Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № А-4/201 қаулысы. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 сәуірде № 1-12-168 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № А-4/73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 01.04.2014 № А-4/73 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238 баптарына, «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесімен келісу туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/3 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Жарқайың ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № А-13/382 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдық тізбесін анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-12-104 тіркелген, 2009 жылдың 6 ақпанында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

Жарқайың ауданы  
әкімдігінің 2012 жылғы
4 сәуірде № А-4/201
қаулысына қосымша 

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі

      1. Білім беру мамандардың лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары;
      2) оқытушы – психолог;
      3) аға вожатый;
      4) кітапхана меңгерушісі;
      5) кітапханашы;
      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      7) мұғалім-логопед;
      8) медбике;
      9) тәрбиеші;
      10)мұғалім-әдіскер;
      11)музыкалық жетекші;
      12) диеталық медбике;
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру маманының лауазымы:
      1) әлеуметтік қызметкер;
      3. Мәдениет мамандардың лауазымдары:
      1) клуб жетекшісі;
      2) мәдени ұйымдастырушы;
      3) кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады