Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 447 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының  6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 1»маусымдағы
N 447 қаулысымен  
бекітілген  

  Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
15 желтоқсандағы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді және мәдени
құндылықтарды елден тыс жерлерге әкету кезінде, сондай-ақ оларды қайта әкелу кезінде оларға сараптама жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Сараптама мынадай мақсатта жүргізіледі:
      әкетуге мәлімделген заттардың мәдени құндылығын анықтау (бұдан әрі - алғашқы сараптама);
      уақытша әкетілгеннен кейін қайтарылған мәдени құндылықтардың түпнұсқалығы мен жай-күйін анықтау (бұдан әрі - қайталама сараптама).

      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган - мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      2) сараптама комиссиясы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы құратын мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі комиссия;
      3) өтініш беруші - әкетуге және әкелуге мәлімделген мәдени
құндылықтарды сараптауға ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.

  2. Мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу тәртібі

      4. Мәдени құндылықтарға алғашқы сараптама облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) құратын сараптама комиссиясына өтініш беру негізінде жүргізіледі.

      5. Өтініште меншік иесі туралы (аты, тегі және әкесінің аты, туған күні, азаматтығы, тұратын және тіркелген орны, байланыс телефоны, заңды тұлғаның деректемелері), ұсынылған заттарға оның меншік құқығының туындау негізі туралы ақпарат, сондай-ақ олардың сипаттамасы қамтылуға тиіс. Мәдени құндылық ретінде қаралатын затты Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша әкету кезінде, оны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкету мақсаты, тасымалдау шарттары және онда болу мерзімі көрсетіледі.
      Өтінішке заңды тұлғаның атынан бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      6. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың немесе заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
      2) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен ережелері туралы шартының көшірмесі;
      3) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрайтын бөліктердің мөлшері 10x15 сантиметр фотосуреті;
      4) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;
      5) уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
      6) сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар.

      7. Өтінішті сараптама комиссиясының жұмыс органы нөмірленген және тігілген арнайы журналға тіркейді.
      Өтініш берушіге өтініш және оған құжаттар алынғаны туралы тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама беріледі.

      8. Сараптама жүргізу орнын сараптама комиссиясы белгілейді.

      9. Сараптама комиссиясы ұсынылған заттардың және құжаттардың сараптамасын өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      10. Сараптама қорытындылары бойынша өтініш берушіге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды беріледі.
      Қорытынды екі данада рәсімделеді, оның әрқайсысы сараптама комиссиясы төрағасының қолымен расталады және жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітіледі.

      11. Қорытынды ұсынылған заттардың түпнұсқалығын, авторлығын,
атауын, жасалу орны мен уақытын, орындау техникасы мен материалын
анықтап, мөлшерін (салмағын), айыру ерекшеліктерін, сақталу жағдайын
тіркеп, сондай-ақ ұсынылған құжаттарды қарай отырып, оларды жан-жақты талдау негізінде шығарылады.

      12. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасының аумағына оларды қайта әкелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қайтадан сараптамадан өткізуге ұсынады.
      Сараптама комиссиясы өтініш алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әкелінген мәдени құндылықтарға қайтадан сараптама жүргізеді және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды береді.

      13. Қайталама сараптаманың нәтижесінде мәдени құндылықтардың
сақталу жай-күйінде өзгерістер анықталған жағдайда сараптама комиссиясы зақымдалған мәдени құндылықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды анықтайды.

  3. Қорытынды ережелер

      14. Сараптама комиссиясы берілген қорытындылар мен қаралған
құжаттардың мерзімсіз сақталуын жүзеге асырады.

                                                        Ережеге
                                                       1-қосымша

                   Мәдени құндылықтарды әкету және
                әкелу   жөніндегі сараптама комиссиясы

      _____________________________________________________
        (жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар
                         қаланың, астананың)

                          Қорытынды
                            N ___

_________ қаласы                          200 __ж. "__" ___________

1. Өтініш беруші (аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы)_____________
2. Азаматтығы ______________________________________________________
               _______ жылғы»"__" _____________ берілген
               паспортының немесе жеке куәлігінің N ________________
заңды тұлғаның деректемелері ______________________________________
3. Өтініш берушінің кәсібі (жұмысы) ________________________________
4. Әкету (уақытша әкету) мақсаты ___________________________________
5. Сараптамаға ұсынылған (саны жазумен, орындалу техникасы, дайындалу материалы, мөлшері, салмағы, дайындалу уақыты және т.б. көрсетілген сипаттамасы) ___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қорытынды: _________________________________________________________
____________________________________________________________________
                 (мәдени құндылығы бар/не жоқ)

Сараптама комиссиясының                Комиссия мүшелері
төрағасы
                                       ________________ (аты-жөні)
_______________(аты-жөні)              ________________ (аты-жөні)
                                       ________________ (аты-жөні)
М.О.

                                                         Ережеге
                                                        2-қосымша

        Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі
                     сараптама комиссиясы

    ______________________________________________________
    (жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар
                     қаланың, астананың)

       Уақытша әкетілетін мәдени құндылықтарға қорытынды

_________ қаласы                          200 __ж. "__" ___________
 
  1. Өтініш беруші (аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы)_____________
 
  2. Азаматтығы ______________________________________________________
               _______ жылғы»"__" _____________ берілген
               паспортының немесе жеке куәлігінің N ________________
заңды тұлғаның деректемелері ______________________________________
3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік
N _____ 200 __ ж. "__" ________________
4. Сараптамаға ұсынылған (саны жазумен, орындалу техникасы,
дайындалу материалы, мөлшері, салмағы, дайындалу уақыты және т.б.
көрсетілген сипаттамасы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Бұрын әкетілген мәдени құндылықтарға түпнұсқалығының болуы_______
                                                        (сәйкестігі)
6. Сақталу жай-күйінің өзгерісі ____________________________________
________________________________________________________ (сипаттама)
Қорытынды: _________________________________________________________
                      (мәдени құндылығы бар/не жоқ)

Сараптама комиссиясының                Комиссия мүшелері
төрағасы
                                       ________________ (аты-жөні)  
_______________(аты-жөні)              ________________ (аты-жөні)
                                       ________________ (аты-жөні)
М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады