Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-46 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 6/4 шешімін басшылыққа ала отырып Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне пайдалану қызметі мен газбен қамтамасыз етуге төлеу үшін материалдық көмекті төлеуді қамтамасыз етсін;
2) материалдық көмекті төлеу алушылардың есеп шотына аудару арқылы жүргізілсін.
2. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінде материалдық көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
4. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Теміртау қаласының әкімі О. Бітебаев