Қала көшелерінің аттарын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1215 Қаулысы және Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3-18 Шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қаңтарда 65 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы және қалалық ономастика және терминология жөніндегі комиссиясының оң қорытындысының негізінде Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Бұрыл" алқабындағы Әбден Сатыбалиев көшесі Тараз қаласының Құрметті азаматы, теміржол көлігінің Құрметті қызметкері Сәдуақас Әліпшеевтің есіміне өзгертілсін.
      2. "Бұрыл" алқабындағы Жүнісбек Дүрімбетов көшесі Қазақ Кеңестік социалистік Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған Айтбай Назарбековтың есіміне өзгертілсін.
      3. Саманта Смит көшесі "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған сауда саласының Құрметті қызметкері Жақан Сабалақовтың есіміне өзгертілсін.
      4. Осы бірлескен акт әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қаласының               Тараз қалалық
      әкімі                         мәслихат хатшысы
      І. Тортаев                    Ө. Байшығашев

      Қалалық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы
      Ж. Бөлекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады