Шу қаласының, Шу ауданының Төлеби ауылдық және Алға селолық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 29 мамырдағы N 181 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2008 жылғы 06 маусымдағы N 6-8 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 16 шілдеде 1710 нөмірімен тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабына сәйкес, Шу аудандық әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 2 қаулысы мен Шу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 7-5 шешіміне байланысты облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шу қаласының әкімшілік шекарасына Төлеби ауылдық округінен 367 гектар, Алға селолық округінен 496,2 гектар жер қосылып Шу қаласының, Шу ауданының Төлеби ауылдық округі және Алға селолық округтерінің шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі                                Б.ЖЕКСЕМБИН

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    Ә.ӘСІЛБЕКОВ

Об изменении границ города Шу, аульного округа Толеби и сельского округа Алга Шуского района

Постановление акимата Жамбылской области от 29 мая 2008 года N 181 и Решение маслихата Жамбылской области от 06 июня 2008 года N 6-8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 16 июля 2008 года за номером 1710

      В соответствии с подпунктом 4 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", с подпунктом 2) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" от 8 декабря 1993 года и статьи 108 Земельного Кодекса Республики Казахстан, на основании постановления Шуского районного акимата от 11 апреля 2008 года N 2 и решения Шуского районного маслихата от 11 апреля 2008 года N 7-5 акимат области ПОСТАНОВИЛ и областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Изменить границы города Шу, аульного округа Толеби и сельского округа Алга Шуского района включив в административные границы города Шу 367 гектаров из аульного округа Толеби и 496,2 гектаров земель из сельского округа Алга.

      2. Настоящий нормативный правовой акт приобретает силу после государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      
      Аким области                               Б. ЖЕКСЕМБИН
      Секретарь областного маслихата             А. АСИЛЬБЕКОВ