Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2008.09.18 № 178 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474 «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246–II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес және азық – түліктің бағасының көтерілуіне байланысты аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға ай сайын ақшалай әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Кедейшілік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек ай сайын 1 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
3. «Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ (О.Көшербаева) аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін қаржы көздерін қарастыру тапсырылсын.
4.«Қарғалы аудандық қаржы бөлімі» ММ (Ш.Қасымова) әлеуметтік көмек төлемдерін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Ұ.Берденова) аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін
атқарушы М. Әлиев