РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы және қалалық ономастика және терминология жөніндегі комиссиясының оң қорытындысының негізінде Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Бұрыл" алқабындағы Әбден Сатыбалиев көшесі Тараз қаласының Құрметті азаматы, теміржол көлігінің Құрметті қызметкері Сәдуақас Әліпшеевтің есіміне өзгертілсін.
2. "Бұрыл" алқабындағы Жүнісбек Дүрімбетов көшесі Қазақ Кеңестік социалистік Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған Айтбай Назарбековтың есіміне өзгертілсін.
3. Саманта Смит көшесі "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған сауда саласының Құрметті қызметкері Жақан Сабалақовтың есіміне өзгертілсін.
4. Осы бірлескен акт әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының Тараз қалалық
әкімі мәслихат хатшысы
І. Тортаев Ө. Байшығашев
Қалалық мәслихаттың
сессиясының төрағасы
Ж. Бөлекбаев