Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2010.06.17 N 23/278 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарға сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2006 жылғы 7 қыркүйекте мемлекеттік тіркеу Тізіміндегі нормативтік құқықтық актілердің тіркеу нөмірі - 8-9-22, 2006 жылғы 16 қыркүйектегі "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің N 37 (3631) санында жарияланған, аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 тамыздағы 34 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" N 34/335 шешіміне төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2 тармақта "Тұрғын үй ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" сөйлемінде 15% цифры 13% цифрымен ауыстырылсын;
2) 3 тармақтың 2 тармақшасында (жылу беру мерзімін 7 айға есептегенде) сөзі жаңа редакцияда "Барлық жылу беру мерзімін 7 ай деп есептегенде пешпен жылу беруге арналған тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу 1 рет жүргізілсін" деп оқылсын;
3) 5 тармақта "есепке алынбай" сөздерінің алдынан "кірістерді" сөзімен толықтырылсын. "балалары мен немерелері" сөздерінен кейін "осы Қағиданың 3 тармағының 1 тармақшасына сәйкес өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аудандарының нормаларына сәйкес" сөздерімен толықтырылсын;
4) 30 тармақ 13 тармақшамен "Азық-түлік тағамдарына бағалардың өсуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға ақшалай және азық-түлік түрінде көрсетілетін көмек".
2. Осы Қағиданың 2 тармағына енгізілген өзгертулер 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбекүн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрағасы А. Терешин
Абай аудандық мәслихатының хатшы Б. Цай
"КЕЛІСІЛДІ"
"Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі мемлекеттік бастығы С. Аксанов
"Абай ауданының тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөліміні"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы Е. Қысрауынов
"Абай ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ж. Макенова
"Абай ауданының қаржы бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
бастығы С. Садык