Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабына сәйкес, Шу аудандық әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 2 қаулысы мен Шу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 7-5 шешіміне байланысты облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шу қаласының әкімшілік шекарасына Төлеби ауылдық округінен 367 гектар, Алға селолық округінен 496,2 гектар жер қосылып Шу қаласының, Шу ауданының Төлеби ауылдық округі және Алға селолық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі Б.ЖЕКСЕМБИН
Облыстық мәслихат
хатшысы Ә.ӘСІЛБЕКОВ