Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.02 № а-4/103 қаулысымен
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Отаровқа жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Рау
Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 4 тамыздағы
N а-6/328 қаулысымен
бекітілді
"Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу"»мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан құзыретті орган (бұдан әрі мәтін бойынша - Басқарма) және жер қойнауын пайдаланушылар (бұдан әрі мәтін бойынша - тұтынушылармен) арасында жасалған, Ақмола облысының аумағында барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі мәтін бойынша - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгісі - автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіндегі 302-бабының, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 14-бабындағы 1-тармағының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын пайдалану бөлімімен (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) Көкшетау қаласы, Әуельбеков көшесі, 179 а, 406-кабинетінде ұсынылады, сайты: www.akmo.kz.
5. Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге келісім-шартты тіркеген жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеулердің мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет көрсетілудің мерзімі тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтіп тұруға берілетін ең ұзақ уақыт 40 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтіп тұруға берілетін ең ұзақ уақыт 40 минут.
8. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімнің www.akmo.kz веб-сайтында, ақпараттық стендінде орналастырылады, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланады.
10. Мемлекеттік қызмет күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мереке күндері, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібі бойынша, алдын алу жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Азаматтарды қабылдау жайы мемлекеттік қызметті тұтынушылармен жұмыс істеу үшін бейімделген, физикалық мүмкіншіліктері шектеулі адамдар үшін, қажетті құжаттарды дайындау және күту үшін жағдайлар қарастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш;
2) кепілзат иесі мен кепіл беруші қол қойған кепілдік шарты;
3) бизнес жоспар.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтінімдер еркін үлгіде толтырылады.
14. Өтініш мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға қажетті құжаттар тізімімен қоса Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а" мекенжайы бойынша Басқарманың 401-кабинетіне тапсырылады.
15. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметтің рұқсатын алу күні көрсетілген талон алады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілі - тұтынушының Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а" мекенжайы бойынша Басқарманың N 406, 419 кабинетке жеке баруы, анықтама үшін телефон - 8(7162) 76-29-38.
17. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтату немесе бас тарту үшін негіз болады:
1) кепілдік шартының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіндегі 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) құжаттарды тапсырғанда берілген мәліметтер толық болмай, шындыққа сәйкес келмеуі.
3. Жұмыс принциптері
18. Басқарма қызметі қағидаларға негізделеді:
1) адам мен азаматтың құқықтарын және бостандығын сақтау;
2) заңдылық;
3) сыпайылық;
4) толық және түпкілікті ақпарат беру;
5) құпиялылық, ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
6) өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс қорытындылары
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсетудегі сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні бойынша жұмысы арнайы құрылған жұмыс топтарымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдау тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а" мекенжайы бойынша "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жүргізіледі.
22. Шағым Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а", N 401 кабинет мекенжайы бойынша "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының атына беріледі.
23. Тіркеу журналында тіркелген және осы шағымға жауап алу орны көрсетілген талон шағымның қабылданғандығын растайды. Шағымды қарастырудың барысы туралы 8(7162) 76-29-42 телефоны бойынша білуге болады.
6. Байланыс ақпараты
24. Мемлекеттік қызмет көрсететін Басқарма бастығының, оның орынбасарлары мен жоғарғы органдардың байланыс мәліметтері:
1) басқарма бастығы: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а"; 401-кабинет, электрондық мекен-жайы: depprom@bk.ru, телефоны: 8 (716 2) 762958, жұмыс кестесі: күн сайын, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі ас, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, қабылдау кестесі: сейсенбі, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін;
2) басқарма бастығының орынбасары: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а"; 404-кабинет, электрондық мекен-жайы: depprom@bk.ru, телефоны: 8 (716 2) 762941, жұмыс кестесі: күн сайын, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі ас, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, қабылдау кестесі: дүйсенбі, жұма, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін;
4) Ақмола облысының әкімдігі: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, ресми сайты: www.akmo.kz.
"Барлауға, өндіруге және бірлескен
барлауға және жалпыға таралған
пайдалы қазбаларды өндіруге
кепілдік шартын тіркеу"
мемлекеттік қызметті
көрсетудің стандартына
қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні | Көрсеткіштің есеп беру жылындағы ағымдағы мәні |
---|---|---|---|
1.Мерзімділігі | |||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) |
100 |
98 |
95 |
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
85 |
82 |
80 |
2. Сапа | |||
2.1. Қызметті |
90 |
85 |
80 |
2.2. Құжаттарды |
100 |
95 |
90 |
3. Қол жетімділік | |||
3.1. Қызметті |
90 |
80 |
75 |
3.2. Тұтынушы |
80 |
70 |
65 |
3.3. Интернет |
50 |
5 |
40 |
4. Шағымдану үдерісі | |||
4.1. Қызметтің |
0,5 |
1 |
1,5 |
4.2. белгіленген |
- |
- |
- |
4.3. шағымданудың |
- |
- |
- |
4.4. шағымдану |
- |
- |
- |
5. Сыпайылық | |||
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына |
95 |
95 |
95 |