Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2012.04.23 № 5С3-2 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 7 тармақшасына сәйкес Егіндікөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Егіндікөл ауданындағы аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелерін бекіту (қосымшада).
2. Осы шешім Егіндікөл ауданның әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессияның төрағасы: С. Джусупова
Аудандық мәслихаттың
хатшысы: Р. Муллаянов
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданның әкімі Б.Султанов
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданның жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы А.Казбеков
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданның экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы Ж.Серкебаев
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 4С10 - 4 шешімімен
Бекітілген
Егіндікөл ауданындағы аз қамтылған отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үйді ұстау ( жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының
2 тармағының негізінде әзірленді.
2. Көмек аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) ұстау, коммуналдық қызметті тұтыну ақысын төлеуге көрсетіледі (бұдан әрі – тұрғын үй көмегі).
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылытылатын жеке үй құрылыстарында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) көрсетіледі.
4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті белгіленген көлем нормасынан артық тұтыну ақысы жалпы негіздерде жүргізіледі. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы адамға 18 шаршы метр болып қабылданады, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтердің аумағындай болуы керек.
5. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен, осы жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалдаушы (жалға алушы) болып табылатын адамдарға көрсетіледі.
6. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтынудың нақты шығыстарының осы мақсатқа рұқсат етілген шығындар үлесінің артуы кезінде тағайындалады.
7. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының шектеулі рұқсат етілген шығыстарының үлесі отбасының жиынтық табысының жалғызілікті зейнеткерлерге, жалғызілікті аналарға, 1,2,3 топтардың мүгедектеріне, көп балалы отбасыларына 15% (пайызы) мөлшерінде белгіленеді.
8. Коммуналдық қызметті тұтыну (сумен жабдықтауға газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау) нормалары нақты тұтынудан шығарыла отырып белгіленеді, бірақ ҚНмЕ (құрылыстық нормалар мен ережелер) есептеулеріне сәйкес шектеулі мөлшерден артық емес.
9. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну нормалары мен тарифтері заңдармен белгіленген тәртіпте анықталмаған жағдайда, шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі, бірақ белгіленген коммуналдық қызметті тұтыну нормаларынан артық емес. Коммуналдық қызметті тұтынуға есеп жүргізу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге қабылданатын шығыстар алдыңғы тоқсандағы, немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есеп жүргізу құралдары көрсеткіштерінің негізінде нақты шығындармен анықталады, бірақ коммуналдық қызметті тұтынудың белгіленген нормаларынан артық емес Сәуір айындағы есептеуге қабылданатын шығыстар сәуірдегі нақты шығындар бойынша ұсынылған түбіртектерге сәйкес алынады.
10. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызмет тарифтерін және олардың өзгерулерін қызмет көрсетуші ұсынады.
2.Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
11. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын жайы бар (пәтерлері, үйлері) немесе тұрғын жайды жалдауға беруші (жалға беру) адамдар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
12. 1,2 топтардағы мүгедектерге күтім жасайтын, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасайтын немесе 3 жасқа дейінгі баланың тәрбиесіндегі тұлғаларды қоспағанда, отбасыларында жұмыс істемейтін, не оқу оқымайтын, не әскерде қызмет етпейтін және «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркелмеген адамдары бар отбасыларының тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер отбасы құрамына есептелмейді.
13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген күннен бастап 3 айға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің бастапқы процедурасына ұқсас.
14. Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер отбасыларына, есептеу кезінде есептеулерге келесі шектеулер қабылданады:
1) өтініш беруші заңды некеде тұрады, бірақ жұбайы осы мекен жайға тіркелмеген – қос жұбайының да табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген жұбайының мекен жайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш беруші заңды некеде тұрады, бірақ жұбайының тұратын жерін білмейді (көрсетпейді) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш білдірген жоқ – тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
15. Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер отбасылары немесе оны алушылар оны рәсімдеу үшін келесі құжаттар қоса берілген өтініш тапсырады (түпнұсқалары мен көшірмелері):
1) тұрғын үйдің меншік иесімен (жалдаушымен) бірге тұратын отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) тұрғын жай құқығын белігілейтін құжат (жекешелендіру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.), меншік құқығындағы тұрғын жай (пәтердің, үйдің) санының бірлігі туралы ақпараттық анықтама (жылына бір рет);
3) азаматтарды тіркеу кітабы;
4) отбасының табысы және өзге де көрсетілген (мұның алдындағы тоқсандағы) табыс туралы мәліметтер;
5) еңбек әрекетін растаушы құжаттар;
6) Егіндікөл ауданның әділет Басқармасынан жалғызілікті аналар үшін 4 үлгі бойынша анықтама;
7) сведения об оплате за содержание жилища, квитанции за оплату потребленных коммунальных услуг, справку о регистрации в качестве безработного, для домов с нестационарными газовыми плитами квитанцию о приобретении газовых баллонов (за предшествующий квартал).
8) тұрғын жайды ұстау жөнінде мәлеметтер, тұтынылған коммуналдық қызмет ақысының төлемі туралы квитанциясы, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, стационарлық емес газ плиталары бар үйлер үшін газ баллондарын сатып алғаны туралы (мұның алдындағы тоқсандағы) квитанциясы.
16.Тапсырылған құжатарды қарау нәтижесі бойынша отбасына есептеу құрастырылады, оған отбасының табысы және коммуналдық төлемдер кіреді. Есептеуге отбасының өкілі немесе отбасының атынан келген адам және құжаттарды қабылдаған тұлға қол қояды. Есептеулер негізінде екі дана шарт жасалады, оның біреуі тұрғын үй меншік иесіне (жалдаушыға) беріледі. Аталған шарт тұрғын үй көмегін алу үшін негіз болып табылады.
17.Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, пайдалану шығыстары бойынша шығыстарды есептеуге өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша түбіртектер, газға квитанция алынады. Сумен жабдықтау шығыстары қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша коммуналдық қызметті толық төлеген және есептегіштері болған жағдайда нақты деректер бойынша және қызмет көрсетуші коммуналдық қызметті қайта есептеген жағдайда алынады.
18.Тұрғын үй көмегін алушылар өзінің тұрғын жайының меншік түрінің кез келген өзгерісі, отбасының құрамы және оның жиынтық табысы, сондай-ақ мәртебесі туралы 10 күннің ішінде тұрғын үй көмегі қызметіне хабарлауға тиіс.
19.Тапсырылған ақпараттардың растығына күмандану туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындаушы қызметкер отбасының табысы, тұрғын жай шығыстары және отбасы мүшелерінің тұрақты тұратын жері туралы қосымша құжаттар талап етуге құқылы. Талап етілген құжаттар тапсырылмаған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегі қызметіне оның салдарынан жоғарылатылған немесе заңсыз тұрғын үй көмегі тағайындалған жалған мәліметтер тапсырылған жағдайда, меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарады.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
20. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтынудың нақты төлемінің өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шектеуіндегі айырмасы және осы отбасының осы мақсатқа рұқсат етілген шығыстардың шектеулі деңгейі ретінде есептеледі.
4.Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
21.Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Егіндікөл ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен отбасының табысын анықтау үшін есептейді.
22.Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмектерден, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік балалар жәрдемақысынан, қайтыс болғандарды жерлеуге және бала тууы кезіндегі бір жолғы төлемдерден басқа, тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақты алынған табыстың барлық түрлері есептеледі:
1) еңбекақы түріндегі табыс:
жалақының барлық түрі, сонымен қатар ақшалай және заттай түрдегі сыйлықақы, үстеме ақы, қосымша ақы және әлеуметтік жеңілдіктер, қызметкерлерге заңдарға сәйкес жұмыс істеген уақытына негізгі жұмыс орны, сондай-ақ қосымша жұмыс орны бойынша төленетін ақшалай сомалар; төлемдердің басқа түрлері (жеке еңбек шартын бұзу жағдайындағы өтемақылық төлемдер, жеке еңбек шартын бұзу кезінде пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін, қызметкерлерді ұйыммен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстыру кезінде, оқу демалыстарының ақысы) жатады;
2) зейнетақының барлық түрі; шәкіртақылар; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылған жағдайдағы және жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және жұмыс берушінің шешімдері бойынша тағайындалған өтемақылық төлемдер;
3) балаларға және өзге де асырауындағыларға алимент;
4) мертігу және өзге де денсаулыққа келтірілген залалды өтеу тәртібімен алынған біржолғы сомалар;
5) жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс;
6) кәсіпкерлік және өзге қызмет түрлерінен алынған табыс;
7) азаматтар ерікті түрде көрсеткен өзге де табыстар.
23.Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар үшін жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс (саяжай учаскелерін, үй жанындағы учаскелерді, бақшаларды қоспағанда) есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде есептеледі.
24.Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс, мүліктік және жер жарнасынан алынатын табыс көрсетілуі бойынша есептеледі.
5. Жергілікті жылытылатын жеке үй құрылыстарында тұратын (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
25.Жергілікті жылытылатын жеке үй құрылыстарында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тұрғын үйдің меншік иесі, жалдаушы тұрғын жай жалының шарты болған жағдайда ұсынады.
26.Жергілікті жылытылатын жеке үй құрылыстарында тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу үшін отынның шығысы тұрғын жайдың әлеуметтік нормасына сәйкес 1 шаршы метрге 49,75 килограмм көмір болып есептелсін.
27.Көмірдің құнын есептеу үшін Ақмола облысы бойынша санақ Департаменті Егіндікөл бөлімінің ұсынған және тұрғын үй көмегін есептеу тоқсанының алдындағы тоқсанның соңғы айындағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) жағдайдағы ақпаратқа сәйкес аудан бойынша орташа баға қолданылсын.
28.Жеке үй құрылысын жергілікті жылыту үшін қолданылатын отынның басқа түрінің шығыс нормасы және құны тұрғын үй көмегін есептеу кезінде көмірдің шығыс нормасынан құнына балама болып саналсын.
29.Көмір сатып алудың кезеңділігіне байланысты тұрғын үй көмегін есептеу кезінде тұрғын үйге арналған шығыстың барлық әлеуметтік нормасы (көмірдің құны) өтініш білдірілген тоқсандағы үш айға есептелсін.
30.Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жеке үй құрылыстарында тұратын отбасының орташа табысы өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелсін.
31.Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау бойынша шығыстар өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша орташа алынады.
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
32.Меншіктің барлық үлгісіндегі үйлерде тұратын адамдарға тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
33.Коммуналдық қызметті ұстауға және ұсыну үшін есептеу-нормалық шығындарды анықтау «Егіндікөл ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бақылау жүргізіледі.
34.Тұрғын үй көмегін төлеу коммуналдық қызмет көрсететін өнім берушілерге тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің дербес өтініштеріне сәйкес жүргізіледі және өтініш берушілердің екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына аударылады.