Ақмола облысының елді мекендері мен жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру үшін ай сайынғы төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы N 4С-7-15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 шілдеде N 3259 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 4С-12-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 06.02.2009 № 4С-12-14 шешімімен.

      2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 491 бабына 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстың мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының елді мекендері мен жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Ақмола облысының әділет департаментінде 2002 жылдың 8 мамырында N 1092 тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының 2002 жылғы 12 сәуірдегі N С-16-16 "Ақмола облысының елді мекендері мен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнама нысандарын орналастыру үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Ақмола облыстық мәслихаты
     сессиясының төрағасы,Ақмола облыстық
     мәслихатының хатшысы

Ақмола облыстық мәслихатының
2008 жылғы 20 маусымдағы  
4С-7-15 шешіміне қосымша  

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 2008.09.18 N 4С-9-8 шешімімен

Ақмола облысының елді мекендері мен жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары

N

Жарнама түрлері

Айсайынғы есептік көрсеткіштегі айсайынғы төлемақы ставкасы
(АЕК)

I
санат

II
санат

III
санат

1

Жарнама объектілері (жердегі, қабырғадағы)


1 шаршы метрге дейін

1

0,5

0,5


1 шаршы метрден 3 шаршы метрге дейін

1

0,5

0,5


3 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін

2

1

1


10 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейін

2,5

2

1,5


20 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейін

3

2,5

2


50 шаршы метрден жоғары

5

4

3

2

Көше жарығы тіректерінде жарнама қондырғылары


3 шаршы метрге дейін

1

1

1


3 шаршы метрден жоғары

1

1

1

3

Жабын үсті неондық жарнама қондырғылары
(жарық динамикалық панно немесе көлемді неондық әріптер) 


20 шаршы метрге дейін

2

1

1


20 шаршы метрден жоғары

2

2

2

4

Шығыңқы жарнама қондырғылары


бір бірлігі үшін

1

0,5

0,5

5

Көлік құралдары сыртқы жақтары жарнамалары (бір бірлік үшін):


Шағын автобустар, таксилер,
жеңіл автомобилдер, су көлігі

2

1

0,5


Автобустар, жүк
автомобильдері және т.б.

2

1

0,5

6

Көлік құралдарында қондырылған жарнама (панно,  щиттер, лайтбокстер және т.б.) бір жағы үшін:


2 шаршы метрге дейін

1

0,5

0,2


2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін

2

1

0,5


5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін

3

2

1

7

Бейнероликтерді демонстрациялайтын экран (монитор)





25 шаршы метрге дейін

10

5

2


25 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейін

20

10

5

      Ескертпелер:
      кестеде көрсетілген жарнама жиегінің ауданы жоғарылаған жағдайда айсайынғы ақының ставкасы ауданға пропорционалды жоғарылайды.
      I санат - Көкшетау, Степногорск қалалары, Щучье, Целиноград, Аршалы аудандары.
      II санат - Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Зеренді,  Бұланды, Шортанды аудандары.
      III санат - Еңбекшілдер, Есіл, Жақсы, Сандықтау,  Егіндікөл, Қорғалжын, Жарқайың, Ерейментау аудандары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады