Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.05.28 N 06-526қ қаулысымен
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы
N 558
қаулысына
және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы
N 22-226қ
қаулысына
(Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 508 болып енгізілді, "Астана ақшамы" газетінің 2008 жылы 3 сәуірдегі N 42 саны) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
барлық мәтін бойынша "Департамент", "Департаменттің" деген сөздер "Басқарма", "Басқарманың" деген сөздермен ауыстырылсын;
стандарттың 14-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 723-бөлме, телефон 556875.";
стандарттың 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Құжаттарды қабылдаған уәкілетті қызметкер барлық қажетті құжаттарды алғаны және ол орындаған қызметтерді алу күні туралы өтініш иесіне анықтама береді.";
қаулыға қосымшаның 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Анықтама беруді басқарманың арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің қызметкері Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 723-бөлмеде, телефоны 556875 бойынша күн сайын қабылданған құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Анықтама беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды.
Анықтама өтініш иесі жеке өзі келгенде беріледі.
Егер өтініш иесі құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда Басқарма берілген анықтамалар мен қаралған құжаттарды мерзімсіз сақтауды жүзеге асырады.".
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі аталған қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә. Рахымжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов