Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2012.04.04 № А-4/201 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Жарқайың аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-11/6 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласының 2009 жылғы арналған жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын арттыруға құқығы бар мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосмышаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Жарқайың ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының
әкімі А.Қалжанов
Жарқайың аудан әкімдігінің
2008 жылғы 12 желтоқсандағы
№ А-13/382 қаулысына
қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізімі туралы
1.Білім беру мамандарының қызметтері:
1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары;
2) педагогикалық қызметкерлер және оған кіретін тұлға; барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, әдіскер, музыкалық жетекші, педагог-психолог, мұғалім-логопед;
3) мамандар, оның ішінде: кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, дәрігерлік медбике, диета бойынша медбике;
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының қызметтері:
1)әлеуметтік қызметкерлер;
3. Мәдениет мамандарының қызметкерлері:
1) мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) мамандар: оның ішінде: мәдениет ұйымдастырушы, кітапханашы