Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.05.23 N 52 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағы 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Ұсынылған Қарағанды қаласында жануарларды ұстау Ережесі бекітілсін.
2. ІІІ шақырылған Қарағанды калалық мәслихатының 2005 жылғы 10 наурыздағы "Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасын бекіту туралы" ХVІ сессияның N 4 шешімінің (мемлекеттік нормативті құқықтық актілерді тіркеу реестрінде 2005 жылғы 21 сәуірде N 8-1-1 болып тіркелген, 2005 жылғы 18 мамырда "Взгляд на события" газетінің N 19 (084) ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. 2009 жылы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қарағанды қаласында жануарларды ұстау Ережесінің 9 тармағын қоспағанда осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
ІV шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының кезекті
ХV сессиясының төрайымы Б. Жакишева
Қарағанды қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов
Келісілді:
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Қарағанды қалалық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Уәлиев
"Қарағанды қаласы ауыл
шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ы. Сартбаев
Қарағанды қалалық мәслихатының
2008 жылғы 26 қарашадағы
IV шақырылған XV cессиясының
N 156 шешімімен бекітілді
Қарағанды қаласында жануарларды ұстау туралы
Ережесі
1 бөлім.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қарағанды қаласында жануарларды ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын және ауыл аумағын мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы" Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 164 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2003 жылдың 25 сәуірінде N 2247 тіркелген), "Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес, тұрғындарды адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Осы Ережеде төмендегі түсініктер қолданылды:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар адамдар өсіретін жануарлардың барлық түрлері;
2) ветеринариялық құжаттар - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ветеринарлық инспекторлар беретiн ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама;
3) ветеринариялық iс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуiн немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығына жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iндетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi;
4) ветеринариялық төлқұжат - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, жануардың түрi, жынысы, түсi, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргiзiлген ветеринариялық дауалаудың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi;
5) ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтер негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
6) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеруi;
7) алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 шешімімен;
8) алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 шешімімен;
9) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары;
10) жабайы жануарлар - құрылықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалар;
11) жануарлар - ауылшаруашылығы, үй, жабайы, сүтқоректілер, құстар, бал аралар, балықтар, қосмекенділер, тағы басқа да жануарлар әлемінің өкілдері;
12) жануарларды ұстау - жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын сақтау үшін, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;
13) жыртқыш жануарлар - басқа жануарлармен қоректенетін жануарлардың жалпы атауы;
14) жануарларға арналған паналау баспанасы - қараусыз жануарларды уақытша ұстау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар;
15) жануар иесі - жеке және өзгедей меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;
16) иттер мен мысықтарды серуендету - иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың жайлардан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлінген аумақтарда болуы;
17) инсектицидті препараттар - зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;
18) ит - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, қасқыр тұқымдас үй жануары;
19) алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 шешімімен;
20) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
21) қараусыз жануарлар - меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босып кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан үй жануары;
22) мысық - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, мысықтұқымдас үй жануары;
23) алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 шешімімен;
24) алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 шешімімен;
25) үй жануарлары - ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланбайтын зоологиялық түрлері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
3. Алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
4. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
5. Алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
6. Осы Ереженің талаптары меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан Қарағанды қаласының аумағында орналасқан, жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелеріне таралады.
2 тарау. Жануарларды тіркеу тәртібі
7. Уәкілетті мемлекеттік органдармен жануарларды тіркеу және есепке алу бойынша, сондай-ақ Қарағанды қаласы бойынша жануарларды бірдейлендіру мәліметінің компьютерлік базасын жасау:
"Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
8. Жануарларды тіркеу жануарлардың ауруын алдын алу және диагностика бойынша ветеринарлық өңдеуді жүзеге асыру үшін, жануарларды тіркеу және бақылауды өткізу мақсатында оларды бірдейлендіру жолымен жүзеге асырылады.
9. Тұрғындарға, меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге тиесілі барлық жануарлардың түрлерін екі айлық жасынан Қарағанды қаласы бойынша жануарлардың бірдейлендірудің компьютерлік мәліметтер базасына енгізу үшін жануарларын тіркеу және есепке алу жөніндегі уәкілеттік мемлекеттік органда екі аптаның ішінде есепке алуға және тіркеуге жатады.
10. Алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
11. Тіркелген жануарға оның барлық өмір сүру уақыты бойында сақталатын ветеринарлық төлқұжат ресімделеді және бірдейлендіру нөмірі беріледі. Жануарларды бірдейлендіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
12. Жануарларды бірдейлендіруге байланысты барлық жұмыстар (сырғалау, таңбалау, татуировкалау және басқа жұмыстар) ветеринарлық төлқұжатты ресімдеуді қоспағанда, аумақтық мемлекеттік ветеринариялық инспектордың тікелей бақылауымен лицензия алған ветеринариялық мамандармен өткізіледі.
13. Жануарларын тіркеу және қайта тіркеу кезінде иелері келесі мәліметтерді тапсырады:
иесінің растайтын құжаты;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
тұрғылықты мекенжайы, телефоны;
жануар туралы мәлімет (тұқымы, жынысы, аты, жасы, туған жылы, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаттамасы, бірдейлендіру әдісі).
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
14. Алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
15. Жануарларды сату немесе беру олардың ветеринариялық паспортын жаңа иесіне қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
16. Жануар мерт болғанда ветеринарлық төлқұжаты бұрын жануар тіркелген уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады.
17. Тіркеу органына жануардың қолдан кетуі (сату, жоғалу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін хабарланады.
18. Жануарларды тіркеу және бірдейлендіру рәсімі жануардың иесінің есебінен жүзеге асады.
3 тарау. Жануарларды ұстау.
19. Жануар иесі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарларды сатып алады және өз иелігінен айырады;
2) жануарларды ұстау, көбейту туралы керекті ақпараттарды жануарлар иелерінің қоғамынан (клубтарынан), ветеринарлық ұйымдардан алады.
20. Жануар иесіне қажет:
1) жануарлардың ауруларын ескертуді қамтамасыз ететін ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) ережелерін сақтай отырып ветеринариялық (егу) және әкімшілік шаруашылық іс шараларды жүргізуді жүзеге асыру;
2) жануарларды емдеуді және аурулардың алдын алуды уақтылы жүргізуді жүзеге асырады. Иттер мен мысықтарды тері паразиттері мен гельминттерден алдын алу үшін емдеу шараларын жүргізу. Аурудың барлық жағдайларында немесе жануардың ауруына күмән келтірген жағдайда тез арада ветеринариялық мекемеге хабарласу, тексеру нәтижесі бойынша мамандардың ұсынымын бұлжытпай орындау;
3) жануарларды хайуанаттар бағындағы, цирктегі, омартадағы, аквариумдағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды ұстауды, көбейтуді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асыру;
4) жануардың қоршаған ортаға қауіп туғызбайтын және мазаламайтын мінез-құлығын қамтамасыз ету, жануарлардың адамдардың денсаулығына және мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне қауіп туғызуын болдыртпау;
5) адамды қауып алған, оған жарақат келтірген жағдайда:
зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін емханаға жеткізу;
жануардың құтыру ауруын анықтау үшін ветеринариялық мамандардың бақылауына 10 күн бойы қамтамасыз етуге;
барлық оқиғада медициналық және ветеринариялық қызметтерге тез арада хабарлау;
6) жануарлардың кенеттен өлгені мен бірнеше жануарлардың бір уақытта ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринариялық мамандарға хабарлау. Ветеринариялық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезікті жануарларды оқшаулап ұстауға шара қабылдау және ауырып өлгендігіне күдікті жануардың өлігін сақтау;
7) ветеринариялық мекемелердің мамандарына олардың негізделген талабы бойынша қарау, диагностикалық зерттеуге және емдеу-алдын алу шаралары, егу мен вакцинация жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсету;
8) сою алдында ветеринарлық тексеруден өтпеген және сойылғаннан кейін оның сойылған еті және органдары ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтпеген болса онда ауыл шаруашылығы жануарының өнімін сатуға жібермеу;
9) жануарларды серуендететін орындарда олардың тезегін жинап алады, көп қабатты үйлердегі дәліздердің аумақтарын, баспалдақтарын, лифттерді, жаяу жүргіншілер жүретін орындарын қоса;
10) өлген жануардың өлігін тастауға жол бермеу, жануардың өлігін малқорымына (Беккар шұңқырына) көму (утилдеу) қажет;
11) жануарды ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда оны басқа адамға беру, қараусыз жануарларға арналған паналау баспанаға немесе қаңғыбас жануарларды аулайтын арнаулы мекемеге тапсыру;
12) ветеринарлық мамандарға олардың қызметтік міндеттерін орындауларына көмек көрсету.
21. Жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су қоймасына және су жинау алаңына шомылдыруға және жуындыруға жол берілмейді.
22. Алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
4 тарау. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау.
23. Қадағалаусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау Қарағанды қаласының бағдарламалар әкімшілерімен ұйымдастырылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
5 тарау. Қарағанды қаласында жануарларды ұстау Ережесінің орындалуын бақылау.
24. Ішкі істер органдары белгіленген өкілеттігі тәртібінің берілген шеңберінде:
1) алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 шешімімен;
2) азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің осы Ережені орындауын жүзеге асыру үшін ветеринарлық, санитарлық - эпидемиологиялық мекемелерге бақылауға жәрдем көрсетеді;
3) кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың ерекше жауапкершілікті талап ететін жануарларды әкелу, шығару, ұстау, өсірудегі құқықтарын келісу кезінде қатысады;
4) алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 шешімімен;
5) осы Ереженің 6, 8, 9 тарауларында көрсетілген талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
25. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдары белгіленген өкілеттігі тәртібінің берілген шеңберінде:
1) Эпизоотияға қарсы шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
2) жануарларды қаладан тыс шығарғанда оларға ветеринариялық куәлік береді;
3) қараусыз жануарларды аулау жөніндегі қызметтерге олардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
4) жануарлардың иелерінің ветеринариялық және санитарлық талаптарды орындауларына бақылауды жүзеге асырады;
5) ветеринария туралы заңнаманы бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартады;
6) кинологиялық қызметпен шұғылданатын қоғамдар мен клубтарға, сондай-ақ иттер мен басқа жануарларды ұстайтын кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге ветеринариялық - санитариялық қорытындыны береді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
26. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары белгіленген өкілеттігі тәртібінің берілген шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды.
27. Мемлекеттік ветеринариялық және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жергілікті атқару органдарымен бірлесіп адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды ескерту мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ буклеттер, плакаттар және тақталар түрінде көрнекі жәрдем береді.
2 бөлім.
6 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау
28. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Ереженің 20 тармағын орындаған жағдайда мыналарға жол беріледі:
1) көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде иттер мен мысықтарды ұстау;
2) жеке тұрғын үй қорында, ғимараттарда және оған іргелес аумақта иттер мен мысықтарды ұстауға;
3) күзетші иттерді қоршалған аумақтарда, жануарлардың қашып шығуын, жануардың адамдарға және басқа жануарларға шабуылдауын болдырмайтындай болуы керек. Аулаға кірер кезде иттің бар екенін ескертетін тақтайшаға иттің суреті салып "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!" деген ескерту жазуды қамтамасыз ету;
4) алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 шешімімен;
5) жеке және заңды тұлғалар мысықтар мен иттер үшін паналау баспаналары мен питомниктерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастыруға;
6) балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің "жанды бұрыштарында", "зоологиялық бұрыштарында", жазғы және қысқы демалу денсаулықты жақсарту санаториялық-курорттық мекемелерде (шипажайларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда) санитарлық- эпидемиологиялық, ветеринариялық қызметкерлердің рұқсатымен иттер мен мысықтарды ұстауға;
7) қонақ үйде иесінің итпен және мысықпен қоныстануы қонақ үй әкімшілігінің келісімімен жүргізіледі.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
29. Мыналарға жол берілмейді:
1) тұрғын үй қоры пәтерлерінде иттер мен мысықтар үшін паналау баспаналарын ұйымдастыруға;
2) көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтарда, жертөледе, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосымша орынжайларда), үй жанындағы орындарда (жеке тұрғын үй қорлары үйлердің жанындағы орындардан басқа), жатақхананың дәліздерінде иттер мен мысықтарды ұстауға;
3) көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа иттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, қызмет көрсету орындары мен мәдениет мекемелерінде ұстауға;
4) егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
5) адамның өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда өзін-өзі қорғау әрекетінен басқа, жалпы қабылданған парасаттылық пен адамгершілік қағидаларын бұзатын жануарларға қатысты (ұру, жарақат салу, өлтіру) күш қолдануға;
6) иттер мен мысықтардың терісін және етін сақтау, тұтыну, өңдеу мен сату мақсатында оларды аулауға, сатып алуға, ұстауға және өсіруге;
7) Қарағанды қаласының аумағында иттерді таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге, (жануарларға зақым келтірмейтін және күзетші иттерді өсіру үшін дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргізуге мүмкіндік беретін, арнайы ережелермен иттердің жұмыс сапаларын тексеруді көздейтін іс шаралардан басқа).
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
30. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі иттер, екі айлық жасынан бастап, текті тұқымына қарамастан өте қауіпті инфекциялық және инвазиялық ауруларға қарсы міндетті түрде ветеринариялық алдын алу және зерттеуге жатады.
31. Мысықтар екі айлығынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық ауруларға, эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша микроспорияға қарсы егу мен гельминттерге зерттеуге жатады.
32. Тек қана 16 жасқа толған тұлғалар ғана иттің иесі бола алады.
33. Егер иттің иесі заңды тұлға болып табылса, онда ол итті ұстауға жауапты тұлғаны тағайындауы тиіс.
7 тарау. Иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді ұстау
Ескерту. 7 тарау алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
8 тарау. Иттерді серуендету тәртібі
37. Иттерді серуендетуге болады:
1) жануардың нәжісін жинап алатын ыдысы болғанда, иттердің тұмсығына тұмылдырық кигізілген (декоративтік тұқымды иттерден басқалары) және қысқа бауда (1,5 метрге дейін) осы Ереженің 38 тармағының 2, 3 тармақшаларында көрсетілген орындардан басқа жерлерде айналасындағыларға кедергі келтірмеген жағдайда;
2) қоршалған аулаларда, арнайы үйрететін алаңдарда және осы мақсаттарға арналған еркін серуендету орындарында итті баусыз және тұмылдырықсыз серуендеуге.
Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
38. Иттерді серуендетуге жол берілмейді:
1) індетке қарсы іс шаралар жоспарына сәйкес міндетті ветеринарлық алдын алу, егу, зерттеу шараларынан өткізілмесе;
2) балалардың алаңқайлары және спорт алаңдарында, қалалық шомылу орындарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және қала тұрғындарының жаппай демалатын басқа орындарында;
3) адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты орындаушы, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті күзетуші қызметтік иттерден және жанары әлсіз адамдарды ертіп жүретін иттерден басқасы, халық жиналатын орындарда және қоғамдық шараларды өткізетін орындарда;
4) алкогольдік және есірткілік еліту жағдайындағы адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға.
5) алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 шешімімен.
Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
39. Магистральды көшелердің жанында және көшеден өтер кезде иттің иесі (итті серуендетуші адам) оны жол-көлік оқиғасын және иттің жол үстінде мерт болуын болдырмау үшін қысқа бауда ұстауы қажет.
40. Тиым салмайтын жазбалар болмаған жағдайда, итінің тұмылдырығы және қысқа бауы бар болғанда иттің иесіне мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде, поштада және басқа орындарда болуына жол беріледі. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге итпен нысандарға келуге тиым салынғаны жөнінде белгі орналастыруы және ит байлайтын орындар жабдықтаулары керек.
41. Тұмылдырығымен және қысқа баулы итті шешіліп кетуін болдырмайтындай етіп байлап, оның иесі осы ғимараттың жайында болған уақытына, ғимараттың жанында қалдыруға болады, егер осы ретте басқа адамдарға, қоғамдық тәртіптің бұзылуы мен қозғалысқа және иттің өзіне қауіп туындамаған жағдайда. Осы ретте ит адамдардың өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
9 тарау. Иттер мен мысықтарды қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау тәртібі
42. Қалалық қоғамдық көлікте иттер мен мысықтар келесі талаптарды орындағанда тасымалдауға жол беріледі:
1) иттер қалалық қоғамдық көліктердің артқы алаңдарында, оның нәжісін жинап алатын ыдысы болғанда, тұмылдырық кигізілген және қысқа бауда, жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда тасымалданады;
2) декоративті тұқымды иттер мен мысықтар арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), олардың нәжістерін жинап алатын ыдысы болса ғана тасымалданады.
43. Қалалық қоғамдық көлікте тасымалдауға жол берілмейді:
1) ауру иттер мен мысықтарды;
2) нәжіс жинап алатын ыдысы болмаса, тұмылдырықсыз, қысқа бауы болмаса;
3) алкогольдік және есірткілік еліту жағдайындағы адамдар мен 14 жасқа толмаған балалардың иттерді;
4) декоративті тұқымдас иттер мен мысықтарды арнайы тордан тыс (тасымалдауға арналған контейнерлерде) нәжіс жинап алатын ыдысы болмаса.
Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
10 тарау. Ауылшаруашылық, жабайы, жыртқыш, улы және экзотикалық жануарларын, құстар мен бал араларды ұстау
44. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, көбейту, жаю, айдау санитарлық аймақтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады (N 1 қосымшаға сәйкес).
45. Ауыл шаруашылық жануарларын, құстарды ұстау қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелерде және қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін есепке ала ұсталады.
46. Жеке тұрғын үй аумағында бірнеше жанұялар тұрған кезде сол үйде тұратын барлық көршілерінің жазбаша келісімімен ауылшаруашылық жануарлары мен құстарды ұстауға жол беріледі.
47. Қаланың ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып өтетін мезгілдерде, жұқпалы ауыруларды таратушы болуы мүмкін, сондықтан ұшып өтетін құстармен қатынасты болдырмау мақсатында, құс иелері (барлық түрлерін) құстарды жабық орындарда ұстауы қажет.
48. Алып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
49. Жануар ұсталатын тұрақ жай іргелес аумақтарымен ветеринариялық-санитарлық зоогигиеналық талаптарына сәйкес ұсталуы қажет.
50. Жәндіктерге, сондай-ақ кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында жануарлар тұратын орындарды үнемі инсектицидтер мен дератизаторлық препараттарымен өңдеу қажет.
51. Үй жануарларын, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, оқушылар сарайында, және басқа ұйымдар мен мекемелердегі зоологиялық бұрыштарда ұстау тек қана ветеринария, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен жол беріледі.
52. Бал аралар ұстайтын жеке және заңды тұлғалар омарталары адамдарға қауіп төндірмейтін орындарға орналастыруы керек. Омартаны қауіпсіз орындарға орналастыру ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен анықталады.
53. Омартаны есепке алу және емдеу - сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін әрбір омартаға ветеринарлық төлқұжат беріледі. Төлқұжаттың түп нұсқасы мен берілу тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықтайды.
54. Уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімінсіз жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес арнайы ұстайтын орыны жоқ жағдайда, осы салада арнаулы білімі, осы жануарларды ұстауға машықтанбаған және тәжірибесі жоқ болса жабайы, жыртқыш және улы жануарларды ұстауға жол берілмейді.
55. Қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерінде ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар) ұстауға жол берілмейді.
11 тарау. Жануарларды сату, сатып алу және тасымалдау
56. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарларды жануарлар иелері қоғамы (клубы) және питомниктер арқылы, зоодүкендерде және жануарлар сатылатын мамандандырылған базарларда сатуға, сатып алуға болады.
57. Қарағанды қаласының аумағына шет мемлекеттерден жануарларды алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып уәкілетті мемлекеттік органының рұқсаты болғанда жүзеге асырылады.
58. Мемлекеттің аумағынан сырт жерге селекциялық (асылтұқымдық) және ұлттық құндылығы бар жануаларды уәкілетті органдардың, кинологиялық және фелинологиялық орталықтарының (клубтың) рұқсатынсыз немесе жолдамасы болмаса шығаруға жол берілмейді.
59. Жануарларды тасымалдау (орын ауыстыру) уәкілетті мемлекеттік органның берген арнаулы үлгідегі ветеринариялық төлқұжаты мен жүргізілген алдын ала емдеу мен денсаулығы туралы белгісі бар ветеринариялық куәлігі болған жағдайда жол беріледі.
60. Жануарларды әуе, теміржол және автомобиль көлігінде Қарағанды қаласынан тысқары жаққа тасымалдау осы көліктердің түрлерінде жануарларды тасымалдау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3 бөлім
12 тарау. Қорытынды ережелер
61. Осы Ереженің талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қарағанды қаласында
жануарларды ұстау
Ережесіне қосымша
Бірінші аймаққа ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға жол берілмейтін мына аумақтар кіреді:
Қазыбек би атындағы аудан бойынша
1. Оңтүстік-шығыс:
ықшамаудандар: "Орбита 1", "Орбита 2";
ықшамаудандар: "Гүлдер 1", "Гүлдер 2";
ықшамаудандар: "Степной 1", "Степной 2", "Степной 3", "Степной 4;
ықшамаудандар: 27, 28, 29, 30.
2. Қала: 1-2 орталық.
3. Михайловка: Бұқар жырау даңғылынан Ермеков көшесіне дейін және 7 магистралға дейін;
темір жолдан Қазақстан көшесіне дейін;
мәдени-ойын сауық аймақ;
парк, "Шахтер" стадион аймағы.
Октябрь ауданы бойынша:
4. Майқұдық:
Көгілдір тоғандар ықшамауданы;
"Мамыраев" (Восток 5) ықшамауданы;
"Восток 1", "Восток 2", "Восток 3" ықшамауданы;
18 ықшамауданы,
1 квартал, 2 квартал;
19 ықшамауданы (жеке сектордан басқа);
"11", "11а", "12", "13", "14", "15", "16", "17" ықшамаудандары (жеке сектордан басқа).
5. Пришахтинск:
"20", "21", "22", "23" ықшамаудандары.
6. Сұрыптау кенті:
Көп қабатты үйлері бар кенттің орталығы.
Екінші аймақ, ауыл шаруашылығы жануарларын мал қорада ұстау, жайылымға өріске жібермей қалалықтардың тек қана оқшауланған ауласына ұстайтын аумақтар кіреді:
Қазыбек би атындағы аудан бойынша
7. "1 Кірпіш зауыты ", "2 Кірпіш зауыты" Бытовая көшесінен Шет көшесіне дейін, Гоголь көшесінен темір жол желісінен Бұқар жырау даңғылына дейін.
Октябрь ауданы бойынша
8. Майқұдық:
"19" ықшамауданы жеке сектор;
"16", "17" ықшамаудандары жеке сектор.
Үшінші аймақ, ауыл шаруашылығы жануарларын мал қорада және жаюға рұқсат беретін мал айдау трассасы бойынша жайылымға тік шығуға болатын аумақтар:
Қазыбек би атындағы аудан бойынша
9. Оңтүстік-шығыс:
"Күнгей" ықшамауданы Новостройка селолық округі жағына;
ескі әуежай ауданы және нефтебаза Үштөбе селолық округі жағына
10. Жаңа қала:
Сәтбаев, Волгодон көшесінен Сораң тас жолына дейін Ескі қала жағына
11. Михайловка:
Үлкен Михайловка станция;
"Кірпіш зауыты 3" "Кірпіш зауыты 4";
Қазақстан көшесінен Сораң тас жолына дейін;
Степная көшесінен ДСК дейін;
Прогресса көшесінен Речная-Защитная көшесіне дейін
Новодубовка селолық округі жағына.
Октябрь ауданы бойынша:
12. Майқұдық:
Курьяновский кенті (33 шахта ауданы) Теміртау қаласы жағына;
"Шахтерский" ықшамауданы;
Зеленая Балка Бұқар жырау ауданы, Доскей селолық округі жағына.
13. Пришахтинск:
"Старая Тихоновка" кенті
"Новая Тихоновка" Сұрыптау кентінің жағына
МЧС, ЖБИ ауданы;
"Шахтерский кенті" Бұқар жырау ауданының Жаңаөзен селолық округі жағына;
14. Сұрыптау кенті:
"Жұмыс кенті 1", "Жұмыс кенті 2", "Жұмыс кенті 3";
ЖБИ ауданы, Компанейская.