Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013.06.14 № 171 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 27-бабының 1 тармағы 21-4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру туралы кейбір заң актілеріне қосымшалар енгізу туралы" заңына және 2006 жылғы 30 наурыздағы N 15/253 "Маңғыстау облысындағы ақпараттандыру" өңірлік бағдарламасын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың шешімін іске асыру мақсатында, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Маңғыстау облысының ғимараттары мен имараттарына, жер телімдеріне реттік нөмірлер тағайындаудың талаптарын белгілеудің, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау ережесі бекітілсін (1 қосымша).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
М.М. Бортникке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2007 жылғы 22 қазандағы
N 364 қаулысымен
бекітілді
Маңғыстау облысы аумағындағы жер телімдеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер тағайындаудың талаптарын белгілеу, елді мекендердің құрамдас бөлімдеріне атаулар беру және қайта атау ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жер телімдеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер тағайындаудың талаптарын белгілеу, елді мекендердің құрамдас бөлімдеріне атаулар беру және қайта атаудың осы Ережесі (бұдан әрі- Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару туралы ", 2007 жылғы 11 қаңтардағы " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы " және Маңғыстау облысының елді мекендерінің құрамдас бөлімдеріне атаулар беру және қайта атаудың бірыңғай тәртібін белгілеуді, олардың аттарының транскрипцияларын өзгертуді, жер телімдеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер тағайындаудың талаптарын анықтауды, көрсеткіштерді қондыру мен пайдалануды іске асыру мақсатында жасақталды.
1 Бөлім. Негізгі ережелер 1 тарау. Ережеде қолданылатын ұғымдар.
1.Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) мекен-жай - Маңғыстау облысының белгіленген шекара шегінде орналасқан объектілердің (жер телімдері, ғимараттар, имараттар) тұрған жерінің реквизиттер жиынтығының құрылымдық бейнеленуі;
2) саяжол (аллея) - екі жағынан ағаштар, көшеттермен, өсімдіктермен қатарланған жол немесе адам жүретін көше;
3) ағаш егілген алаң (бульвар) - жаяу жүрушілердің жүруіне және демалуына арналған, кең, абаттандырылған жердің тілкемі (полоса);
4) тұрғызылған (салынған) объектілер - ғимараттары мен имараттарында бөлек кіре берісі мен қас беті қайта өңделмей жасалған, сонымен қатар ғимараттың жаңа құрылған бөлігінің функционалдық маңыздылығы (мақсаты) өзгеретін объекті;
5) ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үдерісті орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және тағы басқаларды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс.
Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
6) инвестор - қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өз қаражатының және қатыстырушылардың қаражаты есебінен ғимараттың (имараттың) реттік нөмірлері мен көшелердің атауларының (өзге де қала құрылысы элементтері) көрсеткіштерін дайындауды және орнатуды жүргізуді қолға алушы;
7) қала құрылысы элементтерінің санаты - қала құрылысы элементтері атауының ажыратылмас (бөлінбейтін) бөлігі, объектінің функционалдық қала құрылыстық маңызы мен ерекшелігін сипаттайды (шағын аудан, ғимарат, көпір, көлік айналымы, фонтан, шоссе трасса, тұйық көше, кең көше т.б.);
8) квартал - магистралды көшелерден, тар көшелерге бөлінбеген құрылыстың құрылымдық элементі;
9) ландшафты- тынысжайлы (рекреациялы) аумақ - қоныстану аймақтарында орналасқан саябақтармен, бақтармен және ағаш егілген алаңдармен бірігіп, құрамында қалалық және селолық ормандары, орман саябақтары, орман қорғау аймақтары, табиғи сулары, ауыл шаруашылық маңызы бар жерлері бай, ашық кеңістіктер жүйесін құрайтын аймақ;
10) магистралды жол - қалалар мен басқа да елді мекендердің арасындағы көлік байланысына арналған жол;
11) шағынаудан - белгіленген шекарадағы ландшафты-тынысжайлы, болмаса өндірістік, болмаса тынысжайлы болып келетін, көшелерге бөлінбеген, құрылыстың қала құрылатын құрылымдық - жоспарлы элементі;
12) атаулар - қалалық және селолық елді мекендердің шағын аудандарына, кең көшелеріне, көшелеріне, алаңдарына, басқа да құрылымдық элементтеріне тағайындалып, олардың ерекшеленіп танылуы үшін қызмет ететін жеке меншік аттары;
13) ономастикалық комиссия - тарихи атаулардың Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамды бөлігі ретінде қорғалуына, қайта өңделуін (қалыпқа келтірілуін), топономикалық атаулардың есебін және қолдануын жөнге келтіретін, географиялық объектілердің атауларына және қайта атауларына біржақты қарауды жасақтау бойынша ұсыныс дайындайтын - консультативті-кеңесші орган;
14) сәулет органы - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес әкімдіктің өкілеттігімен сәулет және қала құрылысы саласында реттеуді жүргізетін атқарушы орган;
15) тілдерді дамыту органы - тілдерді дамыту және ономастикалық комиссия қызметін үйлестіруді реттеуді жүргізетін атқарушы орган;
16) өтетін жер (проезд) - тұрғын үйлер мен екі көшенің арасынан өтетін көлік байланысын қамтамасыз ететін ("Т" әрпіне ұқсас екі қиылыс), көлік құралдарының кіріс жолдарын қамтамасыз ететін негізгі немесе қосымша өтетін жер.
17) объектінің реттік нөмірі - нысан мекен-жайының құрылымдық элементі: жүйелі сандардан тұратын, әріп немесе бөлшек қосылып жазылған, атауы бар (көше, шағ.ауд.т.б.) объектіге тағайындалатын объектінің қарапайым нөмірі;
18) жапсарланған объект (қосымша) - ғимараттар мен имараттарда ғимаратқа жапсарлай салынған, өзіндік дербес функционалдық мақсаты бар объекті;
19) бөлшекті жоспарлау жобасы - бас жоспар негізінде қалалар мен елді мекендер үшін құрылыстың инженерлік - экономикалық және сәулеттік - кеңістікті шешімін айқындау мақсатында жасақталған жоба;
20) өндірістік аумақ - өндірістік мекемелер және соларға байланысты объектілерді, ішкі көлік имараттарын, қала маңы және қала сыртындағы жол байланыстарын орналастыруға арналған аумақ;
21) даңғыл (проспект) - жалпы қалалық маңызы бар магистралды көше немесе магистралды жол;
22) бау, саябақ - жер көлемі 3 га-дан 10 га-ға дейінгі аралықтағы тұрғындардың жалпы демалуына арналған, қаланың немесе селоның селитебті аумағында орналасқан, ерекше абаттандырылған тұйық шекаралармен анықталған көпшіліктің пайдалануына арналған аумақ;
23) санитарлық-қорғаныш аймағы (зонасы) - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй - азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
24) қоныстану аумағы (селитебті) - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациалық аймақтарды (зона) сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға, орналастырылуы мен қызметі арнаулы ерекше санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі;
25) қала ішіндегі бау (сквер) - жер көлемі 3 га-дан аспайтын тұрғындардың жаппай демалуына арналған, қаланың немесе селоның қоныстану аумағында орналасқан ерекше абаттандырылған, тұйық шекаралармен анықталған көпшіліктің пайдалануына арналған аумақ;
26) имарат-жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үдерістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе желілік объекті (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Имараткөркемдік - эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін;
27) тұйық көше (тупик) - тұрғын үй және қоғамдық ғимаратқа, мекемелерге, басқа да қалалық және селолық құрылысқа ішінен көлік құралдарына кіре берісті қамтамасыз ететін, көшелердің араларынан, бұрылмайтын көлік жолдарын құрамайтын негізгі немесе жанама (екінші) өтетін жер ("Т" әрпіне ұқсас бір қиылыс);
28) көрсеткіш - жарық таратқыш, жарық шағылдырғыш, контрасты объектілерді, материалдарды пайдаланумен құрылған, жазулар мен сандарды түсіндіретін, азаматтарды ғимараттың, имараттың және көшелердің орналасуы, тұрған жері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған, бейнені білдіретін белгіленген геометриялық пішіннің түрлі түсті бейнесі;
29) қаланың бөлігі (қала құрылысы элементі), алаң - көше, даңғыл, кең көше, саябақ, бақ, сквер т.б. сияқты қаланың құрамдас бөліктері. Осы Ережеде қаланың бөліктері деп әлеуметтік маңызы бар объектілері (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет т.б.) қарастырылған;
30) тапсырыс беруші мемлекеттік органдар, мемлекеттік, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
31) типтік нобай жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, әшекейлік немесе басқа) шешімнің оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін түрі.
2 тарау. Жер телімдеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер тағайындаудың, орнатудың және пайдалануға қабылдаудың талаптарын белгілеу, елді мекендердің құрамдас бөлімдеріне атаулар беру және қайта атау саласында Мемлекеттік реттеу
2. Жер телімдеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер тағайындаудың, орнатудың және пайдалануға қабылдаудың талаптарын белгілеуді, елді мекендердің құрамдас бөлімдеріне атаулар беруді және қайта атау саласында реттеуді келесі мемлекеттік органдар жүзеге асырады:
1) сәулет органдары;
2) тілдерді дамыту органдары;
3 тарау. Аудандарға, шағынауданға, даңғылдарға, көшелерге және басқа да қалалардың құрамдас бөліктері мен Маңғыстау облысының басқа елді мекендеріне атаулар берудің (қайта атаудың) тәртібі, олардың аттарының транскрипцияларының өзгеруі
3. Облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың бөліктерінің (бұдан әрі - қалалар) және Маңғыстау облысының өзге де елді мекендерінің атаулары, кеңістікте оларды айырып (ажыратып) білу және белгілеу үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы заңнама талаптарында белгіленген тәртібі бойынша тағайындалады.
4. Атаулар тағайындау төмендегідей саты бойынша жүргізіледі:
1) сәулет органдары атаулар тағайындалған немесе атаулары сәйкес келетін, қалалар мен басқа да елді мекендердің тізімін, элементтерінің кеңістіктегі орналасу үлгісі мен шекараларының анықтамасының қосымшасымен тілдерді дамыту органына жолдайды;
2) Тілдерді дамыту органы тоқсан сайын қала құрылысы объектілеріне атаулар және қайта атаулар тағайындау туралы сұрақтар бойынша түскен өтініш, арыздарды қарастырады және Маңғыстау облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінің бөліктеріне атаулар (қайта атаулар) беру мәселелерін талқылау үшін ономастикалық комиссияның отырысын ұйымдастырады;
3) Ономастикалық комиссия өз отырысында тиісті қала және әкімдіктеріне қала құрылысы элементіне атаулар (қайта атаулар) беруді ұсынады және шешім шығарады;
4) немесе қаланың әкімдігі ономастикалық комиссияның қала құрылысы элементтеріне атаулар тағайындау туралы ұсынысымен келіседі және қалалар мен басқа да елді мекендердің бөліктеріне атауларды бекіту туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді, немесе ұсынылған материалдармен келіспей, тілдерді дамыту органына кері қайтарады;
5) немесе қалалық мәслихат қаланың немесе басқа да елді мекеннің бөліктеріне атаулар беру туралы әкімдіктің шешімімен келіседі және қалалар мен басқа да Маңғыстау облысындағы елді мекендердің бөліктерінің атауларын бекітеді немесе әкімдіктің шешімімен келіспей, материалдарды кері қайтарады;
6) қалалар мен басқа да елді мекендердің бөліктеріне атаулар тағайындау туралы немесе қала әкімдіктері мен мәслихаттың біріккен шешімдері, қызығушылық танытып отырған мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелерге, қала құрылысы элементтерінің кеңістіктегі орналасу үлгісі мен шекараларының анықтамасының қосымшасымен жолданады.
Ескерту: 3 тараудың 4 тармағындағы 3), 4), 5), 6) тармақшаларындағы "аудан" деген сөз алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008.08.06 N 734 Қаулысымен.
5. Қаланың бір бөлігі мен басқа да елді мекендеріне әр түрлі атаулар беруге жол берілмейді, тек даңғылдарға (көшелер, проездер)
30 о жоғары бұрылысы болған жағдайда рұқсат етіледі, бұл кезде қала бөлігінің немесе басқа елді мекендердің құрылыс басталған жерінен ерекшеленген атау беріледі.
Бірдей санаттағы әр түрлі қала құрылысы элементтеріне бір атау беруге жол берілмейді.
6. Қала құрылысы элементтерінің (даңғыл, көше т.б.) табиғи тосқауылдармен (өзен, көлшік т.б.) қиылысуы жағдайында пайда болған телімдерге бөлек атаулар беріледі.
7. Қаланың немесе басқа да елді мекендердің аумақтарын сатылап игерген жағдайда, қала құрылысы элементтерін, жекеленген, атаулармен логикалық байланысқан, уақыт ішіндегі сол қала құрылысы элементінің құрылысы мен дұрыс қалыптасқан сатысына сәйкес, жекеленген, бөлек телімдерге бөлуге рұқсат етіледі.
2 Бөлім. Маңғыстау облысы қалалары мен басқа да
елді мекендердің жер телімдеріне, ғимараттары мен имараттарына реттік нөмірлер тағайындау, көрсеткіштерді
пайдалануға қабылдау және орнату
8. Қалалар мен басқа да елді мекендердің жер телімдеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер тағайындау, көрсеткіштерді пайдалануға қабылдау және орнату, Маңғыстау облысы аумағында қалалардың шағынаудандарының, көшелерінің, ғимараттары мен имараттары мен басқа да объектілерінің және басқа да елді мекендердің тұрған жерлерін анықтаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға арналған;
9. Маңғыстау облысы аумағында орналасқан әрбір жер телімінің, ғимараттың, имараттың өзінің бірден-бір тағайындалған мекен-жайы болуы міндетті;
10. Осы Ережеге сәйкес реттік нөмір берілген жылжымайтын мүлік нысандары:
1) жер телімдері (игерілмеген және құрылыс салынған);
2) ғимараттар;
3) имараттар болып табылады.
11. Маңғыстау облысы қалаларының, елді мекендері үйлерінің, ғимараттары мен имараттарының қасбеттеріндегі, даңғылдардың, көшелердің, қысқа көшелердің қиылыстарындағы периметрлер бойынша көрсеткіштердің мынадай үлгілері орналасады:
- көшелердің атауларының көрсеткіштері;
- шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері;
- көшелердің қиылыстарында орналасқан көше атауларының бұрыштама көрсеткіштері;
- ғимараттар, имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері.
12. Көрсеткіштердің типтік үлгісі тілдерді дамыту органдарының келісуімен сәулет органдарымен беріледі.
13. Маңғыстау облысының қала аумағы мен басқа да елді мекендерінде орналасқан көше атауларының бұрыштама көрсеткіштері, шағынаудандары мен көшелерінің атауларының көрсеткіштері, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері Қазақстан Республикасының "Тілдер туралы" заңының талаптарына, белгіленген тәртіп бойынша бекітілген, осы Ережемен типтік үлгілерге белгіленген техникалық талаптарға сай болуы керек.
4 тарау. Реттік нөмірлерді тағайындауда қойылатын талаптар
14. Ғимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар, жер учаскелерінің реттік нөмірлері - цифрлардың ретімен жасалатын әріптер (А, Б, В, Г және тағы басқа есімдік болатын әріптерден басқа мысалы "Я" әріпі), алфавиттердің қазақ әріптерін тұратын (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Ң) және айтылуы қиын әріптерді (дыбысталмайтын), не болмаса цифрларға ұқсас әріптерді (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) қосу мүмкіндігі немесе қосалқы белгісі, қосымша толық цифрлар арқылы тұратын объектілер мекенжайларының деректемелері.
15. Ғимараттың, құрылғының, имараттың реттік нөмірлеріне мынадай жағдайларда әріптер қосылады, егер бір жер телімінде бірыңғай сәулет-ансамблін құрайтын немесе бір сәулет-құрылыс кешенінің бөлігі болып табылатын екі немесе бірнеше ғимараттар, имараттар, құрылғылар болса.
16. Ғимараттың, құрылғының, имараттың реттік нөмірлеріне мынадай жағдайларда бөлшек арқылы қосымша толық сандар қосылады, егер ғимараттар, имараттар, құрылғылар кварталдың ішінде орналасып, бірде-бір ғимараттың, имараттың, құрылғының қас беті қалалық магистралға шықпаса. Бұл кезде негізгі реттік нөмір болып, реттік нөмір тағайындалуға тиісті ғимаратқа, имаратқа жақын орналасқан ғимараттың, имараттың, құрылғының реттік нөмірі саналады;
17. Ғимараттың, имараттың және басқа да жасанды құрылғының мекен-жайы мынадай міндетті реквизиттерден тұруы керек: көше атауы, ғимараттың, имараттың, құрылғының реттік нөмірлері.
18. Жер телімдеріне төмендегідей міндетті реквизиттерден тұратын: шағынаудан атауларынан, көше атауларынан, жер телімдерінің реттік нөмірлерінен, шартты мекен-жай тағайындалады.
19. Объектінің мекен-жай құрылымы нысанның түрі мен оның сол жердегі географиялық орналасуымен анықталады, яғни ғимараттар, имараттар, жер телімі.
20. Шағынауданның, өндірістік аумақтың, табиғат қорғау кешенінің (тарихи және сәулет-ескерткіш ансамблі) атаулары, реттік нөмірлері анықталатын объектінің тұрған жері, мынадай жағдайларда объектінің мекен-жайына қосылады, егер объектінің тұрған жері тиісті шағын ауданның, өндірістік аймақтың, табиғат қорғау кешенінің белгіленген шекара аумағында орналасса;
21. Нөмірленетін объектідегі көшенің, даңғылдың, алаңның атауы Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің көшелерінің атауларының ресми тізіміне және нөмірленетін объекті мен жол-көше жүйесінің элементтеріне сәйкес, көшелер, алаңдар, даңғылдардың атауларының түзетілуімен көшелер, даңғылдардың, алаңдардың ресми мекен-жай үлгісіне сәйкес қабылданады;
22. Маңғыстау облысының (Ақтау қаласы кірмейді) қалалары мен басқа да елді мекендерінің көшелерінің атауларының ресми тізімі және Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің көшелері, даңғылдары, алаңдары мен басқа да құрылыс элементтерінің ресми мекен-жай үлгісі Маңғыстау облысының Мемлекеттік Қала құрылысы Кадастрының базасында, сонымен бірге Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағында қала құрылысы объектілері мен элементтеріне атаулар (қайта атау) беру туралы мұрағаттық мәліметтерді қолдана отырып, облыстық ақпараттық жүйесі негізінде облыстық ақпараттар жүйесін жүргізу функциясын атқаратын мемлекеттік мекемелермен немесе кәсіпорындармен электронды түрде құрылады және жүргізіледі.
23. Ақтау қаласының көшелерінің атауларының ресми тізімі және Ақтау қаласының көшелері, алаңдары, кең көшелері, тұйық көшелері мен қаланың басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекен-жай сұлбасы электронды түрде құрылады және Ақтау қаласы аумағының қала құрылысы объектілері мен элементтеріне атау беру туралы мұрағаттық материалдарды қолдана отырып, қалалық ақпараттық жүйесінің негізінде, Ақтау қаласының кадастрлік қызмет базасында қалалық ақпараттық жүйесін жүргізу функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелермен және кәсіпорындармен жүргізіледі.
24. Жер телімінің, ғимараттың, имараттың (сооружения), құрылғының (корпус), құрылыстың реттік нөмірлері, жобалау үшін жер телімін бөлу бойынша рұқсат құжаттарын әзірлеу сатысында немесе объектінің реттік нөмірін облыстық және қалалық ақпараттар жүйесінің мәліметтерімен алдын ала келісім бойынша сәулет органдарымен тағайындалады.
Жер телімінің, ғимараттың, имараттың, құрылыстың реттік нөмірлері, жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде қаланың немесе елді мекеннің объектілерінің нөмірлері 10 бірліктен жоғары деңгейде жоғалады.
25. Реттік нөмірлерді тағайындау мен магистралдар бойында орналасқан және оңтүстіктен солтүстікке дейін үздіксіз құрылысты құрайтын ғимараттарды (үйлерді) нөмірлеу, көшенің оң жағынан жұп сандармен және сол жағынан тақ сандармен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.
26. Реттік нөмірлерді беру мен магистралдар бойында орналасқан және батыстан шығысқа дейін үздіксіз құрылысты құрайтын ғимараттарды (үйлерді) нөмірлеу, көшенің оң жағынан жұп сандармен және сол жағынан тақ сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.
27. Әр түрлі категориялы көшелер қиылысында орналасқан ғимараттарға (үйлерге) магистралды көшелердің жіктеуіне сәйкес жоғары категориялы көшелерден реттік нөмірлер тағайындалады.
28. Тең (бірдей) категориялы көшелер қиылысында орналасқан ғимараттарға реттік нөмірлер ғимараттың негізгі қас беті (фасад) көрінетін көшелерден тағайындалады. Егер бұрышқа бір ғимараттың бірдей мағыналы екі қас беті көрінсе, онда реттік нөмір қаланың орталығы бағытына жүретін көшеден тағайындалады. Егер ғимараттың негізгі қас беті ауланың ішінде болса, реттік нөмір ғимарат шеті шығып тұрған көшеден тағайындалады;
29. Алаңның периметрін құрайтын ғимараттарға реттік нөмір тағайындау орталықтан негізгі магистралдан бастап сағат тілінің бағытымен жүргізіледі. Егер бұрыштағы ғимараттың негізгі қас беті болса және жанасатын көшенің бойы айтарлықтай ұзын болса, онда нөмірлеу алаң бойынша емес, көше бойынша жүргізіледі.
30. Осы Ереженің 27, 28 тармақтары орындалмайтындай қала аумағының жаңа құрылысы қалыптасса, сол аумақтағы үйлер мен ғимараттарға реттік нөмір мен нөмір тағайындау кері, яғни солтүстіктен оңтүстікке немесе шығыстан батысқа қарай, көшенің оң жағынан тақ сандармен, көшенің сол жағынан жұп сандармен нөмірленеді.
31. Сол аумақта орналасқан имараттары мен ғимараттары нөмірленетін жер телімі аумағынан негізгі ғимарат анықталады. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген жіктеуі есебі бойынша анықталады.
32. Жер телімі аумағында орналасқан өзге ғимараттар мен имараттарға Ережеге сәйкес негізгі ғимараттың нөмірі және құрылғы мен құрылыстың қосымша нөмірі тағайындалады. "Құрылғы" немесе "құрылыс" деген белгі қажет болса, жер телімі аумағының функционалдық пайдаланылуының есебімен ғимараттың функционалдық мақсатына қатысты анықталады.
33. Ғимаратты нөмірлеу негізгі ғимараттың орналасу есебімен, жер телімі аумағына негізгі шығатын жерінен бастап жүргізіледі.
34. Заңды немесе жеке тұлғаның жер телімінде жеке меншігіндегі, арендадағы немесе басқа да заттай құқықты бір немесе қосымша жылжымайтын мүлік объектісін жүргізсе, әрбір ғимаратқа құрылғының немесе құрылыстың қосымша нөмірі қосылып сол реттік нөмір беріледі.
35. Бұрын бір жүйелі нөмірмен нөмірленген екі ғимараттың, құрылғының ортасында орналасқан ғимаратқа осы Ережеге сәйкес тиісті объектінің әріп немесе бөлшек қосып жазып ең кіші нөмірін береді.
36. Дербес объекті болып тұрған жанама салынған және жартылай жанама салынған ғимаратқа негізгі ғимараттың нөміріне бөлшек арқылы қосымша бүтін сан қосу арқылы нөмір беріледі.
37. Қоршаулар, төселген жолдар, қазылған шұңқырлар, құдықтар, қоймалар, тротуарларсыз имараттарға сол жерде орналасқан имараттың, ғимараттың немесе жер телімінің (негізгі ғимарат жоқ болған жағдайда) нөміріне "құрылғы" деген көрсеткішті қосып нөмір береді.
38. Игерілген, бірақ әлі нөмірленбеген жер теліміне сол жер телімі ішіндегі имараттар мен ғимараттардың нөмірі беріледі.
39. Бір жер телімінің ішінде өзге де объектінің ғимараттары, имараттары орналасқан жағдайда жер теліміне негізгі ғимараттың, имараттың нөмірі беріледі.
Ал игерілмеген жер телімдеріне осы Ережеге сәйкес қарапайым реттік нөмір беріледі, ол кезде мынадай шарттарды сақтау керек: әрбір жер телімі өзінің бірден-бір нөміріне ие және жер телімдеріне реттік нөмірлер жер телімдері белгілерінің сол немесе өзге қала құрылысы бірліктеріне (көше, алаң, проспект т.б.) тиістілігі негізінде тағайындалады.
40. Игерілмеген, нөмірленген жер телімінен жаңа ғимарат, имарат салғанда, салынған нысанға нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтау шарты бойынша сол жер телімінің шартты реттік нөмірі немесе осы Ереженің талаптарының орындалуымен жаңа жеке реттік нөмір тағайындалады.
41. Қайта салынған ғимаратқа реттік нөмір беру және қолданыстағы объектілердің реттік нөмірлеріне өзгеріс енгізу сәулет органымен, облыстық және қалалық ақпараттық жүйенің бөлшекті жоспары жобасының мәліметтері негізінде жүргізіледі.
42. Мемлекет қажеттілігі үшін алынатын жер телімдеріндегі қарқынды бұзу аумақтарында, жобаланып жатқан ғимараттар (имараттар) үшін реттік нөмірлерді сақтап қою рұқсат етіледі.
5 тарау. Мекен-жай құрылымының стандарты
43. Объектінің мекен-жай құрылымы мынадай талаптарға сай болуы керек:
мекен-жай реквизиттері дедуктивті әдіспен (жалпыдан жекеге) қатаң нақтылы жүйеде жазылумен көрсетіледі;
объектінің мекен-жайы, ":" жалғауынан кейінгі, "мекен-жай"; атауынан кейін келетін реквизиттерден тұратын атаулы бөлім болып табылады;
объектінің мекен-жайы мемлекеттік, орыс және басқа да тілдерде жазылады;
объектінің мекен-жайын жазғанда қала құрылысы элементтерінің санаттарын қысқартуға болады:
аудан - (ауд.);
шағынаудан - (шағ.ауд.);
жағалау алаң - (жағ.);
аллея - (алл.);
даңғыл - (даң.);
тұйық көше (тупик) - (тұй.к.);
трасса - (тр.);
проезд - (пр-д.);
нысанның мекен-жайын жазғанда қаланың немесе әкімшілік ауданның атауын толық жазуға болады, сонымен бірге қысқартуларды да пайдалануға болады, мысалы: қала (қ.), аудан (ауд.);
мекен-жай жазғанда қала құрылысы элементтерінің бекітілген элементі (шағын аудан, көшенің, алаңнан) толық көшірілуі керек, мысалы:
мекен-жай: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Тобанияз көшесі, 100, 52 пәтер;
мекен-жай: 28 шағын аудан, 5 үй, 34 пәтер;
мекен-жай: "Юбилейный" шағынауданы, 3 б .
44. Бір объектіге қаланың әр бөлігінен немесе басқа елді мекеннен бірнеше мекен-жай тағайындауға жол берілмейді.
6 тарау. Ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер көрсеткіштерін, шағынаудан мен көше атауларының көрсеткіштерін, көше атауларының бұрыштама көрсеткіштерін қондырудың талаптары 1. Жалпы талаптар
45. Ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлері, көшелер мен шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері үйлердің қас бетінен төмендегідей тәртіпте қойылады:
1) қайта салынған ғимараттарды пайдалануға тапсыру кезінде:
тапсырыс беруші облыстық және қалалық ақпараттар жүйесінің мәліметтері негізінде ғимаратқа реттік нөмір тағайындайтын және географиялық жағынан мекен-жай тағайындалатын объекті бекітілген проспект, кең көшенің, көшенің дұрыс атауын анықтайтын сәулет органына хабарласады;
Сәулет органынан алынған мәліметтер негізінде тапсырыс беруші көше мен шағынаудан атауларының көрсеткіштерінің үлгісінің (эскиз) жобалау құжаттарымен, ғимараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткішімен тілдерді дамыту жөніндегі органның келісуімен сәулет органдарымен алдын ала келісімі бойынша, өз қаржысының есебінен, осы Ереженің талаптарына сәйкес ғимараттың реттік нөмірлерінің көрсеткіштерін, көше мен шағынаудандардың көрсеткіштерін дайындауды және орнатуды жүргізеді;
2) Ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлері, көшелердің, шағынаудандардың атаулары өзгергенде, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері, көшелер мен шағынаудандар атауларының көрсеткіштерін ауыстыру және орнату (қондыру) облыстық және қалалық "Мекен-жай тізімі" ақпараттық жүйесінің мәліметтері негізінде сәулет органымен жүргізіледі.
46. Ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер, көшелердің және шағынаудандардың атауларының көрсеткіштерін орнату мемлекет қаржысының және инвесторлардың қаржысы есебінен жүргізілуі мүмкін.
47. Қас бетінде көрсеткіш қондырылған ғимараттарды (имараттар) бұзғанда, көрсеткіштің құны ғимараттарды бұзу шығынының құрамына кіреді және бұзуды өзі рұқсат еткен ғимараттың иесіне (балансұстаушы, пайдаланушы, инвестор) белгіленген тәртіп бойынша өндіріп беріледі.
48. Көрсеткіштер жол белгілерімен, ішкі жарнама құралдарымен және олардың екі жағынан қолданылатындай болып орналаспау керек. Көрсеткіштерді бағдаршамдардың тіреулеріне орналастыруға ғана жол беріледі.
49. Көрсеткіштер уақытқа тәуелсіз ажыратылуы тиіс.
2. Көше атауларының көрсеткіштері
50. Көше атауларының көрсеткіштерінің тексті Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнамаларының талаптарына сәйкес болуы керек.
51. Көше атауларының көрсеткіштері қиылыс түзетін, көшеге шығатын ғимараттар мен имараттардың қас беттерінде жер бетінен 2,5 м -ден 3,0 м-ге дейінгі биіктікте, ғимараттың немесе имараттың бұрышынан қиылысқа шығатын жермен 25-30 см ара қашықтықта орналасады.
52. Көше атауларының көрсеткіштері типтік үлгіге сәйкес магистралды жолға шығатын барлық ғимараттар мен имараттардың қас беттеріне орнатылады.
3. Шағынаудандар атауларының көрсеткіштері
53. Шағынаудандар атауларының көрсеткіштері шағынаудандарға жататын және шағынаудандарды шектейтін көшенің қиылысында орналасқан ғимараттар мен имараттарға немесе көшенің түйіскен жерінде шағын ауданды шектеулі көшелермен шағынауданға шығар жолды шектейтін шартты көшенің түйіскен жерінде орналасады.
54. Шағынаудандар атауларының көрсеткіштері ғимараттар мен имараттардың қас беттерінде жер бетінен 2,5 м- ден 3 м-ге дейінгі биіктікте, ғимараттың немесе имараттың бұрышынан көшенің түйіскен немесе шартты түйіскен жеріне дейінгі 25-30 см ара қашықтықта орналастырылады.
55. Шағынаудан атауларының көрсеткіштері шағынаудандар атаулары көрсеткіштерінің типтік үлгісіне сәйкес, шағынаудандарды шектейтін, жылдамдықты және реттелетін қозғалысты магистралды жолдарға, ауданаралық және жалпықалалық маңызы бар магистралды көшелерге, аудандық маңызы бар магистралды көшелерге, жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдарғашығатын ғимараттар мен имараттардың қас беттеріне орнатылады.
56. Ғимараттар, имараттардың қас беттеріне шағынаудан атауының көрсеткіші орнатылған жағдайда көшенің атауының көрсеткіші орнатылмайды.
4. Нысандардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері
57. Ғимараттар, имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері әрбір ғимараттың немесе имараттың қас бетінің сол жағынан көшенің тақ жағына, қас беттің оң жағынан көшенің жұп жағына, жер бетінен 2,5 м-ден 3,0 м-ге дейінгі биіктікте, үйдің бұрышынан 25-30 см ара қашықтықта орналастырылады.
58. Ғимараттар, имараттардың қас беттерінде шағынауданның немесе көшенің атауының көрсеткіштері орналасса, ғимараттар немесе имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері шағынауданның және көшенің атауының көрсеткішінен соң көлденең осі бойынша орналастырылады.
59. Ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері шағынаудандар мен кварталдар ішінде ішкі кварталға өтетін жерге шығатын, жер бетінен 2,5 м-ден 3,0 м-ге дейінгі биіктікте, үйдің бұрышынан 25-30 см ара қашықтықта, ғимараттар мен имараттардың қас беттерінің сол жағынан, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштерінің типтік үлгісіне сәйкес орналастырылады.
5. Көше атауларының бұрыштама көрсеткіштері
60. Көшелердің түйіскен жерлерінде орналасқан көше атауларының бұрыштама көрсеткіштері (аншлаг) көшенің түйіскен жерінде орналастырылады және 4 м- ден аспайтын биіктікте темір тіреулерден орнатылады.
7 тарау. Қосымша талаптар
61. Жер телімдеріне, ғимараттар мен имараттарға тағайындалған реттік нөмірлер туралы мәліметтер облыстық және қалалық "Мекен-жай тізімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркелуге жатады.
62. Жеке тұлғаның меншігіндегі уақытша мақсаттағы нысандарға, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға және гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, бау-бақша телімдерінің құрамына кіретін, қала және басқа елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілеріне реттік нөмірлер тағайындалмайды.
63. Уақытша мақсаттағы нысандарға өздерінің жеке реттік нөмірлері иеленбейді, бірақ қасында орналасқан тұрақты тұрақты реттік нөмірі бар объектіге қатысты оның тұрған жері анықтамамен анықталады.
64. Гараж кооперативтерінің құрамына кіретін гараждардың, қоғамдықтардың, сәйкесінше бау-бақша қоғамдықтарын құрайтын бау- бақша телімдерінің тұрған жерлері, осы кооперативтер мен қоғамдықтардың басқару органдарының шешімдерімен, әрбір объектіге жеке нөмір беру арқылы анықталады. Тиісті басқару органдары болмаған жағдайда жеке нөмір тағайындау сәулет органдарымен жүзеге асады.
65. Мекемелердің дайындаған және жасақтаған объектілердің реттік нөмірлері туралы мәліметтері құжаттарға толтыру кезінде, ғимараттар мен имараттардың, жер телімдерінің реттік нөмірлерін өз еркінше жазуға рұқсат етілмейді.
66. Ғимараттар мен имараттардың қас беттерінде орналастырылған көрсеткіштерде Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамаларының және осы Ереженің талаптары бұзылған болса, тапсырыс берушімен демонтаждалады (жөнделеді).
67. Ғимараттар мен имараттардың меншік иелері (балансұстаушылар) шағын - аудандар мен көшелердің көрсеткіштерін, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштерін жөндеп ұстауды қарастырады.
68. Шағынаудандар мен көшелердің көрсеткіштері, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері істен шыққан, бұзылған, ескірген немесе жоғалған жағдайларда меншік иесімен ауыстырылады.
69. Ғимараттар мен имараттардың меншік иелері, көрсеткіштер орналастырылған объектіге оларды орналастыруды, ұстауды, пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлеріне кедергісіз еркін кіруді қамтамасыз етеді.
3 Бөлім. Қала құрылысы элементтері атауларының немесе объектілердің реттік нөмірлерінің өзгерісінен(өзгерткеннен)
кейінгі заң жүзінде куәландырылатын және басқа
да құжаттарына өзгерістер енгізудің
ТӘРТІБІ
70. Құжаттарға белгіленген өзгерістерді енгізу заңды және жеке тұлғаның ықыласымен немесе тіркелген органдағы мүлікке қатысты қандай да болмасын келісім-шарт мезгілінде жүргізіледі.
4 Бөлім. Қорытынды ережелер
71. Ережеде қамтылмаған қатынастар (әрекеттер) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен реттеледі.