Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 06.02.2009 № 4С-12-14 шешімімен.
2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 491 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының әділет департаментінде 2008 жылдың 29 шілдесінде N 3259 тіркелген, облыстық "Арқа ажары" газетінде 2008 жылдың 2 тамызында N 87, "Акмолинская правда" газетінде 2008 жылдың 2 тамызында N 98 жарияланған Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы N 4С-7-15 "Ақмола облысының елді мекендері мен жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру үшін ай сайынғы төлем ставкаларын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Қ.Әдиетов
Ақмола облыстық мәслихатының
2008 жылғы 18 қыркүйектегі
N 4С-9-8 шешіміне қосымша
Ақмола облысының елді мекендері мен жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары
N |
Жарнама түрлері |
Айсайынғы есептік көрсеткіштегі айсайынғы төлемақы ставкасы |
||
I |
II |
III |
||
1 |
Жарнама объектілері (жердегі, қабырғадағы) |
|||
1 шаршы метрге дейін |
1 |
0,5 |
0,5 |
|
1 шаршы метрден 3 шаршы метрге дейін |
1 |
0,5 |
0,5 |
|
3 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін |
2 |
1 |
1 |
|
10 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейін |
2,5 |
2 |
1,5 |
|
20 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейін |
3 |
2,5 |
2 |
|
50 шаршы метрден жоғары |
5 |
4 |
3 |
|
2 |
Көше жарығы тіректерінде жарнама қондырғылары |
|||
3 шаршы метрге дейін |
1 |
1 |
1 |
|
3 шаршы метрден жоғары |
1 |
1 |
1 |
|
3 |
Жабын үсті неондық жарнама қондырғылары |
|||
20 шаршы метрге дейін |
2 |
1 |
1 |
|
20 шаршы метрден жоғары |
2 |
2 |
2 |
|
4 |
Шығыңқы жарнама қондырғылары |
|||
бір бірлігі үшін |
1 |
0,5 |
0,5 |
|
5 |
Көлік құралдары сыртқы жақтары жарнамалары (бір бірлік үшін): |
|||
Шағын автобустар, таксилер, |
2 |
1 |
0,5 |
|
Автобустар, жүк |
2 |
1 |
0,5 |
|
6 |
Көлік құралдарында қондырылған жарнама (панно, щиттер, лайтбокстер және т.б.) бір жағы үшін: |
|||
2 шаршы метрге дейін |
1 |
0,5 |
0,2 |
|
2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін |
2 |
1 |
0,5 |
|
5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін |
3 |
2 |
1 |
|
7 |
Бейнероликтерді |
|||
25 шаршы метрге дейін |
10 |
5 |
2 |
|
25 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейін |
20 |
10 |
5 |
I санат - Көкшетау, Степногорск қалалары, Щучье, Целиноград, Аршалы аудандары.
II санат - Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Зеренді, Бұланды, Шортанды аудандары.
III санат - Еңбекшілдер, Есіл, Жақсы, Сандықтау, Егіндікөл, қорғалжын, Жарқайың, Ерейментау аудандары.