында қолданылады.
      60. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы жер учаскесі шека-расын, техникалық паспортты қалыптастыру ережесіне әсер етпейді.
      61. Ғимаратты пайдалануға беру кезеңдері мекенжайға әсер етпейді, сондай-ақ мекенжай ғимаратты бір немесе бірнеше кезеңдермен салуға және қолданысқа беруді мәжбүрлемейді.
      62. Мекенжайды беру, өзгерту, жою және растау туралы анықтама кімнің де болса мекенжай берілуші объектіге құқығын тікелей немесе жанама түрде растамайды.
      63. Мекенжайды беру, өзгерту, жою және растау туралы анықтама мекенжай берілген объектінің қандай да бір құрылыс немесе қала құрылыстық нормаларын қадағалаумен салынғандығын растамайды.

6. Қорытынды ережелер

      64. Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін елді мекеннің барлық аумағында міндетті.
      65. Осы Қағидамен қамтылмайтын қатынастар Қазақстан Республи-касының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне
атау беру және атауын өзгерту   
тәртібін, жер учаскелеріне     
ғимараттарға және құрылыстарға   
реттік нөмір беру талаптарын    
жүргізу қағидасына         
1–қосымша               

Әкімшілік-аумақтық бірлік үлгілері атауының тізбесі

Мемлекеттік тілдегі атауы

1

Айрық жол

2

Аудан

3

Бекет

4

Кент

5

Кент округі

6

Қала

7

Қаладағы аудан

8

Республикалық маңызы бар қала

9

Шипажай

Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне
атау беру және атауын өзгерту   
тәртібін, жер учаскелеріне     
ғимараттарға және құрылыстарға   
реттік нөмір беру талаптарын    
жүргізу қағидасына         
2–қосымша               

Елді мекеннің құрамдас бөлігі үлгілері атауының тізбесі

Мемлекеттік тілдегі атауы

1

Алаң

2

Алап

3

Аллея

4

Айрық жол

5

Әскери бөлім

6

Бағбан – тұтынушылар кооперативі

7

Бағбандар қоғамдастығы

8

Бағбан серіктестігі, бағбандық тұтынушыларының кооперативі

9

Бақ шаруашылығы бірлестігі

10

Бульвар

11

Бекет

12

Бағбандар қоғамы

13

Гараж кооперативі

14

Гараж иелерінің тұтынушылар кооперативі

15

Гараж тұтынушыларының кооперативі

16

Гараж-құрылыс кооперативі

17

Гараж-пайдалану кооперативі

18

Даңғыл

19

Демалыс базасы

20

Жол

21

Жағалау

22

Жеке гараж иелерінің тұтынушылар кооперативі

23

Көше

24

Орам

25

Өтпе жол

26

Өндірістік аймақ

27

Саяжай кешені

28

Саяжай кооперативі

29

Саяжай қоғамдастығы

30

Саяжай учаскелері иелерінің тұтынушылар кооперативі

31

Саяжай алабы

32

Тас жол

33

Трасса

34

Тұрғын алап

35

Тұйық көше

36

Тұтынушылар кооперативі

37

Тұйық

38

Учаске

39

Шағын аудан

Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне
атау беру және атауын өзгерту   
тәртібін, жер учаскелеріне     
ғимараттарға және құрылыстарға   
реттік нөмір беру талаптарын    
жүргізу қағидасына         
3–қосымша               

Жылжымайтын мүлік объектілері үлгілері атауының тізбесі

Мемлекеттік тілдегі атауы

1

Ауылшаруашылық мал бағу мақсатындағы объектілер

2

Әкімшілік және қоғамдық ұйымдар мен басқармалар

3

Бағбандық учаскелер

4

Ғылым, білім беру және тәрбие беру объектілері

5

Денсаулық сақтау және демалыс объектілері

6

Дене шынықтыру- сауықтарды және спорттық объектілер

7

Коммуналдық қызмет көрсету объектілері

8

Көлік және халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған өндірістік объектілер

9

Құрылым

10

Қоғамдық тамақтану объектілері

11

Мәдени-ағарту және көрермендер мекемелерінің объектілері

12

Өндірістік ғимарат

13

Өнеркәсіптік және қойма объектілері

14

Сауда объектілері

15

Тұрғын үй қоры

16

Тұрмыстық қызмет көрсету объектілері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады