РҚАО ескертпесі
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында әкімшілік-аумағын орналастыру туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес, "Ақмола облысының аумағында құрылыс және ғимаратарына, талаптарына белгілеу жер учаскелеріне, реттік нөмірлерді беру, елді мекендерінің құрама бөліктерін атау және қайта атауын беру ережелерін бекіту туралы" 2007 ж. 30 қаңтардағы Ақмола облысы әкімдігініңқаулысының 3 бөлімі, Есіл қаласында ықшамдаудан және көшелерді қайта атау бойынша ономастика және тіл саясат бойынша аудандық комиссиясының берілген мәліметтерін қарау, Есіл қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Қайта аталсын:
1) Ленин атындағы көшені - Дінмұхаммед Қонаев атындағы көше,
2) Красногвардейская көшені - Шоқан Уәлиханов атындағы көше,
3) Пионерская көшесін үш көшеге айыру және атау: Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы көше, Әлия Молдағұлова атындағы көше, Александр Пушкин атындағы көше,
4) Джамбул көшесі атауы мемлекеттік тілдің транскрипциясына сәйкес қайта аталсын: Жамбыл Жабаев атындағы көше,
5) "Локомотив" ықшамауданы - Николай Самохвалов атындағы ықшамаудан.
2. Осы шешім орындаулуына бақылауын қала әкімінің орынбасары Д.А.Есмағұловке жүктелсін.
3. Осы шешім Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл қаласының
әкімі К.Мистриди
КЕЛІСІЛДІ:
"Есіл ауданы
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ж.Оқасова