Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013.06.14 № 171 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының ғимараттары мен имараттарына, жер телімдеріне реттік нөмірлер тағайындаудың талаптарын белгілеудің, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 22 қазандағы N 364 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 1991 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 6 наурызда N 37 - 38 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3 тарауының 4 тармағындағы 3), 4), 5), 6) тармақшаларындағы "аудан" деген сөз алынып тасталсын.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысы аумағында арнайы стационарлық үй - жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесі туралы" 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 278 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 2013 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 27 мамырда N 81 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Маңғыстау облысы аумағында арнайы стационарлық үй - жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесінде:
2 тарауының 5 тармағы алынып тасталсын.
3. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Маңғыстау облысы әкімиятының "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 1699 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2004 жылғы 08 маусымда жарияланған) 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 111 қаулысы;
2) Маңғыстау облысы әкімиятының "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 1905 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2005 жылғы 21 мамырда жарияланған) 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 143 қаулысы;
3) Маңғыстау облысы әкімиятының "Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 сәуірдегі "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу туралы" N 143 қаулысына (Маңғыстау облысының әділет департаментінде 2005 жылдың 13 мамырында N 1905 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2005 жылғы 21 мамырындағы N 91 - 92 санында жарияланған) өзгеріс енгізу туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 1909 болып тіркелген) 2005 жылғы 26 мамырдағы N 174 қаулысы.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары М. М. Бортникке, Ж.А.Қараевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы С.Трұмов
КЕЛІСІЛДІ:
М.М. Бортник
Ж.А. Қараев
С.А. Бермұхаммедов
Ж.А. Оспанова
А. Әбдешұлы
Қ.Б. Жұмашев
Маңғыстау облысы
білім басқармасының бастығы
06 тамыз 2008 ж.
А.К. Рзаханов
Маңғыстау облысы
ішкі саясат басқармасының бастығы
06 тамыз 2008 ж.
Б.Е. Өтеғалиев
Маңғыстау облысы сәулет, қала құрылысы
басқармасының бастығы
06 тамыз 2008 ж.