"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2007 жылғы 15 қазанда № 3226 тіркелген "Облыс шаруашылықтарына жатаған үкекіре бойынша карантин қою және оның таралуына жол бермеу мен жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы" облыс әкімдігінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 307 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының 1 қосымшасындағы "шаруашылықтар атауы" бағанындағы "Елім Табантал" ЖШС сөзі алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және баспасөзде бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейінгі 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданыла бастайды.
Облыс әкімі |