Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 114 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы бұйрығына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипаттағы жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Цой
Қалалық мәслихат хатшысы М. Ковтун
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
ХV сессиясының N 177
шешіміне қосымша
Кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипаттағы жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар құны
N |
Ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлері |
Бір күнге біржолғы талон құны, айлық есептік көрсеткіштің %-ы |
1. |
Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы): |
|
1) |
газеттер мен журналдар |
6,7 |
2) |
тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет) |
10,2 |
3) |
бақша дақылдары |
10,6 |
4) |
саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер |
15,7 |
5) |
үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері |
5,5 |
6) |
жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп |
9,8 |
7) |
бал, саңырауқұлақтар және балық |
14,9 |
8) |
сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектері |
4,7 |
2. |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері |
22 |
3. |
Жолаушылар мен жүктерді (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл және жүк автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері: |
|
1) |
жеке жеңіл автомобильдерімен жолаушылар тасымалдау (қалаішілік және аудандық) |
9,45 |
2) |
жеке жеңіл автомобильдерімен жолаушылар тасымалдау (қалааралық) |
18,45 |
4. |
Үй жануарлары мен құстарды жаю |
7,85 |