Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының шекарасын белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 10/124 шешімі мен Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы N 2235 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 12 қаңтарда N 2039 тіркелді.

      Түпқараған аудандық мәслихаты мен Түпқараған ауданы әкімдігінің Форт Шевченко қаласының шекарасын белгілеу туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабы 2 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Жалпы жер аумағы 28649,0 га болатын, шешім мен қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Форт Шевченко қаласының шекарасы белгіленсін.
      2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Облыс әкімі
      Ж. Сүйінов                              Қ. Көшербаев

      Облыстық мәслихат хатшысы
      Б. Шелпеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады