Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 15.03.2017 № 8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жұрын ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Тәжірибе жоғарғы ауылының негізгі көшесіне "Жастар" және Тәжірибе төменгі ауылының негізгі көшесіне "Еңбекші қазақ" атаулары берілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. "Жастар" көшесіне Тәжірибе жоғарғы ауылында орналасқан барлық үйлер, "Еңбекші қазақ" көшесіне Тәжірибе төменгі ауылында орналасқан барлық үйлер қарайды.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жұрын ауылдық округінің әкімі: | Қ. Ешауов |