Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының IV шақырылған XXI сессиясының 2010.07.09 N 581/21 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық Маслихатының 2006 жылғы XXVII сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абонентеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесін бекіту туралы" 240/27 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-28), 2006 жылғы 3, 10 қарашадағы N 43, 44 (842, 843) "Шахтинский Вестник" газетінде жарияланған, қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі ХХХІV сессиясының "қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVІІ сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абонентеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесін бекіту туралы" N 240/27 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 312/34 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-42), 2007 жылғы 7 қыркүйекте N 36 (886) "Шахтинский Вестник" газетінде жарияланған, келесі өзгертулер енгізілсін:
1) 7 тармақта "Отбасы құрамында балалары бар, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай, аудан нормасының 1 адамға 18 шаршы метр және коммуналдық қызметті тұтыну нормасы 1 адамға деп ескере отырып тағайындалуы мүмкін" сөзі алынып тасталсын;
2) 14 тармақта "Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші" сөзінің артынан "жеке" сөзімен толықтырылсын;
3) 14 тармақтың 3 тармақшасы "Отбасы құрамын және тұрғылықты жерін анықтайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің кәртішкесі, үй кітабы)" сөзінің артынан "- түпнұсқа және көшірме" сөздерімен толықтырылсын;
4) 14 тармақтың 6 тармақшасы келесі басылымда баяндалсын: "тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы берілген үлгідегі мәліметтер (2 қосымша), қатты отын сатып алғандығын растайтын анықтамалар (отын жіберуде сатып алушымен тасымалдаушының толық мекен-жайыы көрсететін есеп немесе жапсырма, тасымалдау ұйымының аталуын, орналасқан жері, салық және банктік реквизиттері, сатып алушының аты-жөні, тегі, ЖИН, үйінің мекен-жайы, тасымалдау ұйымының мөрі мен лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылған, алынған отынның көлемімен бағасы)";
5) 17 тармақта келесі басылымда баяндалсын: "уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша өтініш берген уақыттан бастап 10 күн ішінде есептеу жүргізеді және отбасына тұрған үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жәрдемақысы жүргізіледі, оның түбіртегі өтініш берушінің өтінішіне қарай беріледі. Қатты отын сатып алуға кеткен шығынды есептеу бір жылда бір рет қатты отынды сатып алғандығы жөніндегі анықтаманың негізінде есептілінеді".
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы: И. Крамарева
Қалалық Мәслихаттың хатшысы: А. Сатова