Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 70 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2008 жылы 25 сәуірде N 2005 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қарашадағы N 203 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2009.11.17 N 203 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы", 30 маусымдағы N 561 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің, қоса беріліп отырған стандарты бекітілсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі

Алматы облысы әкімдігінің
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 70 қаулысымен
"Әкетілетін заттың мәдени
құндылығының болуы туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсетудің стандарты
бекітілді

"Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызметін көрсетудің тәртібін белгілейді.
       2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.
       3. Осынау мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңындағы 8 баптың 6-тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы "Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" N 447 қаулысы негізінде көрсетіледі.
       4. Мемлекеттік қызмет "Алматы облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінде (ММ) мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі N 38.
       5. Әкетілетін заттың  мәдени  құндылығының болуы туралы қорытынды беру. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны болып табылады.
       6. Мемлекеттік қызмет Алматы облысының жеке және заңды тұлғаларына көрсетіледі.
       7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:
       1) тұтынушы қажетті құжаттарын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - бес жұмыс күн;
       2) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезек күту уақытының ұзақтығы - бір күнтізбелік күн;
       3) құжаттарды алу кезегіндегі кезек күту уақытының ұзақтығы - бір күнтізбелік күн.
       8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
       9. Мемлекеттік қызмет көрсету облыстық мәдениет басқармасының http:// www.kultura.zhetysy-gov.kz сайтында орналасқан.
       10.  Жұмыс кестесі:  дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін,түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, алдын ала жазылу әдісі қолданылмайды.
       11.  Мемлекеттік қызмет Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында көрсетіледі, толтырылған бланкілер үлгісі ілінген ақпараттық стендтер бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қажетті құжаттар мен қойылатын талаптардың тізбесі:
       1) бекітілген үлгідегі өтініш;
       2) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
       3) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен жағдайлары туралы шартының көшірмесі;
       4) әрбір мәдени құндылықтың немесе оның құрамдас бөлігінің, көлемі 10x15 сантиметр болатын 1 фотосуреті;
       5) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;
       6) заңды тұлғалар үшін уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
       7) сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар.
       13.  Бланктер берілетін жер: Талдықорған  қаласы, Тәуелсіздік көшесі N 38, "Алматы облыстық мәдениет басқармасы" ММ,614 бөлме,телефоны 27-35-64, "Тарихи мәдени мұраны қорғау бөлімі".
       14. Құжаттарды толтыратын және тапсыратын жер:  Талдықорған  қаласы, Тәуелсіздік көшесі N 38, "Алматы облыстық мәдениет басқармасы" ММ, 614 бөлме, телефоны 27-35-64, "Тарихи мәдени мұраны қорғау бөлімі".
       15. Өтініш берушіге, өтініш пен материалдардың қабылдап алынғаны туралы, тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама беріледі.
       16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдісі, нәтижесі Алматы облыстық мәдениет басқармасының жеке өзінің келуі кезінде жүзеге асырылады.
       17. Құжаттар пакеті толық тапсырылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мәдениет басқармасының мемлекеттік мекемесі өз жұмысында төмендегі қағидаттарды басшылыққа алады:
       1) сыпайылық;
       2) ақпараттың құпиялылығы;
       3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
       4) қорғалуын қамтамасыз ету;
       5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері, осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
       20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның аталуы "Алматы облыстық мәдениет басқармасы" ММ, 614 бөлме.
       22. Шағым тапсырылатын мемлекеттік органның аталуы: Талдықорған  қаласы, Тәуелсіздік көшесі N 38, "Алматы облыстық мәдениет басқармасы" ММ, 614 бөлме, телефоны 27-35-64, "Тарихи мәдени мұраны қорғау бөлімі". Шағымдар жазбаша немесе электрондық нұсқада "Алматы облыстық мәдениет басқармасы" ММ-нің кеңсесі арқылы қабылданады.
       23. Алматы облыстық мәдениет басқармасына келіп түскен шағымдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ретпен және белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.Оның қаралу барысы туралы мәліметті "Алматы облыстық мәдениет басқармасы" ММ-де, мына мекен-жай бойынша алуға болады: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі N 38, 614 бөлме, телефоны 27-35-64.

6. Байланыс  ақпараты

      24. "Алматы облыстық мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының байланыс деректері: 480000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі N 38, 613 бөлме.
      "Алматы облыстық мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының байланыс телефоны: 27-35-67.
      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімі" бастығының телефоны: 27-15-97. 611 бөлме.
      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімі" бас маманының телефоны : 27-35-64. 614 бөлме.
      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      "Алматы облыстық мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының жеке тұлғаларды қабылдау кестесі: сәрсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін.
      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімі" бастығы  күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін қабылдайды.
      Мәдениет басқармасының байланыс ақпараты: Алматы облысының әкімдігі - Талдықорған  қаласы, Тәуелсіздік көшесі N 38, телефоны 27-35-67, факс : 27-16-19. Басқа қосымша ақпарат облыстық мәдениет басқармасының http:// www.kultura.zhetysy-gov.kz сайтында орналасқан.

"Әкетілетін заттың мәдени
құндылығының болуы туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызметін көрсетудің
стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі
жылдағы
нысаналы
мәні

Көрсеткіштің есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған
сәттен бастап белгіленген
мерзімде қызметті көрсету
жағдайларының % (үлесі)

95

95

95

1.2. Қызметті алу кезе-
гінде 40 минуттан аспай-
тын уақыт тұрған тұтыну-
шылардың %(үлесі)

95

95

95

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына
қанағаттанған тұтынушы-
лардың % (үлесі)

100

100

100

2.2. Құжаттарды лауазымды
тұлға дұрыс ресімдеген
жағдайдың (жүргізілген
төлемдер, есеп айырысулар
және т.б.) % (үлесі)

95

90

85

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәр-
тібі туралы сапаға және
ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95

90

85

3.2 Тұтынушы құжаттарды
дұрыс толтырған және
бірінші реттен тапсырған
жағдайлардың % (үлесі)

95

90

80

3.3. Интернет арқылы қол
жетімді ақпарат қызметте-
рінің % (үлесі)

60

50

45

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі
бойынша қызмет көрсетіл-
ген тұтынушылардың жалпы
санына қарағандағы негіз-
делген шағымдардың
% (үлесі)

0,1

0,1

0,1

4.2. Белгіленген мерзімде
қаралған және қанағаттан-
дырылған негізделген
шағымдардың % (үлесі)

95

95

95

4.3. Шағымданудың қолда-
ныстағы тәртібіне қана-
ғаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)

95

95

95

4.4. Шағымдану мерзіміне
қанағаттанған тұтынушы-
лардың % (үлесі)

95

95

95

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің
сыпайлығына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги

Постановление акимата Алматинской области от 15 апреля 2008 года N 70. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 25 апреля 2008 года за N 2005. Утратило силу - постановлением акимата Алматинской области от 17 ноября 2009 года N 203

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Алматинской области от 17.11.2009 N 203

       В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" и в целях реализации постановлений Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года N 558 "Об утверждении Типового стандарта оказания государственной услуги", от 30 июня N 561 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам", акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       1. Утвердить прилагаемый стандарт оказания государственной услуги "Выдача заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности".
       2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Алматинской области С. Муканова.
       3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

       Аким области

Утвержден
постановлением акимата
Алматинской области
от "15" апреля 2008 года N 70
Стандарт оказания
государственной услуги
"Выдача заключения о наличии
у вывозимого предмета
культурной ценности"

Стандарт
оказания государственной услуги "Выдача заключения о наличии у
вывозимого предмета культурной ценности"

1. Общие положения

      1. Определение государственной услуги: выдача заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности.
      2. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      3. Данный вид услуги оказывается на основании подпункта 6) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О культуре" и постановления Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2007 года N 447 "Об утверждении Правил проведения экспертизы культурных ценностей, вывозимых и ввозимых в Республику Казахстан".
      4. Государственная услуга оказывается государственным учреждением (ГУ) "Управление культуры Алматинской области", находящийся по адресу: г. Талдыкорган, ул. Тауелсиздик, 38.
      5. Форма завершения государственной услуги является выдача заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности.
      6. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам Алматинской области.
      7. Государственная услуга предоставляется в следующие сроки:
      1) сроки оказания государственной услуги с момента сдачи потребителем необходимых документов - в течении пяти рабочих дней;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдачи необходимых документов - в течении одного календарного дня;
      3) максимально допустимое время ожидания в очереди при получении документов - в течении одного календарного дня.
      8. Государственная услуга предоставляется на бесплатной основе.
      9. Государственная услуга размещена на сайте областного управления культуры http:// www. kultura.zhetusy-gov.kz
      10. График работы: понедельник - пятница с 09.00 часов до 18.00 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.00 часов, без предварительной записи.
      11. Государственная услуга оказывается в здании Акимата Алматинской области, имеются информационные стенды с образцами заполненных бланков.

2. Порядок оказания государственной услуги

      12. Перечень необходимых документов и требований для получения государственной услуги:
      1) заявление установленного образца;
      2) копия документа, удостоверяющего личность гражданина, или свидетельство о регистрации (перерегистрации) юридического лица, заверенная нотариально;
      3) копия договора принимающей стороны о целях и условиях нахождения культурных ценностей;
      4) 1 фотография размером 10x15 сантиметров каждой культурной ценности или ее составляющих частей;
      5) документы подтверждающие право собственности на культурные ценности;
      6) приказ руководителя организации о возложения ответственности на определенное лицо за сохранности культурных ценностей на период временного вывоза - для юридических лиц;
      7) предметы, рассматреваемые как культурные ценности, подлежащие экспертизе.
      13. Место выдачи бланков город Талдыкорган, улица Тауелсиздик, 38, ГУ "Управление культуры Алматинской области", кабинет номер 614, телефон 27-35-64, отдел по охране историко-культурного наследия.
      14. Место заполнения и сдачи документов город Талдыкорган, улица Тауелсиздик, 38, ГУ "Управление культуры Алматинской области", кабинет номер 614, телефон 27-35-64.
      15. Заявителю, сдавшему документы выдается уведомление о получении заявления и материалов к нему с указанием его регистрационного номера.
      16. Способ предоставления, результата оказания государственной услуги осуществляется при личном посещении Управление культуры Алматинской области.
      17. В случае предоставления неполного пакета документов государственная услуга не оказывается.

3. Принципы работы

      18. При работе Государственное учреждение Управление культуры руководствуется такими принципами как:
      1) вежливость;
      2) конфиденциальность информации;
      3) исчерпывающая информация об оказываемой государственной услуге;
      4) обеспечение сохранности;
      5) защита и конфиденциальность информации о содержании документов потребителя.

4. Результаты работы

      19. Результаты оказания государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с приложением к настоящему стандарту.
      20. Целевые значения показателей качества и доступности государственных услуг, по которым оценивается работа государственного учреждения или иных субъектов, оказывающих государственные услуги, ежегодно утверждаются специально созданными рабочими группами.

5. Порядок обжалования

      21. Порядок обжалования действий (бездействий) должностных лиц и оказывает содействие в подготовке жалобы: ГУ "Управление культуры Алматинской области", кабинет номер 614.
      22. Жалоба подается в государственное учреждение "Управление культуры Алматинской области", адрес: город Талдыкорган, улица Тауелсыздык, 38, кабинет номер 614 тел 27-35-64. Заявления принимаются в письменном или электронном вариантах через канцелярию ГУ "Управление культуры Алматинской области".
      23. Рассмотрение жалоб, поступивших в управление культуры осуществляется в порядке и сроки, предусмотренных законодательством Республики Казахстан. Информацию о ходе ее рассмотрения можно получить в государственном учреждении "Управление культуры Алматинской области", по адресу: город Талдыкорган, улица Тауелсыздык, 38, кабинет номер 614, тел 27-35-64.

6. Контактная информация

      24. Контактные данные начальника ГУ "Управление культуры Алматинской области": почтовый адрес - 480000, город Талдыкорган, улица Тауелсыздык, 38, кабинет номер 613.
      Телефон начальника управления культуры Алматинской области: 27-35-67.
      Телефон начальника отдела историко-культурного наследия: кабинет 611, тел: 27-15-97.
      Телефон гл.специалиста историко-культурного наследия: кабинет 614, тел: 27-35-64.
      График работы: ежедневно с 9.00 до 18.00, перерыв с 13.00 до 14.00.
      Выходные дни: суббота, воскресенье.
      График личного приема физических лиц:
      начальником управления культуры Алматинской области - среда с 10.00. до 12.00. часов, перерыв с 13.00 до 14.00 часов;
      начальником отдела историко-культурного наследия: ежедневно с 9.00. до 18.00, перерыв с 13.00 до 14.00.
      Контактные данные вышестоящей организации: акимат Алматинской области - г. Талдыкорган, улица Тауелсиздик,38. тел.27-35-67, факс:27-16-19.
      Другая полезная информация для потребителя размещена на официальном сайте областного управления культуры http://www.kultura.zhetysy-gov.kz.

Приложение
к стандарту оказания
государственной услуги
"Выдача заключения о наличии
у вывозимого предмета
культурной ценности"

Таблица. Значение показателей качества и доступности

Показатели качества
и доступности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя
в последующем
году

Текущее
значение
показателя
в отчетном
году

1

2

3

4

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев
предоставления услуги
в установленный срок
с момента сдачи документа

95

95

95

1.2. % (доля)
потребителей, ожидавших
получения услуги в
очереди не более 40 минут

95

95

95

2. Качество

2.1. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных
качеством процесса
предоставления услуги

100

100

100

2.2. % (доля) случаев
правильно оформленных
документов должностным
лицом (произведенных
начислений, расчетов
и т.д.

95

90

85

3. Доступность

3.1. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных
качеством и информацией
о порядке предоставления
услуги

95

90

85

3.2. % (доля) случаев
правильно заполненных
потребителем документов
и сданных с первого раза

95

90

80

3.3. % (доля) услуг
информации, о которых
доступно через интернет

60

50

45

4. Процесс обжалования

4.1. % (доля)
обоснованных жалоб
к общему количеству
обслуженных потребителей,
потребителей по данному
виду услуг

0,1

0,1

0,1

4.2. % (доля)
обоснованных жалоб,
рассмотренных
и удовлетворенных
в установленный срок

95

95

95

4.3. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных
существующим порядком
обжалования

95

95

95

4.4. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных сроками
обжалования

95

95

95

5. Вежливость

5.1. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных
вежливостью персонала

100

100

100