Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан
қараңыз.
Ескерту: Барлық мәтін бойынша "Департамент", "Департаменттің" деген сөздер "Басқарма", "Басқарманың" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2008.12.30 N 22-1507қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсететін "Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұсынылған стандарты бекітілсін.
2. Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілетін көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.
3. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім А. Мамин
Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 18 ақпандағы
N 22-226қ қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке
толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау
үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне
анықтама беру"
1. Негізгі ережелер
1. Осы мемлекеттік қызмет тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру тәртібін анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22, 23, 24-баптары , Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабы 3 тармағы, Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 114-бабы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Басқарманың арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі көрсетеді.
Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 723 кабинет, телефон 75-25-12.
Ресми сайт: www.astana.kz.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтаманы беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Құжаттарды қарастыру мерзімі он бес жұмыс күні ішінде:
1) ұсынылған құжаттарға сараптама өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі, тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама бес жұмыс күні ішінде рәсімделіп, одан кейін өтініш берушіге беріледі.
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейін;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан көп емес.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, Басқарма фойесіндегі қабырғаларда, сондай-ақ www.astana.kz. веб-сайтында орналасқан.
10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және қызмет көрсетуді жеделдету жүзеге асырылмайды.
11. Мемлекеттік қызмет Басқарманың арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінде көрсетіледі, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 723 кабинет.
Басқарма ғимаратына кіре берісте жеке басын куәландыратын құжат бойынша өткізу пункті орналасқан.
Фойеде және кабинетте толтырылған бланк үлгілері қойылған ақпараттық қабырға бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама алу үшін ұсынылады:
осы стандарттың
N 4 қосымшасына
сәйкес өтініш берушінің-кәмелетке толмаған баланың қамқоршысының, қорғаншысының, патронат тәрбиешісінің өтініші;
өтініш берушінің жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
баланың (балалардың; 10 жастағы және одан үлкен (18 жасқа дейінгі) балалардың өзінің болуы) туу туралы куәлігі;
пәтер құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері (келісім-шарт, жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, пәтердің техникалық төлқұжаты, үй кітабы);
басқа да құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (ажырасу куәлігі, қайтыс болу туралы, некелік қатынаста болмағанын растайтын құжат; баланың некеден тыс туылғаны жөніндегі N 4 нұсқаны анықтама);
кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үйді кепілге қоюға рұқсат беру үшін анықтама беру туралы банк хаты (кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие беру жағдайында);
өтініш берушінің нотариалды расталған кепілді мүлікке өтініші.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың N 2 , 3 қосымшасына сәйкес бланкісін Басқарманың арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің мамандары береді.
14. Мемлекеттік қызмет кабинеттерде Басқарманың арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі қызметкерлері тарапынан көрсетіледі.
Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 723-бөлме, телефон 556875.
Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2008.12.30
N 22-1507қ
(қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
15. Құжаттарды қабылдаған уәкілетті қызметкер барлық қажетті құжаттарды алғаны және ол орындаған қызметтерді алу күні туралы өтініш иесіне анықтама береді.
Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2008.12.30
N 22-1507қ
(қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
16. Анықтама беруді басқарманың арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің қызметкері Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 723-бөлмеде, телефоны 556875 бойынша күн сайын қабылданған құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Анықтама беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды.
Анықтама өтініш иесі жеке өзі келгенде беріледі.
Егер өтініш иесі құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда Басқарма берілген анықтамалар мен қаралған құжаттарды мерзімсіз сақтауды жүзеге асырады.
Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2008.12.30
N 22-1507қ
(қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда, Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін, сондай-ақ:
кәмелетке толмаған балаға тиелісі тұрғын үй алаңын ауыстыру немесе сату нәтижесінде оның құқықтары мен мүддесін бұзған жағдайда.
Басқарма бас тарту себебін алған соң өтініш берушіге оларды алған соң бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және бас тарту себептерінің жазбаша негіздері беріледі.
18. Басқарма қызметі:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;
7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде талап етуші Басқарма басшысына шағымдана алады (телефон: 8 (7172) 75-26-33, электрондық почта: astana_do@mail.ru.)
Талап етуші қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Астана қаласы әкімінің орынбасарына жазбаша шағым хат жолдауына болады.
22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе Басқарманың кеңсесі арқылы қолма-қол мына мекен-жай бойынша жұмыс күндері қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 718 кабинет.
23. Тікелей жазбаша өтініш жасаған тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген екінші данасы қайтарылады.
Білім басқармасына келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылады.
Берілген шағымға жауапты не шағымды қарастыру барысы туралы ақпаратты Басқарма орналасқан мекен-жай бойынша 723-ші кабинеттен, не канцеляриядан алуға болады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.
24. Тұтынушыларды қабылдау Басқарма жұмысының белгіленген тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
1) Басқарма директоры:
Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 709 кабинет, телефон 8 (7172) 75-26-33;
Электрондық почта мекен-жайы: astana_do@mail.ru.
Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 19.00-ге дейін.
2) Басқарма директорының орынбасары:
Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 716 кабинет, телефон 8 (7172) 75-27-20;
Электрондық почта мекен-жайы: astana_do@mail.ru.
Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, сәрсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 19.00-ге дейін.
3) Астана қаласы әкімінің орынбасары:
Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 225 кабинет, телефон 8 (7172) 75-21-47;
Электрондық почта мекен-жайы: akimat225@mail.ru.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбі күні сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін.
25. Қосымша қызметтер көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 1 қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының % (үлесі) |
85 |
80 |
77 |
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
85 |
15 |
8 |
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
85 |
55 |
46 |
2.2. Құжаттарды (жүргізілген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) дұрыс ресімдеген жағдайдың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
85 |
70 |
62 |
3.2. Құжаттар дұрыс толтырылған және бірінші реттен тапсырылған жағдайлардың % (үлесі) |
95 |
90 |
85 |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтер туралы ақпараттың толықтығы % (үлесі) |
95 |
50 |
- |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санынан негізделген шағымдардың % (үлесі) |
- |
- |
- |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.3. Шағымданудың қазіргі тәртібі қанағаттандырылған тұтынушылар % (үлесі) |
- |
- |
- |
4.4. Шағымданудың қазіргі мерзімі қанағаттандырылған тұтынушылар % (үлесі) |
- |
- |
- |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығы қанағаттандырылған тұтынушылар % (үлесі) |
|
|
|
Ескерту: Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі моделдік әдістемелік ұсыныстарға сәйкес есептеледі.
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 2 қосымша
Үлгі
Қазақстан Республикасы
Астана қаласының Білім басқармасы
Қамқоршылық және қорғаншылық орган бар, кәмелетке толмаған
балалар мүддесіне әрекет ететін, Білім басқармасы Қазақстан
Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының
13-бабы
, 3
тармағына сәйкес
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________
мекен-жайы бойынша____________________________N____ үй, пәтер N_____
______________________________________________келісім береді.
Астана қаласы Білім басқармасы
директорының орынбасары __________қолы (Т.А.Ә.)
М.О.
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 3 қосымша
Жеке тұлға үшін үлгі
Астана қаласының Білім басқармасы
____________________________________________
_________мекен-жайы бойынша тұратын, телефон
Ерлі-зайыпты (аты-жөні, толық, қысқартусыз,
төлқұжат бойынша)___________________________
____________________________________________
Өтініш
Мына____________________________________________мекен-жайда
орналасқан пәтерді ________ мерзімге ____________ көлемде несие алу
үшін (пәтерді кепілге қоятын жағдайда) сатуға (айырбастау, сыйға
тарту) рұқсат беруіңізді сұраймыз.
Балаларымыз:
1__________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
(балалардың аты-жөні, туған жылдары, куәлік N, 10-нан асқан
балалар қолын қояды, "келісемін" - деп жазады)
Әкесі туралы мәліметтер (Аты-жөні, жеке куәлік N, кім және қашан
берілген)
____________________________________________________________________
_____________________________________________________(қолы)_________
Анасы туралы мәліметтер (Аты-жөні, жеке куәлік N, кім және қашан
берілген)
____________________________________________________________________
_______________________________________________(қолы)_______________
Келешекте тұратын мекен-жайы________________________________________
"Келешекте балалар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі" фразасы
(өз қолымен жазу қажет)
____________________________________________________________________
Күні:
Ерлі-зайыптылардың екеуінің қолы