Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 сәуірде № 5427 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жұрын ауылдық округінің әкімі Т.Абдірзақ

  Мұғалжар ауданының
  Жұрын ауылдық округі әкімінің
  2017 жылғы 15 наурыздағы № 08 шешіміне қосымша

Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер:

      1) Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 12 "Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Көбелей ауылының көшесіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-75 тіркелген, 2008 жылдың 10 желтоқсанында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      2) Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 13 "Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Көлденең Темір ауылының көшесіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-76 тіркелген, 2008 жылдың 10 желтоқсанында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      3) Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 14 "Жұрын ауылдық округі Изембет бекетінің көшесіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-77 тіркелген, 2008 жылдың 10 желтоқсанында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      қазақ тіліндегі шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Изембет бекетінің көшесіне атау беру туралы";
      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      4) Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 15 "Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Тәжірибе ауылының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-78 болып тіркелген, 2008 жылдың 10 желтоқсанында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      5) Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 16 "Жұрын ауылдық округінің №53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-79 болып тіркелген, 2008 жылдың 10 желтоқсанында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің № 53 разъезінің көшесіне атау беру туралы";
      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      бүкіл мәтіні бойынша "Талдысай" сөзі алынып тасталсын;
      6) Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 30 "Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің Жұрын ауылындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-150 болып тіркелген 2011 жылдың 26 қазанында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      орыс тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Жұрын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады