Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай–ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Қарой ауылының Парижская Коммуна, Целинная, Олимпийская, Антоновка көшелерінің тұрғындары атынан ұсынылған көшелерінің атын өзгерту туралы өтінішін қарап:
1. Қарой ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
1) Парижская Коммуна көшесі Абай көшесіне;
2) Целинная көшесі С. Сейфуллин көшесіне;
3) Олимпийская көшесі Ы. Алтынсарин көшесіне;
4) Антоновка көшесі Б. Момышұлы көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі С. Түйтебеков