Түпқараған аудандық мәслихаты мен Түпқараған ауданы әкімдігінің Форт Шевченко қаласының шекарасын белгілеу туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабы 2 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жалпы жер аумағы 28649,0 га болатын, шешім мен қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Форт Шевченко қаласының шекарасы белгіленсін.
2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Ж. Сүйінов Қ. Көшербаев
Облыстық мәслихат хатшысы
Б. Шелпеков