Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2009.04.06 № 3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының Деңсаулық сақтау Министрінің 2005 жылдың 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2005 жылдың 04 «наурыздағы № 100 «Қазақстан Республикасында басқада әскерлік және әскери құрылымдары, Қарулы Күштерінде әскери–дәрігерлік сараптама Ережесін бекіту туралы» № 3560 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген» бірлескен бұйрығына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу және олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, денешынықтыру дайындығының деңгейін, алған мамандығының жалпы білімі деңгейін анықтау үшін аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі Аршалы ауданында 2009 жылдың қаңтары мен наурызында, шақыру жылында он жеті жасқа толған 1992 жылы туылған ер азаматтарды шақыру участкесіне есепке алу өткізілсін.
2. Аршалы кенті, селолық және ауылдық округ әкімдері, аудан ұйымдарының басшылары, «Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (қосымшаға сәйкес) 1992 жылы туылған ер азаматтарды шақыру пунктіне көрсетілген мерзімде алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы – мұғалімнің басшылығында қатынастыру қамтамасыз етсін.
3. «Аршалы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына (келісім бойынша) шақыру участкесіне тәртіпті қамтамасыз ету және тіркеуден бас тартқан тұлғаларды іздестіру бойынша шаралар қабылдасын.
4. Азаматтарды әскери есепке алу бойынша шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлына жүктелсін.
6. Осы шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн толған соң қолданысқа енеді.
Аршалы ауданының
әкімі Е.Маржықпаев
КЕЛІСІЛГЕН:
Аршалы ауданының
қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы майор Р.Нүркеев
«Аршалы аудандық
орталық емханасы»
мемлекеттік мекемесінің
бас дәрігері В.Биджиев
«Аршалы ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
полиция подполковнигі Е.Мұқанов