РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес, жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс бекітілсін.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Ақтановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
Тараз қаласы
әкімінің міндетін атқарушы Е. Астаев
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрлігінің
"Жамбыл облысының ішкі
істер департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жаманбаев М.
24 желтоқсан 2008 жыл
"Жамбыл облысының Әдiлет департаменті
Тараз қаласының Әдiлет басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Коротков В.
24 желтоқсан 2008 жыл
"Жасыл Тараз"
Жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
Арзымбетов М.
24 желтоқсан 2008 жыл
Тараз қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 24 желтоқсан
№ 1116 қаулысына қосымша
Ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Тараз қаласы әкімдігінің 2009.04.23 № 329 (қолданысқа енгізілу тәртібін 1-тармақтан қараңыз); 2009.08.11 № 648 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
№ |
Ұйымның атауы |
Қоғамдық жұмыс- тардың түрлері |
Көлемі мен нақты жағдай- лары |
Қатысушы- лардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыланды- |
Сұра- ныс |
Ұсы- ныс |
1 |
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомо- |
Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдан- дыру |
Бір адамға 1125 метр, демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 12 ай |
25000 жергілікті бюджет |
300 |
300 |
2 |
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомо- |
Бекітілген учаскеле- |
Демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 12 ай |
13717 жергілікті бюджет |
60 |
60 |
3 |
"Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі Бөлімшелердің аулаларын санитарлық тазалау |
Бөлімше- лердің аулаларын санитарлық тазалау |
Бір адамға 1125 метр, демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 12 ай |
20000 жергілікті бюджет |
10 |
5 |
4 |
"Жамбыл облысының әділет департаменті Тараз қаласының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету |
Демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 12 ай |
20000 жергілікті бюджет |
9 |
3 |
5 |
"Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету |
Демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 12 ай |
20000 жергілікті бюджет |
26 |
26 |
6 |
"Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрғын үй" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
Құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету |
Демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 8 ай мерзімге |
20000 жергілікті бюджет |
11 |
11 |
7 |
"Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Спорттық іс-шара- |
Демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 8 ай мерзімге |
20000 жергілікті бюджет |
10 |
10 |
8 |
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық жолушы көлігі және автомо- |
Есептеу кұралдарын орнатуға көмек көрсету |
Демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 8 ай мерзімге |
20000 жергілікті бюджет |
30 |
30 |
9 |
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі |
Учаскелік полиция инспектор- ларына құқықтық тәртіпті сақтауға көмек көрсету |
Демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 8 ай мерзімге |
20000 жергілікті бюджет |
450 |
450 |
10 |
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай–коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жасыл-Тараз" мамандандырылған кәсіпорын" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
Округтар бойынша Тараз қаласы әкімінің бас инспекторларына көмек көрсету |
демалыс күндерін ескере отырып, күніне 8 сағат, 8 ай мерзімге |
20000 жергілікті бюджет |
85 |
85 |
Барлығы: |
991 |
980 |